Файл: 1жргізуші лия, 2жргізуші Шынар) (Марш. Табличкамен командалар кіреді).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



(1-жүргізуші Әлия , 2-жүргізуші Шынар)

(Марш. Табличкамен командалар кіреді)
1-жүргізуші:

Армысыздар, аса құрметті спорт сүйер қауым!!!
2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырлып отырған «Асық ату» сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
1-жүргізуші:

Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
2-жүргізуші: 

Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту. Асық ойнау оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулиды.

1-жүргізуші:

Бүгінгі өткізгелі отырған сайысымыздың басты мақсаты оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.


2-жүргізуші: Бүгінгі міндетіміз асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшеліктерін білу.

1-жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
2-жүргізуші: Спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні

1-жүргізуші: Сөз кезегі _________________________________________________________________

2-жүргізуші: Сөз мектеп директоры Мамыров Жарас Қалиасқарұлына беріледі.

1-жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 

(Ән )

1-жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!- демекші сайысымыздың шарттары бойынша мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бейсенов Азат Тоқтамұратұлына сөз беріледі.