ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Подстепный қазақ жалпы білім беретін мектебінің
ПІКІР
Каирбекова Меруерт Бериккановна 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары, педагог-сарапшы санаты бар мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс - жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз.
Каирбекова Меруерт заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сенімім мол.
Пікір жазған
Бастауыш ӘБ жетекшісі
Дуйсенбиева Сәуле Кекиевна
ПІКІР
Каирбекова Меруерт Бериккановна бастауыш сынып мұғалімі. Ол осы мекемеде еңбек еткен 10 жылдай уақыт аралығында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, қалалық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін 1 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс — жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш — жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын
Меруерттің еңбегі ерекше.
Қаламызда өтілетін семинарларға, форумдарға қатысып, алған білімі мен әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолданып, әріптестерімен бөлісіп отырады. Атап айтсақ биылғы жылда Ш.Уалиханов жеке меншік мектебінде өткен «Шебер ұстаз» атты форумына қатысып, алған білімін тиімді әдістерді әріптестерімен бөлісті. Сонымен қатар халықаралық
Сонымен қатар Меруерт сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі. Сынып жетекшілер арасында әртүрлі байқаулар ұйымдастырып, әдістемелік отырыстарда сынып жетекшілерге әдістемелік ақпараттармен бөлісіп отырады. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Меруерт ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім. Ол педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр.
Пікір жазған
Директордың оқу ісі
жөніндегі меңгерушісі:
ПІКІР
Каирбекова Меруерт Бериккановна менің екінші баламның сынып жетекшісі. Өте білімді, шығармашыл ұстаз болғандықтан балаларымның осы ұстаздан алғаш білім алғанына ата-ана ретінде қуаныштымын. Болашақ ұрпағымызға білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беретін білімді ұстаз. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Ұқыптылық пен тазалық Меруерт Бериккановнаның басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.
Меруерт Бериккановна тек оқушыларға ғана емес, сонымен қатар ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямайды. Әр ата – ана жиналыстарында, жалпы ата-аналармен қарым-қатынас кезінде бала тәрбиесіне, балалардың біліміне байланысты құнды ақпараттар беріп, бағыт – бағдар беріп жүреді.
Меруерт Бериккановна өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оқушы алдында анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, Отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып
, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймын. Меруерт Бериккановна оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болатынымызға сенемін
Меруерт Бериккановнаның еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.
Пікір жазған: 1 «А» сынып оқушысы Кожамуратова Анельдің анасы Ш.Кожамуратова
ПІКІР
Каирбекова Меруерт Бериккановна біздің мектептің тәрбие және білім жетілдіруге үлкен мән беріп келеді. Мектебіміздің сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі ретінде, өзі де сынып жетекші ретінде оқушылар мен ұстаздар арасында абыройлы ұстаз. Меруерт Бериккановна оқушыларды өмірге даярлауға, қабілеті мен бойындағы икемділігін дамытуға, ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын өрістетуді ұйымдастыруға назар аударуда.
Меруерт ұстаз сабақ беретін пәндерін қызықты әрі түсінікті, әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізеді. Сабақты әр түрлі ойындар, машықтық, зертханалық әдіс – тәсілдер, көрнекіліктер қолданады. Мұғалімнің ізденісінің арқасында жаңа технологияларды сабақтарда тиімді қолданады. Оқушы бойындағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтарын қызықты әрі тиімді өтеді. Әріптесімнің жаңа тақырыптың түсіксіз жерлерін, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізеді.
Баян Сабырғалиқызы – мінезі ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім. Ол педагогикалвқ іс – тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз.