Файл: ШО, Абай ауданы, Архат ауылы, С. Бекбосынов атындаы орта мектебі кмм.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ШҚО, Абай ауданы, Архат ауылы, С.Бекбосынов атындағы орта мектебі КММ
Биология пәнінің мұғалімі :Нығыметжанова Г.Қ эл.почта gulzhan.nygymetzhanova.70@mail.ru
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
САБАҚ: §3 | Мектеп: «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нығыметжанова Гүлжан Қымбатқызы | ||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 7 сынып | Қатысқандар саны :8 | Қатыспағандар саны :0 | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жануар ағзаларының қозғалысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||
Дағдылар | Білу,түсіну, қолдану,анализ, синтез, бағалау | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптастырылады (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақ қою, талдау, пікір алмасу үшін қажетті сөздер) | ||||||||||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: | |||||||||||||||||||||||||||
Жалғанаяқтар, талшықтар, кірпікшелер, тері-бұлшық ет қапшығы, жүзбеқанаттар, қанаттар, аяқтар, реактивті қозғалыс | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, экология, физика | ||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Фотопериодизм, ұзақ және қысқа күн өсімдігі, «поляр күні» мен «поляр түні», биоырғақ туралы білімге ие | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған Кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3мин 7 мин | Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен сәлемдесу. Жағымды ахуал қалыптастыру. «Аралдарға саяхат» әдісі арқылы оқушы көңіл-күйін анықтау. Ол үшін оқушылар өздеріне сабақ басында таратылған қайықшаларды (куану, күдік, ойлану, сәттілік) тақтаға ілінген плакатка жабыстыру арқылы көңіл –күйлерін білдіреді. Топқа бөлу. Омыртқалылармен омыртқасыздардың суреттер арқылы 2 топқа бөлінеді.«Суретті жіктеу» әдісі арқылы әр топ алдырындағы суреттер бойынша омыртқалылар мен омыртқасыздардың қалай қозғалатыны туралы айтады, тақырыпты ашады. Мысалы: көбелек ұшады, бақа секіреді, балық жүзеді, қоңыз жүгіреді т.с.с 1 топ: «Омыртқасыздар» тобы 2 топ: «Омыртқалылар» тобы Топ басшысын сайлап, бағалау парақшасы беріледі «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау №1 конверт. Фотопериодизм дегеніміз не?өсімдік үшін маңызы қандай? №2 конверт. Ұзақ және қысқа күн өсімдіктеріне сипаттама бер №3 конверт . «Поляр күні» мен «поляр түні» деп неге аталған, себебін түсіндір №4 конверт . Биоырғақтың ерекшілігі, маңызы туралы айтып бер Бағалау. «Басбармақ» арқылы бағалайды | | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин 10мин 2 мин | Миға шабуыл 1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс. 1 топқа: «Фишбоун» әдісі. Омыртқасыздардың қозғалыс мүшелері 2 топқа: «4 ромб» әдісі. Омыртқалылардың қозғалыс мүшелері 2 тапсырма: Практикалық бөлім. Жұптық жұмыс Бұл тапсырма жұпқа беріледі. Оқушылар берілген суреттер, ылғалды препараттар және электронды оқулықтан омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалуы туралы фильмді көріп, талдайды, қозғалыс мүшелерінің аттарын,қозғалу ерекшеліктерін, қозғалыстың маңызын анықтап, түсіндіріп сипаттап береді. 1-ші жұп. «Қарапайымдардың қозғалуы . 2-ші жұп. Жәндіктердің қозғалуы 3-ші жұп. Балық пен қосмекенділердің қозғалуы 4-ші жұп. Жорғалаушылар мен сүтқоректілердің қозғалуы 5-ші жұп. Құстардың қозғалуы Терминдермен жұмыс: Балық- рыба - fish, Бақа – лягушка - anuran frog, Т оптар бір- бірін «2 Жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды Сергіту сәті. «ХА» жаттығуы | Ватман, маркер, стикер, ! | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 6 мин 2 мин 2 мин | Бекіту Жеке жұмыс. 1-тапсырма. «Сәйкестендіру тест
2-тапсырма «6 сөз» әдісі Бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізеді Кері байланыс. «Аралдарға саяхат» оқушылар сабақ барысында саяхат жасаған аралдардан басқа аралдарға өту арқылы көрсетеді. Мысалы, сабақ басында – ойлану аралы, сабақ соңында - үйрену немесе сәттілік аралы. Үйге тапсырма: §37 оқу Жануарлардың қозғалысы туралы қосымша мәліметтер. | | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Оқушылар мәтінмен жұмыс барысында, «фишбоун», тірек-сызба» әдісі арқылы тапсырмаларды орындап, қозғалыс түрлерін,ерекшеліктерін ажырата алады.Басым көпшілігі қозғалыстың маңызын, ерекшеліктерінің мекен ортасымен байланысын салыстыра алады. Бұл әдісте оқушыларда топпен бірлесе жұмыс жасау, қарым-қатынас дағдалары қалыптасады. Кейбір оқушылар «суреттерді жіктеу, электронды оқулық» арқылы қосымша ақпарат көздерін зерттеп қозғалыстың жануарлар өміріндегі маңызы туралы айтып түсіндіреді.Оқушыларда қарым-қатынас, жеке, топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Топтық жұмыстан кейін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Сабақ барысында сабақ мақсаттарына жетуге байланысты әр тапсырманың соңында тиімді кері байланыс бере отырып,топ басшысының бағалауы, бірін – бірі бағалау «Басбармақ», «Бағдаршам» арқылы өзін - өзі бағалау жүріп отырды. | Пəнаралық байланыс – География, физика,экология, АКТ . | |