Файл: Мектеп Шо бб скемен аласы бойынша бб 49 жббм кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Мектеп:

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша бб “№49 ЖББМ” КММ

Ортақ тақырып: Бөлімше:

Бізді қоршаған әлем

6.3. Жергілікті жерді бағдарлау. Тұсбағдар құрылғысымен

Педагогтің аты-жөні:

Каирбаева Н.М

Күні:07.11.2022ж




Сынып:

Қатысушылар саны:1

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бағдарлау дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес

оқыту мақсаттары

6.3.1.1 – жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау.

ЕБҚ (1-топ) оқушы үшін сабақтың мақсаты

Ойлау деңгейінің дағдысы

  • жергілікті жерде бағдарлай білудің маңызын түсінеді;

  • жергілікті белгілері бойынша көкжиек тұстарын бағдарлай алады.





Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ФТ. Мұғалім сабақтың басын ұйымдастырады.

– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар!

Қоңырау сыңғырлап, сабаққа шақырды,

Сабақта болыңдар зейінді, ақылды!

Табиғатпен дос болып, құпиясын білуге,

Үйреніңдер бақылап, жұмбақтарын шешуге.

Сәлемдеседі, сабақтың тақырыбымен танысады.


Гамбергер әдісі арқылы бағалау

Оқушының жұмыс дәптері, қалам-қарандашы








Мұғалім сабақтың тақырыбын

хабарлайды: – Бүгінгі сабақта үлкен әрі қызықты жұмыс күтіп тұр. Біз

бағдарлауды үйренеміз.










Ортасы

ФТ.Ұ Мұғалім әңгіме ұйымдастырады:

– Мектеп ауласы мен мектепте жақсы бағдарлай аламыз ба, соны қайталайық. Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер оларды шешіп, қайда орналасқанын айтып, оларға

жол сілтейсіңдер.

Әңгімелеседі.





Жұмбақтар




Мектеп маңын қоршаған

Балаларды қорғаған. (Мектеп дуалы)

Жұмбақтарды шешеді.







Аулада мектептің Әдемі боп өседі.

Өсіп қана қоймайды, Күзде жеміс береді.

(Жеміс ағаштары)










Заттарыңды қалдырып, Сабағыңа барасың.

Үйге қайтар кезіңде

Қиындықсыз аласың. (Гардероб)










Ойшылдар мен білімпаздар мекені, Онда байлық ғасырларға жетеді. (Кітапхана)










Секіріп, жүгіріп, Жаттығу жасайтын,













Мектепте жайлы орын, Денсаулықты шыңдайтын.

(Спортзал)

Сахнасында ән салып, Мереке өтетін Арнаулы орын бар,

Атын оның табыңдар. (Акт залы)
Үзілісте барамыз,

Ас мәзірін қараймыз.

Тамақтанып болған соң,

Сыныптарға тараймыз. (Асхана)

Денсаулықты тексеріп, Медбике апай жүреді. Арнаулы бір бөлме бар,

Балалар оны біледі. (Медкабинет)

– Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепте жақсы бағдар жасай аласыңдар. Бірақ көшеде, бейтаныс жерде қалай бағдарлауға болады?


ФТ. Мұғалім оқулық бойынша жұмыс ұйымдастырады.

  • Балалар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Айналаңды бағдарлау не үшін қажет?

  • Көкжиек дегеніміз не?

  • Көкжиектің қанша тұсы бар?





Оқушы дәптерімен

жұмыс. А. тапсырмасын орындау.

Оқулық бойынша жұмыс орындайды.


Тапсырма. Критерий А. Венгр сөзжұмбағын шешеді.

Дескриптор

  1. Венгр сөзжұмбағынан сабақ тақырыбына

қатысы бар сөздерді табады.

  1. Бір сөздің торларын бір түспен бояйды.

Тапсырма. Критерий

В. Сұрақтарға жауап береді. Бағыттаушы сызықтарға көкжиек


Оқушы дәптері

Оқулық








  • Көкжиек тұстарын білу не үшін қажет?

  • Қандай мамандық иелеріне көкжиек тұстарын білу қажет?

  • Көкжиек тұстарын қалай анықтайды?

  • Әр оқушы кез келген жерде, кез келген ауа райында тез әрі дұрыс бағдарлай білуі қажет. Оған

жергілікті жердегі белгілер (ерекше айқын белгілер) көмектеседі.

Жергілікті белгілерге ағаштар, құрылыстар және т.б. жатады.

Ж. Оқулықтағы суреттерді қарастырып, жергілікті белгілер бойынша бағдарлау туралы

қорытынды жасаңдар (оқушыларға экран арқылы көрсетуге болатын кесте ұсынуға болады).

ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

Бір, екі, үш

Жинап алдық күш,

Енді сабаққа ораламыз (балалар парталарына отырады).



Суреттерге қарап, жергілікті белгілер бойынша бағдарлау туралы қорытынды

жасайды (оқушыларға экран арқылы көрсетуге болатын кесте ұсынуға болады).


Сергіту жаттығуын орындайды.

тұстарын жазады.

Дескриптор

  1. Сұрақтарды оқып, суреттерді қарастырады.

  2. Жергілікті белгілері бойынша көкжиек тұстарын қалай

анықтауға болатынын айтады.

  1. Жергілікті белгілерге қарап, бағдарлай білудің қажеттілігін айтады.

  2. Бағыттаушы

сызықтарға С.О. деп жазады.

  1. Өз жауаптарын негіздейді.

Тапсырма. Критерий С. тұсбағдардың суретін салып, оның не үшін қажет екендігін айтады. Дескриптор

  1. Әртүрлі дереккөздерден тұсбағдардың не

екендігін біледі.

  1. Тұсбағдар дегеннің не екендігін айтады.

  2. Тұсбағдардың суретін салады.


Суреттер




Соңы

Ж. Мұғалім оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды тексеруді

ұйымдастырады.

ФТ. Рефлексия

  • Сабақта біз нені үйрендік?

  • Бүгін қандай сұрақтарға жауап бердік?

  • Жаңадан нені білдік?

  • Ол үшін біз не істедік?

  • Сабақта не ұнады?

  • Сабақтағы жұмыстарыңа баға беріңдер.

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындау.

Аталғандардың ішінен таңдайды.

ҚБ. – Жарайсыңдар, балалар!

Барлықтарыңа сабақтағы

жұмыстарың үшін алғыс айтамын!

Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Үйренгендерімен бөліседі.

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындайды. Сабақтағы өз жұмысына баға береді. Белсенді

жұмыс істедім. Жақсы жұмыс істедім. Бұдан да жақсы жұмыс істеуге

болушы еді.

ҚБ


Оқушы дәптері

Оқушы дәптері