Файл: Студентті зіндік жмысыны таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына

«Химиялық-фармацевтикалық өндірістің үдерістері мен аппараттары» пәнінен

студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) тапсырмалары

2022-2023 оқу жылы, көктемгі семестр, 2 курс, 5 кредит
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы: курстық жобалауды орындау.

Сабақтың мақсаты: студенттер жеке тапсырманы (ЖТ) орындау арқылы гидродинамикалық, жылу-, массаалмасу үдерістерінің теориялық тұжырымдарын қолданып, есептеулерін жүргізіп, аппаратуралық өңделуін, техника-экономикалық есептеулерін жасап, курстық жобаны тапсыру.

Сабақтың тапсырмалары:

1-1 тапсырма: Атмосфералық қысымға қарағанда сиретілген жағдайда ∆р жұмыс жасайтын реактордан газ t0 температурамен шығып, циклонда шаңнан тазартылады, одан әрі адсорбенттің моносфералы бөлшектерінің қозғалмайтын қабаты бар адсорберге келіп түседі.

Газдың жұмсалу мөлшері G, кг/с. Адсорберге келіп түспестен бұрын газ қаптама құбырлы жылуалмастырғышта салқындатылады, жылуалмастырғыштың сипаттамалары келесідей: қаптама диаметрі Dқ, құбырлардың ұзындығы l, штуцерлер диаметрі dш, құбырлардың диаметрі dқ = 25×2 мм. Адсорбер диаметрі D, адсорбент қабатының биіктігі Н, адсорбент бөлшектерінің диаметрі d.

Гидравликалық желі модулі m қалыпты диафрагмадан, ысырмадан n1, 900 (R0/dқ = 4) бірқалыпты бұрылыстан n2 құралады. Құбыр желісінің жалпы ұзындығы L. Желіден шығардағы (1.37 сурет, 87 бет, 1-әдебиет) қысым атмосфералық.

Болаттан жасалған құбыр желісінің оңтайлы диаметрін және газдың берілген жұмсалу мөлшерін қамтамасыз ететін желдеткішті таңдаңыз (1.3, 1.4-кестелер, 88 бет, 1-әдебиет). Реактордан жылуалмастырғышқа дейінгі гидравликалық желінің ең ұзын L1 бөлігі үшін құбыр диаметрі таңдалады. 1 кВт∙сағ электр энергиясының құнын 1.30 мысалдан қараңыз. (Бағаның өзгеруі есептеу негізіне әсер етпейді). Газ бір бағытты жылуалмастырғыштың құбырларының ішіне немесе бөгеттері жоқ құбыр аралық кеңістігіне берілуі мүмкін.


1-1 тапсырманың бастапқы берілген мәндері:

п/п

Тазартыла-тын газ

G, кг/с

D, м

Н, м

t0, 0С

t1, 0С

L, м

L1, м

d, мм

m

n1

n2

р, Па

Dқ, мм

l, м

dш, мм

1

Ауа

0,5

1,5

2

100

25

200

120

3

0,4

2

16

500

400

6

147

2

Ауа

0,5

1,8

4

120

30

300

240

5

0,5

2

10

200

400

6

147

3

Ауа

0,5

1,2

3

150

40

350

280

3

0,6

4

15

300

400

6

147

4

Ауа

1,2

2,5

4

150

20

250

180

3

0,4

4

14

300

600

6

207

5

Ауа

1,5

2,8

5

180

30

200

160

5

0,5

3

15

350

600

6

207

6

Ауа

1,0

2,2

3

200

35

300

180

3

0,6

2

16

500

600

9

207

7

Ауа

1,8

2,5

5

160

30

250

150

3

0,3

3

8

150

800

6

259

8

Ауа

1,5

2,0

6

180

40

200

120

4

0,4

4

10

200

800

6

259

9

Ауа

2,0

2,5

3

200

35

250

180

5

0,5

3

14

300

800

9

259

10

Ацетилен

1,2

2,0

6

180

40

400

280

5

0,4

4

10

400

600

9

207

11

Ацетилен

2,0

3,0

4

140

25

350

220

6

0,5

5

18

200

800

6

259

12

Көміртек диоксиді

0,8

1,6

4,5

180

30

400

250

4

0,4

3

18

400

400

9

147

13

Көміртек диоксиді

0,8

1,4

2,5

200

35

350

220

6

0,3

5

12

500

400

9

147

14

Көміртек диоксиді

1,0

2,0

3

120

25

300

200

4

0,6

6

10

250

600

6

207

15

Көміртек диоксиді

1,8

2,2

5

220

25

350

250

6

0,6

2

16

400

800

9

259




1.37-сурет. 1-1 тапсырмаға берілген қондырманың сызба-нұсқасы:

Р – реактор, Ц – циклон, Т – жылуалмастырғыш, З – ысырма,

Д – диафрагма, Ад – адсорбер, В – желдеткіш

Өзіндік жұмысты студенттер 15 апта бойына төменде берілген тапсырманы жеке нұсқа бойынша (топтың тізімі бойынша бөліп аласыздар) орындайтын болады.

Курстық жобаны өңдеу талабы: шақпақ бетті дәптерде орындап, силлабуста көрсетілен күнтізбеге сәйкес оқытушыға тапсырманы өткізу қажет (барлық есептеулер бір дәптерде болу үшін 18 беттік дәптер арнаңыз).

Өзіндік жұмыстың есептеулерін тапсыру реті:

3 аптада зертханалық сабақта оқытушыға келесі сұрақтар бойынша есептеулер тапсырылуы қажет (№ 1 СӨЖ тапсыру):

1) Газ тығыздығын температураға тәуелді анықтау.

2) Құбыр диаметірін анықтау.

3) Газ жылдамдығын анықтау.
Максималды балл – 10.
6 аптада зертханалық сабақта оқытушыға келесі сұрақтар бойынша есептеулер тапсырылуы қажет (№ 2 СӨЖ тапсыру):

1) Ең ұзын бөліктің ұзындығы бойынша үйкеліске кететін қысым ысыраптарын және гидравликалық желідегі жергілікті кедергілерді анықтау.
Максималды балл – 20.
10 аптада зертханалық сабақта оқытушыға келесі сұрақтар бойынша есептеулер тапсырылуы қажет (№ 3 СӨЖ тапсыру):

1) Жылуалмастырғыш аппаратындағы есептеулерді жүргізу үшін сіздер өздеріңіз таңдайсыздар газ жылуалмастырғыш құбырларымен немесе құбыраралық кеңістікпен қозғалатындығын. Егер газ бір жүрісті қаптамақұбырлы жылуалмастырғыштың құбыр аралық кеңістігіне берілсе, онда балама диаметрді есептеу қажет. Тапсырманың берілген шартындағы жылуалмастырғыш құбырларының диаметрі мен қаптама диаметрі бойынша тиісті кестеден құбырлар санын білесіздер.

2) Қаптамақұбырлы жылуалмастырғыш аппаратындағы гидравликалық кедергілердің салдарынан туындайтын қысым ысыраптарын анықтау.
Максималды балл – 15.
14 аптада зертханалық сабақта оқытушыға келесі сұрақтар бойынша есептеулер тапсырылуы қажет (№ 4 СӨЖ тапсыру):


Адсорбердің есептеулері:

1) Адсорбердегі газ жылдамдығын анықтау.

2) Адсорбердегі қысым ысыраптарын (гидравликалық кедергілерді) анықтау.

3) Жалпы қысым ысыраптарын (гидравликалық кедергіні) есептеу және желдеткішті таңдау.

4) Экономикалық жұмсалуларды есептеу.

5) Таңдап алынған желдеткіштің сипаттамаларын жазу.

Максималды балл – 15.
Әдебиеттер:

1. Романков П.Г., Фролов В.П., Флисюк О.М. Методы расчета процессов и аппаратов химической технологии (примеры и задачи). СПб.: ХИМИЗДАТ, 2009. С. 78-90; 481-541.

2. Основные процессы и аппараты химической технологии: Пособие по проектированию/ Г.С. Борисов, В.П. Брыков, Ю.И. Дытнерский и др. Под ред. Ю.И. Дытнерского, 2-е изд., перераб. И дополн. М.: Химия, 1991. – 496 с.

3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии, М., 1973. – 752 с.

4. Ешова Ж.Т. Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 237 б.

5. Ешова Ж.Т., Акбаева Д.Н. Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 326 б.