ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып сағаты : « БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ»
Сабақтың мақсаты: Оқушларды Отанды сүюге, құрметтеуге, еліміздің рәміздерін қастарлеуге ,білімге ұмтылуға , еңбекке баулу.Тіл байлығын молайту, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін дамыту. Өтілу түрі: Дөңгелек үстел, топтық жұмыс. Қатысатын сыныптар: 3"Б" Көрнекіліктер : Слайд,презентация, плакат,пламастер, стикерлер. Музыкалық және бейне көркемдеу интерактивті тақта, слайд Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары | |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Қазақстан Респуликасының гимні орындалады. (аудиозапис қосылады.) Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Алдымен Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтің « БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ» туралы жастарға үндеуінен үзінді көрсету, тыңдату. Мұғалім: Гүлзира апай Бір шаңырақ астында, Қазақстанда тұрамыз. Бірге сайран құрамыз, Бір үйде біз тұрамыз. Мұғалім : Мақпал апай Құт, береке - шаңырақ, Орын алған ол төрде. Билігім өз қолымда- Еркіндігім- Елімнің! Біздің Отанымыз - ҚАЗАҚСТАН. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы, елтаңбасы болады.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. - Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр. - Мынау – елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, қос пырақ, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. - Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ? - Нұрсұлтан қаласы | Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді. 3"Б" сыныбы орындыққа отырады. | презентация | |
Сабақ басы (13 мин) | - Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер. Осы тұста біз сіздерді топтық жұмыс орындауға шақырамыз. Әр топқа тапсырма беріледі. 4"Ғ" сыныбы. 1-топ. Рәміздер,суретін салу,айту. 2-топ. Еңбек,мақал-мәтел жазу,айту. 3-топ. Білім,білімді болу үшін не істеу керек ойларын жазу. 4-топ. Отан.Өз ойларын ортаға салу. 3"Д" сыныбына: Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі? Алпамыс Көк туымыз бетінде, Қыран бүркіт қанатты. Сол қырандай еркіндеп, Біз өсеміз талапты. Жаннұр Айнымайды аспаннан, Біздің тудың бояуы. Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды. Айдана Елтаңбасы елімнің , Қандай әйбат әдемі Тұнығындай көңілдің , Ортада аспан әлемі Айша Құт береке шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген. - Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз - Қазақстан. Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. | | плакат, пламастер, стикер. | |
Ортасы (20 мин) | Сұрақ – жауап ойыны. Шарты: Кітаптың суретін сұраққа жауап беру арқылы құрастыру. - Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?(Отан деген менің үйім,туған жерім. Отан деген –Атамекен,Отан деген – Туған жер. Қазақстан – туған ел. -Білімнің кілті не? кітап. -Рәмәздерді атаңдар. -Жалқаудың жаны тәтті, ...... наны тәтті. Еңбектің -Балалар тақтада қандай сурет бейнеленген? Ыбырай Алтынсарин атамыздың сөзімен ашылған кітап екен Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. | | кітап суреті | |
Соңы | -Балалар, сендер өздеріңді жан – жақты екендіктеріңді көрсеттіңдер. Өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар. Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта ,бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз сендер қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен сынып сағатымызды аяқтаймыз. | | | |