Файл: рылымы I. Кіріспе ii. Негізгі блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Реферат

Тақырыбы: Ұлы ағартушылар мен педагогтардың педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері

Орындаған: Абдимахан Құлпынай

Қабылдаған:Гулнара Омарова

Құрылымы

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Педагогика туралы жалпы ұғым

  2. Педагогиканың ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдері мен ғалымдар

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Алғашқы арнайы білім беру құрылымдары Ежелгі дүниенің б.з.д. ІІІ мыңжылдығында пайда болды. Онда білімді оқытудың жеңілдетілген формалары мен тәсілдері болды, мысалы үлкендер үлгісіне еліктеу, көрсеткенді қайталау, бұйрықты орындау, талап еткенге бағыну және т.б. Оқытушы мен білім алушылар арасында осындай қатынас болды. Бұл тәжірибеге сол кезде теориялық талдау болмады. Хат пайда болған кезде сауаттылыққа, оқуға, жазуға үйрену кесте көмегімен жүзеге асырылды. Әліппеге әріптерді қосу әдісі арқылы үйретілді. Оқушылар мәтінді жаттап алып, содан соң сөзбе-сөз қайталап айтатын еді.

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.

  1. Педагогика туралы жалпы ұғым

Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.

Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.

Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.

Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.

Педагогиканың категориялары:Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.

  1. Педагогиканың ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдері мен ғалымдар


Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

Ғылыми педагогиканың қалыптасуына Франциядағы Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Д.Дидро (1713-1784), К.А.Гельвеций (1715-1771), Англиядағы Джон Локк (1632-1704), Швейцарлық Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866), Германиялық Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) еңбектері орасан зор. Орыс педагогикасының басында революциялық-демократиялық көзқарас өкілдері В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889) және В.А.Добролюбов (1836-1861) тұрды. Кеңестік ғылыми педагогиканың қалыптасуына Л.Н.Толстой (1828-1910), Н.И.Пирогов (1810-1881) еңбектері ықпал етті. Кеңестік педагогиканың тұтастай да жүйелі қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің
(1824-1870), Н.К.Крупская (1869-1939), А.В.Луначарский (1875-1933), М.И.Калинин (1875-1946), А.С. Макаренко (1888-1939), В.А.Сухомлинский (1918-1970) еңбектерінің әсері орасан зор. Қазақстандық педагогиканың қалыптасуына басында тұрған қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар

Платон (б.э.д. 427-347ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыдан академия деп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан.

Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар»

Платон балаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды:

    • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мемлекет тағайындаған тәрбиешілердің қарамағында тәрбие алады және тәрбиелеудің негізгі құралы ойын;

    • 7 жастан 12 жасқа дейін оқуды, жазуды, санауды, саз өнерін, ән-күйді үйрететін мемлекеттік мектепке бару;

    • 12-16 жас аралығында дене тәрбиесімен айналысатын мектепке – полестраға қатысу.

    • 16 жастан – арифметиканы, геометрияны, астрономияны оқып үйрену;

    • 18-20 жас аралығында эфебияда арнайы әскери әскери-дене даярлығын алу;

    • 20 жастан бастап ақыл-ой сабақтарында ешқандай қабілеттілігін

    • байқатпаған жастар әскер қатарына алыну;

    • 30 жасқа дейінгі қабілетті жастар философияны, арифметиканы,

    • геометрияны, астрономияны және саз теориясын үйрететін білім берудің жоғарғы үшінші сатысына өту;

    • 35 тен 50 жасқа дейін мемлекетті басқару ісімен айналысу.

Чехтың ұлы ағартушысы, сыныптық-сабақтық жүйенің, дидактикалық принциптердің, пансофияның (табиғат пен қоғам туралы энциклопедия), «дидактиканың алтын ережелерінің» авторы Ян Амос Коменский (1592-1670). Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық-сабақтық жүйе деп белгілеген.

К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы. Еңбектері: «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы», «Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы» (мақала, 1857), «Мектепті құрайтын үш нәрсе» (мақала, 1857) Педагогикалық әдебиеттің маңызы (мақала, 1857), «Ана тілі» (1864), «Балалар әлемі» (1861), «Педагогикалық антропология» (1867) және т.б.

Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді.

Абай Құнанбаев(1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр.
Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.
Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының ерекшелiктерiн сөз ете келiп “Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi… Ал мектеп пен баспада қолданудан қалған тiл – шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды” … дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге елiктей беру зор қате” – дегендi айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.
М.Дулатов өзiнiң “есеп құралы” кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.

Нәзипа Құлжанова (1887-1934)-Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Педагогика жеке адамды қалыптастыру үшін белсенді мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру және оқыту жайлы ғылым. Педагогика –адамның тұлғалық қалыптасуы мен дамуын зерттейтін ғылым саласы.

Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогикамен психологияның табиғи тығыз байланысты болатындығының жарқын дәлелі пәнаралық байланысында. Қорыта айтқанда, педагогиканың қай саласы болмасын, өзерттеулерінде өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйенеді. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. В. А. Сластёнин, И. Ф. Исаев, А. И. Мищенко и др. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений. — М.: «Школа-Пресс», 1997. — 512 с.

  2. Педагогические теории, системы и технологии. Опыт организации творчества студентов. Под ред. А. В. Хуторского. — М.: Изд-во Московского педагогического университета, 1999. — 84 с.

  3. Подласый И. П. Педагогика. — М.: «Просвещение», 1996.

  4. Прокопьев И. И. Педагогика. Избр. лекции. Уч. пособие в 3-х ч. — Гродно: Изд-во ГрГУ, 1997. — 114 с.