Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Семей полигоны 1саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Семей полигоны

1-сабақ.

Бөлім:

2-бөлім: Экология: Яролық және мұнай өндірістері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Семей полигоны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

11.3.4.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

11.4.3.1 - белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды - эстетикалық)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды.

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктейді. Белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Экология» сөзіне қатысты термин сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар. Сөздіктің көмегімен таза ғылыми стильде терминдер глоссарийін жасаңдар.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.




2-тапсырма:

Суреттерге қара. Дайындаған термин сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, экологиялық мәселе туралы ғылыми-көпшілік стильде мәтін құрап айт.

Жазылым-айтылым:



Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым-айтылым дағдысы қалыптасады.
Дескриптор:_Жалпы_–_3_балл.'>Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- термин сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, экологиялық мәселе туралы ғылыми-көпшілік стильде мәтін құрап айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.





3-тапсырма.

Айтыс туралы теориялық мәтіндегі негізгі ұғымдарды теріп жаз. Ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуіне назар аудар. Осы мәтіннің мазмұнына сүйеніп, оның жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне талдау жаса.


Айтылым:

Берілген тапсырманы орындайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым, айтылым дағдысы қалыптасады.

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.

- Айтыс туралы теориялық мәтіндегі негізгі ұғымдарды теріп жазады.

-Ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуіне назар аударады. Осы мәтіннің мазмұнына сүйеніп, оның жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Жеке жұмыс




4-тапсырма.

Қазіргі заман ақындарының айтысынан экологиялық мәселелерге, Қазақстандағы полигонға қатысты ой-пікірлерді тауып, оларға айтысқа қойылатын талаптар бойынша талдау жаса.


Жазылым:

Ә с е л х а н  Қ а л ы б е к о в а :

Тілі жоқ күш қарулар жарылуда,
Полигон Қызылқұмда, Сарықұмда.
Исатай, Махамбеттей батыр болған,
Полигон Еділ, Жайық, Нарыныңда.

Полигон Сарыөзек пен Семейімде,
Сау жер жоқ, бәрін тізіп берейін бе?
Көк жалын күндіз-түні күркірейді,
Бұрқылдап Байқоңырдың көмейінде …
И м а н ғ а з ы Н ұ р а х м е т ұ л ы

…Байқоңырдан «протон» ұшырғандар,
Арқаға құлатады үйінді ғып,
Құлаған протондар сұмдығымен,
Халықты жылатады күйіндіріп.
Бұл күнде протонның аты аталса,
Миынан өтеді елдің құйын жүріп
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Берілген тапсырма бойынша талдау жасайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: