Файл: Емтихан билеті экзаменационный билет 8 Пні бойынша по дисциплине Коллоидты химия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ / ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ

8

Пәні бойынша / по дисциплине «Коллоидтық химия»

Білім беру бағдарламасының (мамандықтың) атауы / Название образовательной програмы (специальности) 6В01504 «Химия» 6B05304 Химиялық криминалистикалық сараптама 6В05302 -«Химия»

1. Коллоидтық жүйелерді алудың пептизациялық әдісінің ерекшелігі неде? Тікелей және жанама петизация дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2.Сорбция дегеніміз не? Адсорбция, абсорбция жете капиллярлық конденсация құбылыстарының ерекшеліктері қандай?
(емтихан сұрақтарын тұжырымдау / формулировка экзаменационных вопросов)
Кафедра меңгерушісі / зав. кафедрой _____________ Б.К.Шаихова

  1. Пептизациялау әдісі.

Кірнелерді коагуляциялау кезінде пайда болған тұнбалардың коллоидтық күйге көшіп, дисперстік фаза бөлшектерін түзуін пептизация деп атайды. Қарапайым жағдайда пептизация тұнбаларды бірнеше рет жуумен жүзеге асуы мүмкін. Бұл кезде тұнбалардағы коагуляцияны болдырған иондар еріткішпен бірге кетеді. Пептизация пептизаторлар деп аталатын арнайы заттардың әсерінен де болуы мүмкін. Оларға БАЗ-дар, үлкен молекулалық қосылыстар, электролиттер, әсіресе көпвалентті иондары бар электролиттер жатады. Пептизаторлар дисперстік фаза бөлшектерінің бетінде адсорбцияланып, оларды қоршайды. Соның нәтижесінде қос электрлік (ҚЭҚ) немесе сольваттық(су болса гидраттық) қабаттар түзеді де, бөлшектер арасындағы тартылу күшін жояды. Дисперстік фазаның дербес бөлшектері дисперсиялық ортаның барлық көлемі бойынша таралып, нәтижесәнде коллоидтық жүйе түзеді. Пептизация тікелей және жанама деп екіге бөлінеді. Егер түйіршік бетіне оларды ажыратпас (бөлмес) бұрын қосылған пептизатор (дәлірек айтсақ, оның иондары) адсорбцияланса, ол тікелей пептизация деп, ал түйіршік бетіне пептизатордың дисперсті фаза заттарымен әрекеттесуінің нәтижесінде алынған өнімі (дәлірек айтсақ, тағы да алынған пептизатор иондары) адсорбцияланса, ол жанама пептизация деп аталады.Енді соларды қарастырайық.

Тікелей пептизация .

Тікелей пептизация мысалы ретінде Fe(OH)3, немесе FeO(OH) кірнесін алып қарастырайық. Онда тұнбада FeO(OH) болады. Оған пептизатор ретінде FeCl3-ті қарастырайық.Бұл кезде пептизатор былайша диссосацияланады.

FeCl3= Fe+3+ 3Cl-

Түзілген Fe+3 ионы бөлшектер бетінде адсорбцияланып, (Панет-Фаянс ережесіне сәйкес) бөлшектерді зарядтап, жүйені жүзгін күйіне көшіреді. Осылайша FeO(OH)- тан коллоидтық жүйе түзіледі.


Жанама пептизация.

Тағы да жоғарыдағы кірнені FeO(OH) қарастырайық. Оған HCl қоссақ ол тұнбаны жүзгін күйге көшіре алмайды. Алайда кірне бөлшектерімен әрекеттесетіндіктен мынадай реакция жүреді.

FeO(OH)+ HCl=FeOCl+H2O

Аралық өнімнің (FeOCl) диссосациясы былай жүреді:

FeOCl= FeO++ Cl-

Түзілген FeO+ дисперстік фаза бөлшектеріне адсорбцияланып, зарядтап , оларды коллоидтық күйге ауыстырады.

2. Сорбция-газдарды, буларды немесе еріген заттарды (сорбаттарды) қатты немесе сұйық сіңіргіштермен (сорбенттермен) сіңіру. Кері процесс десорбция деп аталады.

Сорбцияның әдістері: Абсорбция, Адсорбция (физикалық және хемосорбция) және Капиллярлық конденсация әдістері.

Бөлім беттері шегінде заттардың концентрацияларының өздігінен көбеюі адсорбция деп аталады.Абсорбция дегеніміз қатты заттың немесе сұйықтың бүкіл көлемімен газ немесе буды сіңіруі. Адсорбция мен абсорбция процестері қатар жүргенде қатты материалдардың еріген заттарды, газдарды жұтуы сорбция деп аталады. Сіңіруші заттар сорбенттер және адсорбенттер деп аталады. Газда сіңірілген еріген заттарды сорбаттар және адсорбтивтер деп атайды.

Адсорбциялық тепе-теңдік константасы:

К = CАВА∙СВ

CАВ – беттегі түзілген комплекстің концентрациясы;

СА – белсенді орталықтардың концентрациясы;

СВ–газдың концентрациясы. Ленгмюрдің мономолекулалы адсорбция изотермасының теңдеуі. α = α∙K∙p/(1+K∙p)

α- адсорбциялық қабаттың сыйымдылығы, яғни 1 массалық бірліктегі адсорбциялық орталықтар саны.

Адсорцияны физикалық және химиялық (хемосорбция) деп бөледі. Физикалық адсорбция – беттік процесс адсорбенттің бетімен сутектік байланыс, электростатикалық күш есебінен жүзеге асады.

Физикалық адсорбцияның ерекшеліктері:

  • үлкен жылдамдық,

  • қайтымдылығы,

  • жұтылған заттың Т жоғарылаған сайын мөлшерінің азаюы,

  • адсорбцияның аз мөлшердегі жылуы 8 -20 к. Дж/моль

Химиялық адсорбция – химиялық өзара әсер күші есебінен жүзеге асатын адсорбция. Химиялық адсорбцияның ерекшеліктері:

  • қайтымсыздығы,

  • адсорбенттің табиғатына тәуелді,

  • температураның жоғарылауы хемосорбцияның көбеюіне әкеледі,

  • адсорбция жылуы 800 -1000 к. Дж/моль.

Капиллярлық конденсация
дегеніміз қатты дене (сорбент) қуысында бу сияқты заттардың (сорбтивтердің) конденсациялануы.

Конденсация құбылысы температураға, бу серпімділігіне, капиляр диаметріне, қатты сорбенттің беткі қабатының өзіне сұйық күйдегі сорбтивті жұқтыру қабілетіне байланысты. Ондағы капилляр түтігі жіңішке болған сайын және олардың қабырғасы сұйық күйдегі сорбтивті өзіне жақсы жұқтырғанда да конденсациялану тезірек жүреді.

Капиллярлы конденсация тез жүреді және бірнеше минутта тоқтайды.

Бұл кездегі сорбция изотермасы S – пішінді болып келеді. Капиллярлы конденсацияны поралы сорбенттермен буларды ұстау үшін пайдаланады. Құрғату, топырақта, құрылыс және басқа материалдарда ылғалды ұстап тұру процестерінде үлкен роль атқарады.