Файл: Бухгалтерлік есеп негіздері пнінен тест сратары. Шаруашылы есепті пайда болуына андай себептер ыпал етті .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен тест сұрақтары.
1.Шаруашылық есептің пайда болуына қандай себептер ықпал етті ?

А) тікелей процестерді қадағалау мен бақылау жүргізу үшін

Б) қоғамның мәдени және саяси өмірінің құбылыстарын зерттеу үшін

С) адам өміріне өлшемдер ,кірістер мен шығыстарды санау және салыстыру үшін

Д) міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды алу үшін

2.Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы кітапты қай ғалым және қай жылы жазды ?

А) Лука Пачоли,1494 жылы Б) Адам Смит,1584 жылы

С) Лука Пачоли,1449 жылы Д) Дэвид Рикардо, 1479 жылы

3. Шаруашылық есеп дегеніміз не ?

А) біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу

Б) халық шаруашылығы жоспарының жалпы ел бойынша және әрбір кәсіпорын, ұйым және мекеме бойынша жеке – жеке орындалуын көрсету

С) шаруашылық құралдарды және қаржылық міндеттемелердің нақты барын белгілі бір мерзімге мәліметтерін салыстыру

Д) материалдық құндылықтардың санын есепке алу үшін қолдану

4. Шаруашылық есеп неше түрге бөлінеді ?

А) 2 Б) 4 С) 5 Д) 3

5. Шаруашылық есеп қандай түрлерге бөлінеді ?

А) басқару, қаржы, салық

Б) жедел немесе оперативті,статистикалық,бухгалтерлік

С) статистикалық, салық, қаржылық

Д) басқару, оперативті, бухгалтерлік

6. Шаруашылық әрекеттері мен процесстеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен, оларды қадағалау мен бақылау үшін жүргізу ............. деп аталады.

А) жедел немесе оперативті есеп Б) статистикалық есеп

С) бухгалтерлік есеп Д) шаруашылық есеп

7. Статистикалық есеп дегеніміз не?

А) шаруашылық әрекеттерді қадағалау мен бақылау жүйесі

Б) барлық обьектілерді сандық және сомалық көрсеткіштермен көрсету жүйесі

С) кәсіпорынға тиесілі ақша қаражаттарын жинақтау жүйесі

Д) жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі.

8. Кәсіпорындардың шаруашылық құралдары, міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу және қортындылау жүйесі .................... деп аталады.

А) статистикалық есеп Б) жедел немесе оперативті есеп

С) бухгалтерлік есеп Д) қаржылық есеп

9. Бухгалтерлік есеп қандай түрлерге бөлінеді?

А) қаржылық есеп және басқару есебі Б) басқару есебі және бақылау есебі

С) статистикалық, салық Д) қаржы, бухгалтерлік


10. Шаруашылық есепте қандай өлшегіштер пайдаланылады ?

А) заттай,еңбек,материалдық Б) материалдық, заттай, көлемдей

С) ақшалай,еңбек,біркелкі Д) заттай,еңбек,ақшалай

11. Заттай өлшегіштерге қандай өлшегіштер жатады ?

А) метр, сантиметр, килограмм, тонна, литр, текше метр Б) тиын және теңге

С) сағат,минут,апта Д) жыл,ай,күн

12. Еңбек өлшегіштері қандай мақсатта қолданылады ?

А) есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін

Б) біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін

С) жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеу үшін

Д) есеп шаруашылық әрекеттері мен процесстеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен, оларды қадағалау мен бақылау үшін

13. Ақшалай өлшегіштерге не жатады?

А) метр, сантиметр, килограмм, тонна, литр, текше метр Б) тиын және теңге

С) сағат,минут,апта Д) жыл,ай,күн

14. Кәсіпорынға тиесілі және уақытша кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттары .................. деп аталады.

А) негізгі құралдар Б) кәсіпорынның шаруашылық құралдары

С) меншікті капитал Д) дебиторлық қарыз

15. Шаруашылық құралдарын бухгалтерия неше жақтан қарайды?

А) қаралуы бойынша, тексерілуі бойынша

Б) мерзімі бойынша, мақсаты бойынша
С) орналастырылуы бойынша, құрылу көздері бойынша
Д) қаралуы бойынша, мақсаты бойынша

16. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары орналастырылуы бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

А) өндірістегі қорлар, айналымдағы қорлар
Б) жарғылық капитал, резервті капитал, таратылмаған табыс
С) міндеттемелер, меншікті капитал
Д) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, айналым құралдары

17. Материалдық өндіріс саласында ұзақ уақыт ағымында (бір жылдан көп) қызмет ететін материалдық активтер .................. деп аталады.

А) негізгі құралдар Б) материалдық емес активтер

С) айналым құралдары Д) өндіріс қорлары

18. Негізгі құралдарға не жатады?

А) лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар
Б) ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары,есептеу машиналары мен техникалары


С) өндірістік қорлар (шикізаттар, материалдар, отын, саймандар),құрылыс материалдары, бордақылауға байланған және өсіруге арналған жануарлар
Д) дайын өнім,тауарлар ,бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,жолдағы ақша қаражаты

19. Материалдық емес активтер дегеніміз не?

А) белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі.
Б) бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен қатар айналымға ұшырайтын құралдар жатады.
С) жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың
Д) материалдық өндіріс саласында ұзақ уақыт ағымында (бір жылдан көп) қызмет ететін материалдық активтер.

20. Материалдық емес активтерге не жатады?

А) дайын өнім,тауарлар ,бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,жолдағы ақша қаражаты

Б) ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары,есептеу машиналары мен техникалары

С) өндірістік қорлар (шикізаттар, материалдар, отын, саймандар),құрылыс материалдары, бордақылауға байланған және өсіруге арналған жануарлар

Д) лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар

21. Айналым құралдары қалай жіктеледі?

А) өндірістік қорлар, тауарлар Б) өндірістік,айналымдағы
С) айналымдағы, материалдық Д) есеп айырысу қаражаты, материалдық өндіріс

22. Дебиторлық қарыз дегеніміз не?

А) бір өндірістік кезең шегінде толық қолданылатын және сонымен қатар айналымға ұшырайтын құралдардың сомасы
Б) кәсіпорынға тиесілі және уақытша кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтардың сомасы
С) жеке немесе заңды тұлғалармен  өзара  шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан  кәсіпорынға тиесілі борыштардың сомасы
Д) қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында алынатын сомасы

23. Кәсіпорын құралдарын құрылу көздері бойынша қалай жіктеледі?

А) меншікті капитал, міндеттемелер Б) резервті капитал, жарғылық капитал

С) таратылмған табыс, меншікті капитал Д) міндеттемелер, резервті капитал

24. Меншікті капиталдың құрамын көрсетіңіз?

А) қарызға арналған қор көздері, кредиторлық берешек

Б) жарғылық капитал, резервті капитал, таратылмаған табыс, мемлекеттік бюджетпен мақсатты қаржыландыру


С) жарғылық капитал, резервті капитал, қарызға арналған қор көздері

Д) таратылмаған табыс, кредиторлық берешек, жарғылық капитал

25. Жарғылық капитал дегеніміз не?

А) таза табыстан заңға сәйкес аударымдар жасау жолымен құрылады

Б) қайтарымсыз негізінде қандай да бір шараларды қаржыландыруға арналған қаражат

С) кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің негізгі қайнар көзі болып табылады

Д) есепті жылдың немесе өткен жалдың таратылмаған таза табысын айтады

26. Резервтік капитал дегеніміз не?

А) таза табыстан заңға сәйкес аударымдар жасау жолымен құрылады

Б) қайтарымсыз негізінде қандай да бір шараларды қаржыландыруға арналған қаражат

С) кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің негізгі қайнар көзі болып табылады

Д) есепті жылдың немесе өткен жалдың таратылмаған таза табысын айтады

27. Мемлекеттік бюджеттен мақсатты қаржыландыру дегеніміз не?

А) таза табыстан заңға сәйкес аударымдар жасау жолымен құрылады

Б) қайтарымсыз негізінде қандай да бір шараларды қаржыландыруға арналған қаражат

С) кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің негізгі қайнар көзі болып табылады

Д) есепті жылдың немесе өткен жалдың таратылмаған таза табысын айтады

28. Таратылмаған табыс дегеніміз не?

А) таза табыстан заңға сәйкес аударымдар жасау жолымен құрылады

Б) қайтарымсыз негізінде қандай да бір шараларды қаржыландыруға арналған қаражат

С) кәсіпорынның меншікті қаражат көздерінің негізгі қайнар көзі болып табылады

Д) есепті жылдың немесе өткен жалдың таратылмаған таза табысын айтады

29. Міндеттемелердің түрін көрсетіңіз?

А) қарызға арналған қор көздері, кредиторлық берешектер

Б) жарғылық капитал, резервті капитал, таратылмаған табыс, мемлекеттік бюджетпен мақсатты қаржыландыру

С) жарғылық капитал, резервті капитал, қарызға арналған қор көздері

Д) таратылмаған табыс, кредиторлық берешек, жарғылық капитал

30. Қарызға арналған қор көздеріне не жатады?

А) жабдықтаушыларға қарыз, бюджетке салықтар бойынша қарыздар
Б) жұмысшы қызметкерлерге төлемақы бойынша қарыз
С) қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелері
Д) өзге де кредиторлық қарыз

31. Кредиторлық берешек құрамына не кіреді?

А) жабдықтаушыларға қарыз, бюджетке салықтар бойынша қарыздар , жұмысшы қызметкерлерге төлемақы бойынша қарыз
Б) қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелері

С) жабдықтаушыларға қарыз, бюджетке салықтар бойынша қарыздар, қысқа мерзімді несиелер
Д) ұзақ мерзімді несиелер, өзге де кредиторлық қарыз

32. Бухгалтелік есепті оқудың басты мақсаты қандай?

А) өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнын анықтау үшін

Б) шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін білу үшін
С) шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметін талдау үшін
Д) осы есептің қандай тәсілдердің және қандай әдістердің көмегімен жүргізілетіні туралы білім алу үшін

33. ........................... шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметі болып табылады?

А) Құжаттану Б) Бухгалтерлік есептің пәні
С) Түгендеу Д) Бағалау

34. Бухгалтерлік есеп әдісі дегеніміз не?

А) бухгалтерлік есеп пәнін меңгеруге көмектесетін тәсілдер мен амалдар жиынтығы

Б) шаруашлық әрекеттерді бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету

С) өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтаржың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды топтастыру

Д) бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңдық күш беретін орындалған шаруашылық әрекеттері туралы жазбаша куәлік

35. Сатылған дайын өнім үшін сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша қаражаты келіп түсті:

А) Дт-1030,Кт-1210 Б) Дт-1030,Кт-3510

С) Дт-3310,Кт-1030 Д) Дт-1030,Кт-1010

36. Қысқа мерзімді банктік қарыз есеп айырысу шотына келіп түсті:

А) Дт-1030, Кт-1210 Б) Дт-1030, Кт-3510

С) Дт-1030, Кт-3010 Д) Дт-3010, Кт-1030

37.Есеп айырысу шотына жолдағы ақша келіп түсті:

А) Дт-1010,Кт-1030 Б) Дт-1030, Кт-1020

С) Дт-1020, Кт-1010 Д) Дт-1030, Кт-1010

38. Бухгалтерлік есеп әдісі неше элементтерден тұрады ?

А) 9 Б) 5 С) 7 Д) 8

39. Бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңдық күш беретін орындалған шаруашылық әрекеттері туралы жазбаша куәлік ................... элементіне жатады:

А) құжаттандыру Б) түгендеу С) калькуляция Д) бағалау

40. Шаруашылық құралдары мен қаржылық міндеттемелердің нақты барын белгілі бір мерзімге бухаглтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықтау.............................. элементіне жатады:

А) құжаттандыру Б) түгендеу

С) калькуляция Д) бағалау

41. Шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету ........................... элементіне жатады:

А) құжаттандыру Б) түгендеу С) калькуляция Д) бағалау

42. Калькуляция дегеніміз не?

А) өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды топтастыру
Б) шаруашылық құралдарын екі жақты жазу әдістерімен біртекті белгілері бойынша топтастыру және есепке алу