Файл: леуметтік экономикалы пцк траасы Эшанкулова Ф.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

«БЕКІТЕМІН»

«Әлеуметтік - экономикалық» ПЦК төрағасы:

______________Эшанкулова Ф.

«____»___________2022 жыл


«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

Табиғи географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы

(сабақ тақырыбы)

    Модуль /пән атауы ЖБП 13 – Дүниежүзі тарихы

    Дайындаған педагог Абсеметова Арайдым Нурлыбековна

2022 жылғы "_____ " _____

  1.Жалпы мәліметтер

      І Курс, 2021 – 2022 оқу жылы, топ ТР-111

      Сабақ типі Аралас

      2. Мақсаты, міндеттер

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, табиғи географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік: студенттердің табиғи географиялық фактордың елдер мен өңірлердегі шаруашылық мамандандырылуының қалыптасуына әсері туралы білімдерін кеңейту, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: тарихи оқиғалар барысында табиғи-климаттық орта, ресурстық база, халықтың тығыз орналасуы, кеңістік факторы ұғымдарының мағынасын, танымын дамыту, ой-өрісін кеңейту. Өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау.Пәнге және мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: «Мәңгілік-ел»-ұлттық идеясының алтыншы басымдығы бойынша тарихи білімді тұлға, отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу құндылығын қалыптастыру. Дүние танымын кеңейту, экономикалық, экологиялық тәрбие беру. Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы туған елге, туған жерге патриоттық сезімін оятып, отан сүйгіштікке баулу,сондай ақ адалдыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық тәрбиелеу.

2.2 Сабақтың технологиясы мен әдіс тәсілдері


Дамыта оқыту

Ұжымдық оқыту

  1. Сұрақтармен жұмыс

  2. Эссе

  3. Зерттеу сұрақтары

  4. Жұптық талқылау, зерттеу

  5. Картамен жұмыс

  6. Ауызша сұрау

  7. Өзін-өзі бағалау

2.3 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

табиғи географиялық фактордың елдер мен өңірлердегі шаруашылық мамандандырылуының қалыптасуына әсері туралы біледі;

Көпшілігі: табиғи-климаттық орта, ресурстық база, халықтың тығыз орналасуы, кеңістік факторы ұғымдарының мағынасын белгілейді;

Кейбірі Халықаралық еңбек бөлінісі туралы талдайды.

3 Сабақты жабдықтау

а) сабақтың көрнекілігі: Тақта, бор

ә) үлестірмелі материалдар: Кеспе қағаздар

б) оқытудың техникалық жабдықтары: Кітап

в) оқыту орны: аудитория

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізгі:

1. Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов. Дүниежүзі тарихы (1914-1945 жж): 10-сыныбына арналған оқулық / К.Қожахметұлы. – Алматы,2014

2. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11 –сыныбына арналған оқулық. 1 – Бөлім (Жоба)

// http://expert.mektep.kz/ru/shop/217159-11_klass/217173-dnijezhz_tarihy_11_og_1_blm/1

3. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11 –сыныбына арналған оқулық. 2 – Бөлім (Жоба) //http://expert.mektep.kz/ru/shop/217159-11_klass/217193 dnijezhz_tarihy_11_og_2_blm/1

4. Р.Р.Қайырбекова , С.В.Тимченко, З.А.Джандосова. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10 – сыныбына арналған оқулық. 1 – Бөлім. –Алматы: Мектеп, 2019 //http://expert.mektep.kz/ru/shop/120670-10_klass_og/121083-dnijezhz_tarihy_10/1

5. Р.Р.Қайырбекова , С.В.Тимченко, З.А.Джандосова. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10 –сыныбына арналған оқулық. 2 – Бөлім. –Алматы: Мектеп, 2019 //http://expert.mektep.kz/ru/shop/120670-10_klass_og/121085-dnijezhz_tarihy_10/1

6. Садықов, Р.Қайырбекова, С.Тимченко. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. - Алматы, 2011
Қосымша:

1. Б.З.Бөжеева. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2010

2. Ғ.С. Сапарғалиев, A.Ибраева . Мемлекет және құқық теориясы. – Астана: Фолиант, 2014

  1. Дүние жүзі тарихы: Энциклопедия. - А.: Фолиант, 2015

  2. Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. -А.: Өнер, 1996


     3.2 Техникалық құралдар, материалдар

а) сабақтың көрнекілігі: Тақта, бор

ә) үлестірмелі материалдар: Кеспе қағаздар

б) оқытудың техникалық жабдықтары: Кітап

в) оқыту орны:

  4. Сабақтың барысы

Сабақты ұйымдастыру:

  1. Студенттерді түгендеу, оқулықтарын, аудитория тазалығын тексеру.

  2. Студеттердің зейінің сабаққа аудару.

Өткен тақырыптарға шолу: Білімдерін тексеруге арналған

1) АНЫҚТАМА сұрақтары арқылы жауап алу

1.Нарықтық экономикаға анықтама беріңдер?

2.Нарықтың пайда болуының алғы шарттарын атаңдар?

3.Нарықтық жүйе модельдерін сипаттаңдар?

2) Нарықтық экономика модельдерінің атауы мен сипатын анықтау

Сабақтың барысы:

Табиғи климаттық фактор көбінесе елдің шаруашылық жүйесін анықтайды. Халықтық экономикалық жағдайына табиғи климаттық жағдайлардың алуантүрлілігі әсер етеді.

  • Табиғи - географиялық орта;

  • Табиғи-климаттық орта;

  • Ресурстық база;

  • Халықтың орналасу тығыздығы;

  • Кеңістік факторы.

Табиғи - географиялық орта- адамзат қоғамының өмір сүруі мен өндірістік қызметіне қажетті жағдайлар туғызатын табиғи жағдай.Ол адамзаттың өмір сүру ауданы, ресурс көзі болып, адамдарың рухани әлеміне, денсаулығы мен көңіл күйіне сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің дамуына ісер етеді.

Табиғи-климаттық орта- көбіне елдің шаруашылық жүйесін анықтайды.Температураның төмендеуі қандай да бір тауар өндірісі шығынының артуына алып келеді.Нәтижесінде бір елде шығарылған тауарлар тура сол технологиямен басқа жылы климатты елде шығарылған өніммен бәсекелесе алмайды.

Ресурстық база – Шаруашылық жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Олар материалды шикізат, материалды ресурстар, материалды емес болып бөлінеді.

Халықтың орналасу тығыздығы- шаруашылық жүйесінің даму факторы, онда сапалық , әлеуметтік және психологиялық өлшемдермен сипатталады.Сандық халықтың тығыздығы мен саны жатады.Білім деңгейі, жыныстық және жас құрамын анықтайды.Әлеуметтік – таптық өлшемдер – тарихи дүниетаным, дәстүр, т.б. шаруашылық жүйені құруда кәсіпкерлік мәдениетті, халықтың жетістіктері мен кемшіліктерін діни деңгейде ескерту керек.

Кеңістік факторы – өмір сүру бір аумақта емес, өзінің тарихы мен, тұрмыс-салтының ерекшелігімен бір мекен жай ретінде қарастырылады.







Тапсырмалар орындату

Мұнда әр студенттің білім деңгейі анықталады. Білімді бағалау парағына барлық студенттің ұпайы жазылып отырады. А деңгейінде тестті дұрыс орындай алмаған студенттер екінші деңгейге өтуге рұқсат етілмейді.

Студенттер әр деңгейде де дәптермен жұмыс орындайды. Бірінші тапсырма орындаған студенттер тақтаға шығып, өзінің тұжырымымен бөлісіп, студенттер арасында талқыланады.

  1. тапсырма Сұрақтармен жұмыс

  1. «Арабғажабы»

  2. Никель, уран, асбест, алюминий, мұнай-газ өндіруші елдерінің көшбасшысы?

  3. Ауылшаруашылық өнімдері мен өндіруші кәсіпорын өнімдерін экспорттаушы ел?

  4. Кофе, қант өнімдерін өндіруде 1 орында тұрған ел?

2 тапсырма. Эссе

Өздерің тұратын аймақта өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары мен оларға табиғи-географиялық факторлардың ықпалы туралы.

Студенттерді бағалау:

Журналға студенттердің бағаларын қою.

6. Үй тапсырмасы

1.Н.Ә: [2] 89-96 б.

Қ.Ә: [3] 202-216

2. Тақырыпқа байланысты эссе жазу

3.Бақылау сұрақтарымен жұмыс жасау

Педагог________________Абсеметова А.Н.