Файл: Адамгершілік асыл асиет блімі бойынша жиынты баалау тапсырмалары Оушыны атыжні Таырыптары А. Байтрсынлы Егінні бастары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Адамгершілік – асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқушының аты-жөні:_______________________________________________

Тақырыптары: А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Оқу мақсаты

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Бағалау критерийі Білімалушы

    • Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

    • көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образына талдау жасайды;

    • Шығармадағы автор бейнесіне талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгей

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма.

1. А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысал өлеңінің идеясымен үндес мақалды белгіле.

А. Әке көрген оқ жанар

Шеше көрген тон пішер

Ә. Жегіп жегін,

Ексең, егін,

Ішерсің тегін.

Б. Бидай күзде пісер, пайдасы сонда пісер.

В. Тәкаппарды тәңірі сүймес.

2. Автор осы жолдар арқылы қандай ой айтқысы келгенін тап.

«Елде көп бұл Бидайдай адам, - дейді,

Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», – дейді»,

А. Әкенің ақылдылығын көрсетеді;

Ә. Тәкаппарлықтан тыйылуға шақырады;

Б. Ел адамдарын сипаттайды;

В. Данышпандардың қасиеті туралы айтады.
3. Мысал өлеңнің идеясына байланысты дұрыс тұжырымды таңда.

А. Өзіңді өзгелерден артық көрген сайын айналаң да сені жоғары бағалайды.

Ә. Дәнге толы бидайдың басын июін кемдігі деп санамаймыз. Сол секілді кішіпейілділік те – кішілік емес, кісілік.

2-тапсырма. «Сезімді ояту» әдісі. А. Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалының кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңдар.

Сезімді ояту




Сүйсіну

Қай кейіпкердің қылығына сүйсіндің?









Жек көру

Кейіпкердің қандай әрекеті ұнамады?










Өкініш

Өкініш сезімі пайда болды ма , қашан?






Түйін

Қандай ой түйдің?








3-тапсырма. А. Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» өлеңіндегі автордың «МЕН»бейнесін көрсететін тармақтарын табыңыз.

Үлгі: Мен қырға шықтым

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

- Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

-Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образына талдау жасайды;
-Шығармадағы автор бейнесіне талдау жасайды.

1

«Егіннің бастары» мысал өлеңінің идеясымен үндес мақалды белгілейді;

1

Автордың өлең жолдары арқылы айтқысы келген ойын анықтайды;

1

Мысал өлеңнің идеясына байланысты дұрыс тұжырымды таңдайды;

1

2

Өлеңдегі қылығына сүйсінген кейіпкерді анықтайды;

1

Кейіпкердің ұнамаған әрекетін талдайды;

1

Кейіпкердің іс-әрекетінен пайда болған өкініш сезімін жазады;

1

Кейіпкерлер іс-әрекетіне байланысты ой түйіндейді;

1

1

3

Өлеңдегі автордың «МЕН»бейнесін көрсететін тармақтарын анықтайды.

1

1







Барлығы

10


Ықтимал жауаптар

1-тапсырма.

1. А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысал өлеңінің идеясымен үндес мақалды белгіле.

А. Әке көрген оқ жанар

Шеше көрген тон пішер

Ә. Жегіп жегін,

Ексең, егін,

Ішерсің тегін.

Б. Бидай күзде пісер, пайдасы сонда пісер.


В. Тәкаппарды тәңірі сүймес.
2. Автор осы жолдар арқылы қандай ой айтқысы келгенін тап.

«Елде көп бұл Бидайдай адам, - дейді,

Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», – дейді»,

А. Әкенің ақылдылығын көрсетеді;

Ә. Тәкаппарлықтан тыйылуға шақырады;

Б. Ел адамдарын сипаттайды;

В. Данышпандардың қасиеті туралы айтады.
3. Мысал өлеңнің идеясына байланысты дұрыс тұжырымды таңда.

А. Өзіңді өзгелерден артық көрген сайын айналаң да сені жоғары бағалайды.

Ә. Дәнге толы бидайдың басын июін кемдігі деп санамаймыз. Сол секілді кішіпейілділік те – кішілік емес, кісілік.

2-тапсырма. «Сезімді ояту» әдісі. А. Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалының кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңдар.

Сезімді ояту




Сүйсіну

Қай кейіпкердің қылығына сүйсіндің?



Мысал өлеңдегі баланың аңғарымпаздығы сүйсінтті.




Жек көру

Кейіпкердің қандай әрекеті ұнамады?



Төбесін көкке көтеріп тұрған тәкаппар бидайдың іс-әрекеті ұнамады. Бидайдың бойында менмендік, менсінбеушілік бар.




Өкініш

Өкініш сезімі пайда болды ма , қашан?



Өкініш сезімі тәкаппар бидайдың іс-әрекетін көргенде пайда болды. Өмірде осындай адамдар кездесетіндігі қиын жағдай. Бидайдың іс-әрекетіне қарап, адамдар бой түзесе екен деймін.

Түйін

Қандай ой түйдің?





Тәкәппарлық – жаман  қасиет. Өлеңнің негізгі идеясы – жамандықты болдырмау,тәкәппар болмауға тәрбиелеу.


3-тапсырма. А. Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» өлеңіндегі автордың «МЕН»бейнесін көрсететін тармақтарын табыңыз.


Үлгі: Мен қырға шықтым

Мен көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым;

Мен адамдықтың тұқымын шаштым, ектім.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________