Файл: за мерзімді жоспар блімі ііі махаббат жне абырой Мектеп зынкл жоббм уаыты 11. 02. 19 Малімні атыжні Батырова Р. Т. Сыныбы 8 а атысаны атыспааны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІІ Махаббат және абырой Мектеп: Ұзынкөл ЖОББМ

Уақыты: 11.02.19 Мұғалімнің аты-жөні: Батырова Р.Т.

Сыныбы: 8 а Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

«Ұшқан ұя» повесіне қатысты менің көзқарасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақ мақсаты

шығарманың бүгінгі күнмен байланысын аша отырып ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.

Бағалау критерийлері

- шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

- жаңашылдығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: роман мазмұнындағы құндылықтар жүйесін талдау, бағалау тәсілдерін үйренеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: материалдық және рухани құндылықтар, заманауилығы мен жаңашылдығы т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.

Алдыңғы білім

Шығарманың идеялық құндылығын бағалау

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3


4-10

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.

2.Психологиялық ахуал

3. Оқушыларды топқа бөлу.Оқушыларды парта бойынша 2 топқа бөлу.

Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

4. Оқушылар сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздейді, топ ішінде аз-кем талқылау жасайды. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырады. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.

МД слайд

1-таратпа


Сабақтың ортасы

1 1-17

18-19
20-37

5. Жаңа сабақты меңгерту.

Тапсырма

1-тапсырма.Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз.

Шығарма үзіндісі

Салыстырмалы

талдау

Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз- қатар тізіп қояды да бақалшыға: - Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, - дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді.




Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай аттарын, жыл аттарын жаттатты. Бірде әкеме жаттағандарымды айтып бердім. Ол мені мақтап арқамнан қақты




Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. - Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол. - Мен Момыштың ұлымын. - Момыш кімнің баласы? - Момыш – Имаштың баласы. Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.




Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда.




Дескриптор

Білім алушы

- шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды;

- заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;

- материалдық, рухани құндылықтарға баға береді.

Қалыптастырушы бағалау.«Қол шапалақтау»

Сергіту сәті.Тыныс алуға зейін қою жаттығуы

6.Топтық жұмыс

Шығарманың бүгінгі заманның өзекті бір мәселесін қозғағанын түсіндіңіз. Сондықтан «Бала тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі» деген тақырыпта келісу –келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседе нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны – 90-100 сөз.

Дескриптор:

  • заманауи құндылық тұрғысынан

талдайды.

  • кіріспе бөлімде бала тәрбиесі туралы өзіндік пікір

білдіреді. (20-25 сөз)

  • негізгі бөлімде мәселеге қатысты өмірден немесе шығармадан дәлел келтіреді

(50сөз)

  • қорытынды бөлімде шығармадан немесе өмірден өзіне үлгі алатын адамның қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Топтарды бағалау. «Екі жұлдызша, 1 тілек» әдісі


2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

38-40

7. Рефлексия «Сабақ нәтижесі бойынша комплимент айтқым келеді: сабаққа, сыныптасыма, жазушыға т.б.»

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау

технологиялары. Белсенді

әдіс-тәсілдер мен

сергіту жаттығулары.