Файл: Таырыбы 1001 маал, 101 жмба Сабаты масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Сабақтың мақсаты:

Ой-өрісін шыңдай отырып, танымын, тіл байлығын дамыту, іскерлік пен білімділікке, шешендікке баулу;

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Мақал-мәтел жарысы

  3. Жұмбақ шешу жарысы

  4. Мақалшы мен жұмбақшы жарысы

  5. Шешендік өнер

  6. Қорытындылап бағалау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны өтетін алаңға шақыру;

  2. Мұғалімдер өздерін таныстырады.


ІІ. Мақал-мәтел сайысы:

  1. Ескі мата бөз болмас,
    Екі темір біз болмас.

  2. 2. Арпа бидай ас екен,
    Алтын – күміс тас екен.

  3.  Ақыл арымас,
    Алтын шірімес.

  4. Батыр майданда шынығады,
    Болат қайнаудан шынығады.

  5. Өнерлінің қолы – алтын,
    Өлеңшінің сөзі алтын.

  6. Өшпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын ... (темір жоқ)

  1.  Ақыл арымас,
    Алтын шірімес.

  2. Елді қу бұзады,
    Сүтті су бұзады.

  3. Оқ жетпес жерге,
    Қылыш сілтіме.

  4. Тұз астың дәмін келтіреді,
    Мақал сөздің дәмін келтіреді.

  5. Доссыз адам,
    Тұссыз тағам

  6. Алтын тозбайтын тон,
    Білім таусылмайтын кен.

(Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады)


ІІІ. Жұмбақшылар сайысы:


  1. Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең сусын қандырар.

Ақ болса да қар емес

Шешуін кім табады

(сүт)

  1. Жезге ұқсас сабағы,

Дәні халық тағамы (Бидай)


  1. Қара таудың басында,

Киік кетіп барады.

Қол аяғы бауырына

Тиіп кетіп барады.

(тұман)

  1. Бар ма жоқ па анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

(ауа)

  1. Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез-келген ұяға,

Жұмыртқа саламын

(көкек)

  1. Қылдай белі бүгілген,

Өзнен де жүгі үлкен. (Құмырсқа)

  1. Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)

(Ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығады)
IV. Жұмбақшы мен мақалшы сайысы
Бұнда жұмбақ жасырылады, сол жұмбақтың шешуіне қарай мақал айтылады.



  1. Көлікпен түздің,

Ащы тас сүздім

(тұз)
Досы жоқ адам

Тұзы жоқ тағам


  1. Бұтақ басында ұясы бар,

Дәл астында өмірі бар.

(бидай)
Арпа ішінде бір бидай


  1. Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде

Ән кірер далаға

(жаңбыр)

Батыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы

  1. Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама (Кітап)
Күш білімде

Білім кітапта

(Ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады)


V. Ақтық ойын

Берілген сурет бойынша мақал құрастыру

VI. Қорытындылау
Зеректігі мен мүдірмеген, жеңіп шыққан мұғалімді марапаттау.