Файл: йымдастыру кезеі Трбиеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Дәрумендер денсаулық кепілі»


Мақсаты: Балаларға көкеністермен жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екендігін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру еңбекке баулу.
Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы»- дегендей сәлемдесіп алайық. «Қайырлы таң балалар!»

Балалар: Қайырлы таң апай!

Тәрбиеші: Адам денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орында айтқан.

Денсаулық зор байлық. Денсаулық болса бәрі болады. Дені сау адамның көңілі шат өмірі бақытты болады.

Жан адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың да жаны сау. Денің сау болу үшін дұрыс тамақтану керек. Әр түрлі жеміс жидектерді жеп дәрумендерді дер кезінде қолдану денсаулыққа пайдалы.
Бірдей емес жұрт барлық, Алуан түрлі азық бар.

Бірі-толық, бірі-арық ет, май, сүт пен балықтар.

Байланыста ол тағамға, көкеністер жемістер.

Үшін керек ереже жатар алды кезінде.
Витаминдер

Витаминдер тірегін , А сы қажет көзіне,

А,В,С,Д, Е деп аласың В жүйкені тоғайтар

Жетпесе бірі оның С-дан көп микроп безінер.

Ауырып сен қаласың Д-сүйекті нығайтар.
Ал балалар осы дәрумендерге қайдан келді деп ойланайық .

Балалар өз білгендерін айтады. Әр түрлі жеміс жидектер туралы білгендерін көргендерін олардың пайдасы туралы айтады.
«А» дәрумені қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені қарақатта лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта пиязда жүзімде.
Ойын тап (денсаулыққа байланысты жұмбақты шешу)

1. Одан кір қорқады

Судан бұл қорқады. (Сабын)
2. Дәміде жоқ түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ (Су)
3. Жуынып болғанда

Жүреді қолында (орамал)

Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық денсаулық деп білген. Денсаулығымызды сақтау үшін дәрумендерге бай тағамдарды жеуміз керек.
Сабақ соңында балалар жеміс жидектердің суретін салады.


«Астана арман қала»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы –Астана туралы мәлімет беру.

-Балаларның ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту. Отанға туған жерге деген отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Астана қаласының ғимараттары
Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар сіздерді Астана күнімен құттықтаймыз!

Жылу шеңбері:Ал енді балалар бір бірімізге жылы лебімізді білдірейік

Деніміз сау болсын,

Күніміз күлімдесін,

Еліміз аман болсын,

Бәріміз дос болайық.
Ән: «Әнұран»

Тәрбиеші: Қане балалар орнымызға отырайық.

Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: балалр отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар: туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар отан дегенміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміздің туып өскен жеріміз.

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Балалар:Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші:Қ.Р Президенті кім?

Балалар: Н.Ә Назарбаев.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі қандай?

Балалар: Қазақ тілі.

Тәрбиеші : Елімізді қандай рәміздері бар?

Балалар:Ту, елтаңба, Әнұран.

Анвар: Ту. Біздің республикамыздың мемелекеттік туы тік төртбұрышты көгілдір түсті. Тудың түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісі. Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астанадақанат жайған қыран құс бар. Жанында ою өрнек салынған ол тыныштықпен байлықты білдіреді.

Ангелина: Елтаңба. Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудыдың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген.

Мади: Әнұран. Мемлекеттік әнұран –маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Әнұранды тұрып айтады. Тұрып тыңдайды.

Тәрбиеші: Ел ордасы қай қала?

Балалар:Астана

Астана туралы мағұлмат беру, түсіндіру.
Лада

Ел бөбегі бүлдіршін, жас баламыз

Астанамыз бас қаламыз.
Жанель

Жаса-жаса Астанам,

Өркен жол бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолымен аш маған.
Нұрлан

Шырқап көкке асқақ ән

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет

Ей бас қалам –Астанам.

Ойын: «Рәміздерді құрастыру» балалар қиылған суреттерді құрастырады.
Дима

Астанам арман қала

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап жас болып,

Мен үлкен болғандада.
Ангелина

Барша әлемге әйгілі,

Ел басымыз нұр аға

Мақтанышы елімнің,

Нұрын шашқан Нұр қала.
Ойын: «Доп лақтыру» Сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады.и Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.

«Гүлдене бер Қазақстан!»
Мақсаты: Балаларға отанды сүйюге Қазақстан Республикасының рәмізін қастерлеуге еліне туған жерге сүйіспеншілітерін арттыру.



-Балаларның ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту. Отанға туған жерге деген отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Астана қаласының ғимараттары
Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар сіздерді Астана күнімен құттықтаймыз!

Жылу шеңбері:Ал енді балалар бір бірімізге жылы лебімізді білдірейік

Деніміз сау болсын,

Күніміз күлімдесін,

Еліміз аман болсын,

Бәріміз дос болайық.
Ән: «Әнұран»

Тәрбиеші: Қане балалар орнымызға отырайық.

Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: балалр отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар: туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар отан дегенміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміздің туып өскен жеріміз.

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Балалар:Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші:Қ.Р Президенті кім?

Балалар: Н.Ә Назарбаев.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі қандай?

Балалар: Қазақ тілі.

Тәрбиеші : Елімізді қандай рәміздері бар?

Балалар:Ту, елтаңба, Әнұран.

Анвар: Ту. Біздің республикамыздың мемелекеттік туы тік төртбұрышты көгілдір түсті. Тудың түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісі. Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астанадақанат жайған қыран құс бар. Жанында ою өрнек салынған ол тыныштықпен байлықты білдіреді.

Ангелина: Елтаңба. Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудыдың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген.

Мади: Әнұран. Мемлекеттік әнұран –маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Әнұранды тұрып айтады. Тұрып тыңдайды.

Тәрбиеші: Ел ордасы қай қала?

Балалар:Астана

Астана туралы мағұлмат беру, түсіндіру.
Нұрислам

Менің елім Қазақстан

Барғой онда бәрі де.

Өзен де бар , көлде бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар.
Жанель

Жаса-жаса Астанам,

Өркен жол бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолымен аш маған.
Нұрлан

Шырқап көкке асқақ ән

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет

Ей бас қалам –Астанам.

Ойын: «Рәміздерді құрастыру» балалар қиылған суреттерді құрастырады.
Дима

Астанам арман қала

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап жас болып,

Мен үлкен болғандада.
Ангелина

Барша әлемге әйгілі,

Ел басымыз нұр аға

Мақтанышы елімнің,

Нұрын шашқан Нұр қала.
Ойын: «Доп лақтыру» Сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады.и Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.



«Дәрігерде қонақта болдық»

Мақсаты: балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, қамқорлық қатынас білдіруге талаптандыруды жалғастыру. Балаларды медициналық бөлмемен таныстыру. Балалардың сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі: Дәрігер бөлмесіндегі керектті заттар.

Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар .

Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір бірімізге жылы лебімізді білдірейік
Деніміз сау болсын,

Күніміз күлімдесін,

Еліміз аман болсын,

Бәріміз дос болайық.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қонақ келіпті .Оның аты Айсауле

- Ол неге мұңайып тұр екен?

-Не болды екен?

-Оған кім көмектеседі не істейміз? Біздің қолымыздан келеме?

-Кімнен көмек сұраймыз?

Балалар сұраққа жауап береді.

Дұрыс айтасыңдар балалар мен сендердің жауаптарына ризамын . Ендеше біз бүгін дәрігерге қонаққа барамыз. Және мына әдемі қуыршақты емдейміз.

-Балалар айтыңдаршы біздің балабақшада дәрігер барма?

Ол кісі не істейді?

Гүлжиан апай ол кісі мейірбеке ол балалар ауырып қалған кезде алғашқы көмекті көрсетеді.

Балалар енді бері қараңдаршы мыны суретте не көріп тұрсыңдар?

Бұл поезд қазір біз поездға мініп дәрігерге қонаққа барамыз.

Балалар дәрігер бұрышына келеді. Ол жерде дәрігер қарсы алады.Балалар дәрігермен сәлемдеседі.

Тәрбиеші: Дәрігер біздің балалар сіздің бөлмеңізбен танысқылары келеді.

Дәрігер: Жарайды кәне мен сендерге таныстырайын.

-Ал мынау балалар қызу көтерілгенде өлшейтін градусник.

-Ал мынау әр түрлі дәрілер олар қызуды түсіретін іш ауырғанда басатын дәрілер.

-Мынау сендердің бойларыңды өлшейтін құрал

-Қане бойларыңды өлшеп көрейікші.

-Ал мыналар мақта дәке спирт бұл абайсызда жарақатанып қалған кезде пайдаланады.

-Мына жердегі құжаттар ол сендердің медициналық карталарың оның ішінде балалардың денсаулығы жайлы мәліметтер бар.

-Ал мынау күнделікті өздеріңе беретін дәрумендер олардыуақытымен дәрігердің рұқсатымен жеуге болады.

Ол өте пайдалы.
Дәрігер: Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр

Ойын: «Аурухана»

Мақсаты: жедел жәрдем көрсете білуге үйрету

Тәрбиеші: Дәрігер қуыршақ Айсәуле көңілсіз сіз бізге көмектесесіз ба ?

Дәрігер: Қуыршақ Айсаулеге алғашқы көмегін көрсетті

Балалар Дәрігермен қоштасып топқа оралды.

Сұрақ жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Алақай жаз келді!

Мақсаты: балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Көктем мезгіліндегі ерекшіліктермен салыстыра отырып табиғаттқа деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекіліктер: табиғат көрінісі түрлі-түсті қағаздан қиылған гүл бейнелері гүл суреттері.

Балаларды шеңбер бойына жинап, олардан жыл мезгілі туралы сұрау

-Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар біз бүгін жаз мезгілі туралы әңгімелейміз?

Балалар жаз мезгілінің үш айы бізге арнайы қонаққа келіпті. Қане оларды тыңдап көрелік.

(Қолдарына гүл ұстап үш қыз шығады)

Маусым:

Туады мамырдан соң Маусым айы,

Жаз шығып, жақсарады малшы жайы.

Аспаннан ашылғанда қас қабағы,

Жер-жердеқауырт жұмыс басталады.
Шілде

Шыжғырған от жалыннан Шілдедегі

Дүние сән базарға түрге енеді

Әр үйдің бақшасы бар

Көз қуантып, көңілді өсіреді.
Тамыз:

Тамырға тіреледі тамырға кеп,

Өткенге таңырқайсың аңызба деп,

Бұл айды жомарт жаздың соіы дейсің

«Не ексең соны орасың! Соны жейсің!»
Тәрбиеші: балаларға маусым, шілде, тамыз айларының ерекшіліктерін айтып береді.

Тәрбиеші: Балалар көзімізді бір сәт жұмып өзімізді бір сәт ормандағы гүлді алаңға саяхатқа барғандай сезініейік. Енді көзімізді ашамыз қараңдаршы мына гүлдерді.

Алақай қаншама әдемі гүлдер балалар гүлдерді жинаймызба?

Ойын: «Гүлдерді жинау» Балалар түрлі –түсті қағаздан қиылған гүлдерді жинау.

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалады

Жапырағы салалалы

Жерге ырғалып жайқалады.
Тәрбиеші: балалар мінекей біздің әдемі гүлдеріміз жаз мезгілін көрікті қылып тұр. Қазір біздер көбелек болып ұшып балабақшаға жетіп алайық. Міне тамаша, сендер ормандағы жаз мезгілін тамашалап байқап көрдіңдер.

Суретпен жұмыс: мына суретте балалар жаз мезгілінде суға шомылып жатыр.

Балаллар жеңіл киініпті, көбелек шыбын шіркей ұшып жүр.

Қорытынды: Міне, балалар жаз мезгіліннің үш айын білеміз, басқа мезгіден айырмашылығында білеміз. Сендерге жаз мезгілі ұнайма? Әрине бәрімізге де ұнайды.

«Ағаштарға қамқорлық»

Мақсаты: Балаларды Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесімен таныстыра отырып, ағаштар және олардың пайдасы туралы жан-жақты мәлімет беру. Олардың қолданылуы туралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, ағаштар туралы білімдерін толықтыру, ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:

Педагог төмендегі өлең жолдарын қайталайды:

Мейірімді жүрекпен

Бөлісемін бақытты.

Ақ ниетпен шын тілеп,

Ізгі істерді жақұтты!