ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-Бәрекелді, балалар, енді бәріміз орнымызға жайғасып отырайық
Кіріспе әңгіме
-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде жазушы Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесін оқып, мазмұнымен танысамыз.
Әңгімені оқып беру.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын ашу.
-Оқылған әңгімеде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
-Алмабек не отырғызды?
-Алмабектің сыныптастары отырғызған ағаштарды қалай күтті?
-Алмабек отырғызған ағаштарын күтті ме?
-Алмабек жолдастарымен қайда барды?
-Алмабек неге шыңғырды?
-Алмабектің істеген қылықтары туралы не ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
Дидактикалық ойын: «Жапырағына қарай ажырат»
Суретпен жұмыс:- Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма, ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақтар қойылады.
Ағаштың түрлері көп. Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы. Екі ағаш бір- біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма? Мынау – үйеңкі ағашы. Үйеңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі , жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйеңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр? - Үйеңкі ағашы ерте көктемде гүлдейді, жазда жемісін беріп, күзде жемістері піседі. Бұл ағаштың жапырақтарын көгалдандыру жұмыстарына қолданады.
Балалар, қараңдаршы, үйеңкі ағаштары қай жерлерде өсіп тұр? Яғни, балалар, үйеңкі ағашы күн көзінде де, немесе ала көлеңкеде де өсе береді. Суыққа төзімді және ылғалды өте жақсы көреді, сондықтан не істеуіміз керек екен?
Енді балалар, мына бір ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады, кім біледі?
Бұл – емен ағашы.
- Кәне, емен ағашын құшақтап көріңдерші, қандай екен?
Енді үйеңкі ағашын құшақтапкөріңдер ол қандай, жуан ба, әлде жіңішке ме?
Енді жоғарыға қарап, екі ағаштың биіктігін салыстырайық. Қайсысы биік, қайсысы аласа?
Жапырақтарының пішіні қандай? Емен ағашы да жеміс береді, кәне, еменнің жемісін кім көрсетеді және оны қалай атайды?
Педагог емен ағашының қабығы мен жаңғағының емдік мақсатта қолданатынын және т.б. пайдалылығын түсіндіреді.
- Балалар, ағаштар жанды табиғатқа жата ма, әлде жансыз табиғатқа жата ма?
- Неліктен олай ойлайсыңдар?
- Олардың өсуі үшін не қажет?
- Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?
- Дұрыс айтасындар, ағаштарды көгалдандыру үшін де пайдаланады және шаң тозаң, түтіннен қорғайды. Қалай қорғайды.
Ал жануарлар үшін қандай пайдасы бар?
Педагог қорытындылайды