ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Python тілінде программалау | |||
Педагогтың аты-жөні | | |||
Күні | | |||
Сынып 6 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Сызықтық алгоритмдерді программалау | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Сызықтық алгоритм анықтамасын біледі | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдарын біледі | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
берілген программа кодының синтаксисіндегі қателерді анықтайды |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Жаңа тақырыпқа шолу Программалау барысында қолданылатын негізгі үл алгоритм түрі бар. Оларға сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер жатады. Олардың арасындағы ең қарапайым –сызықтық алғоритм. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | | |
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сызықтық алгоритмдердің командаларын бір реттен тізбекпен орындай отырып, нәтиже аламыз. Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдары. 1.программада қолданылатын негізгі деректер мен олардың типтерін анықтау. Айнымалыларға атау беру. 2.Нәтиже ретінде нені шығару керек және оның типі қандай болу керектігін анықтау. Нәтижеге шығаратын айнымалыға атату беру. 3.Деректерді енгізетін, есептейтін және нәтижені экранға беретін алгоритмдерді дайындау. 4.Құрастырған программаның жұмысын тексеру мақсатында, деректердің түрлі мәндерін енгізіп, программаны сынақтан өткізу. Сызықтық программаның құрылымы. a,b,c және d бүтін сандары берілген, a және b сандарының қосындысы мен c және d сандары айырмсының соңғы цифрларының көбейтінісін табатын программа құрастыр. Оқулық § 3.8, 98-бет, 1-кесте. Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Оқулық § 3.8, 98-бет, «практикада қолдану» тапсырмасы Дескриптор: -тапсырманың блок-схемасымен танысады; -берілген программа коды тексереді. ҚБ: стикер / 4 балл/ Топтық жұмыс. 2-тапсырма. Практикалық тапсырмадағы 1-кодқа талдау жасаңдар. S=789 болған жағдайда программа кодының әр қатарындағы айнымалылардың мәні қалай өзгеретінін қағазға есептеңдер. Дескриптор: -1-кодқа таладу жасайды; -программа кодының әр қатарындағы айнымалылардың мәні қалай өзгеретінін қағазға есептейді. ҚБ: стикер / 3 балл/ Топтық жұмыс. 3-тапсырма. Берілген программа кодының синтаксисіндегі қателерді анықтаңдар. Бұл программа нені есептейді. Өз ұсыныстарыңды айтыңдар. a=int(input()) b=int(input()) c=int(input()) v:=a*bc S=2(a*b+b*c+ac) P\print(V, ,S) Дескриптор: -берілген программа кодының синтаксисіндегі қателерді анықтайды; -программа нені есептейтінін ұсыныс айтады. ҚБ: стикер /3 балл/ | Мұғалімді тыңдайды Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдарын дәптерге жазады 1-тапсырманы орындайды 2-тапсырманы орындайды 3-тапсырманы орындайды | Стикер 4 балл Стикер 3балл Стикер 3 балл | Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.» Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.» | Өзін-өзі бағалау. | Бағдаршам әдісі | Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы | § 3.8, 100-бет, «Үй тапсырмасы» | | | |