Файл: Тренинг Мамандыымматанышым.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мамандықтың бәрі жақсы

тренинг

Мамандығым-мақтанышым


Мақсаты:

Оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.



Бұлар кімдер?

1 Мамандық дегеніміз не?
  • Білім алу.
  • Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
  • Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі.

  • -белгілі бір іскерліктердің болуы

    Мамандық дегеніміз -адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.



Мамандықтың түрлері

Мамандық

түрлері

Әнші

Ұстаз

Модель

Актер

Банкир

Журналист

Биші

Сазгер

Продюссер

Депутат

Тапсырма №1



Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді,дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр

Тренер...........................................тапқыр

Дәрігер..........................................әділ

Мұғалім........................................өте ақылды

Журналист...................................шыдамдылық

Механизатор................................өз мамандығын жетік білу

Құрылысшы.........................ой-өрісі жоғары

Заң қызметкері.....................мейірімді

Өнер иесі.................................мәдениетті

Мамандық таңдау факторлар

Отбасы

Мұғалім

Қабілеті

Досымен бірге

Оқудың жақын орналасуы

Тәжірибеніің болуы

Беделі

Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
  • Компьютерді білу
  • Біренеше тілді,ағылшын тілін білу.
  • Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.
  • Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.
  • Үнемі білім алуға,қайта оқуға бейіміділік.

Е.А.Климов мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеген:

«Адам-техника»-техника саласына байланысты мамандықтар

«Адам-адам»-қызмет көрсету саласына байланысты мамандықтар

«Адам-қоршаған орта»-өсімдіктану,жануартану,орман шаруашылығы,айналаны қоршаған орта салаларына байланысты мамандықтар.

«Адам-белгілер жүйесі»-есеп-қисап салаларына байланысты мамандықтар

«Адам-көркем образ»- өнер саласындағы мамандықтар.

Мамандықтар тізбегі

4.денсаулық сақтау және медицина саласындағы қызмет түрлері


5.Құқық қорғаужәне

сот органдары,заңгерлік саласындағы қызмет түрлері

1.Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы қызмет түрлері

2.Жеңіл өнркәсіп саласындағы қызмет түрлері

3.Білім және Гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлері

1.Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы қызмет түрлері

1 Металл құюшы

2 Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор

3 Бульдозерші,грейдерші,краншы

4 Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптарды құрастырушы

5 Фрезерлік-көшіруші станоктардың станокшысы

6 Тас қалаушы гранитшы

7 Паркет төсеуші

8 Электрмен дәнекерлеуші

9 Ағаш ұстасы

10 Токарь

11 Слесарь-сантехник

12 Арматуршы

13 Тас қалаушы

14 Газбен дәнекерлеуші

2.Жеңіл өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлері

Тоқымашы

Жіп иіруші,тоқушы

Тігінші-моторшы

Аяқ киім тігетін шебер

Шыны балқытушы

Көзеші(қыш бұйымдар жасаушы)

3.Білім және Гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлері

Архивші

Кітапханашы

Тәрбиеші

Тарихшы,археолог

Мұражай жұмысының әдістемешісі

Психолог

Әлеуметтанушы

Спорт жаттықтыррушы

Мұғалім,оқытушы

4.Денсаулық сақтау және медицина саласындағы қызмет түрлері:

Аллерголог-дәрігер(Физиотерапевт –дәрігер)

Анестизиолог-рениматолог-дәрігер (Соттық-медициналық сарапшы дәрігер)

Эпедимолог-дәрігер

Онколог-дәрігер (Терапевт дәрігер)

5.Құқық қорғаужәне сот органдары,заңгерлік саласындағы қызмет түрлері:

Адвокат

Жауап алушы

Сарапшы-криминалист

Жол полициясы инспекторы

Миллиционер

Тергеуші

Судья

Прокурор

Заңгер

6.Өнер саласындағы қызмет түрлері:

Сәулетші

Суретші,мүсінші

Дизайнер

Дирижер

Актер

Қазақтың халық асапатарын жасаушы

Биші

Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы

Зергер

7.Сұранысқа ие мамандықтар:

Бренд-менеджер-тауарды сатуды ғана емес,оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман.

Логистик-жүк тасымалын қадағалайтын маман.

Супервайзер-сауда өкілдерінің жұмысын қадағалайтын жаңа бағыттарды айқындайтын маман.


Веб-мастер-сайт жасаумен шұғылданатын маман.

8.Жаңадан пайда болған мамандықтар:

Маркетолог

Менеджмент

Программист

Оператор

Банкир

Брокер

«Әріпті мамандық» ойыны.

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарыныңқыр- сырын айту керек.

     І- топ: «А», ІІ- топ: «Д» III-топ: «М»

Ситуациялық жағдайларды шешу

1-топқа Дәрігер

Ауырған адам сізге келіп қойған диагнозбен келіспейтінін айтты ,сіздің шешіміңіз қандай?

2-топқа Мұғалім

Сабаққа ата-ана қатысып отыр,сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз ешбір оқушы дайын емес.Не істер едіңіз?

3-топ Әнші

Сахнада ән салып тұрсыз,көрермен ұйықтап отыр,бұл сізге ұнамады,сіз не істейсіз?

.

«Менің мамандығым» деп аталатын шығармашылық тапсырма. Әр оқушы өзінің болашақта кім болуды армандайтындарын айтсын.

«Ең жақсы» ойыны.

Ең жасыл .....

Ең тәтті .....

Ең ақшалы .....

Ең күлкілі .....

Ең жауапты ....

Ең салмақты ....

Ең қарым – қатынас күшті ...





Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист. Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші

Ең тәтті-аспазшы, кондитер. Ең күлкілі- клоун, карикатурашы. Ең жауапты- сот, бухгалтер. Ең салмақты-мұғалім,заңгер. Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,

Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.

Сондықтан да жалқаулықты тастайық,

Игі істермен өмір жолын бастайық!

Оқыған маман – шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

Қолыңнан жұмыс келмесе,

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі- мамандық,

Жер-көктің бәрі- мамандық.

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.

Қорыта айтқанда, алтыннан да қымбат уақытымызды босқа өткізбейік, болашаққа деген сеніммен өмір сүрейік! Бүгінгі сабағымыз мамандықты дұрыс таңдауға аз да болса дұрыс бағдар берді деген сенімдемін. Жоғары оқу орындарының студенттері атанып, үкілеп үміт артып отырған ұстаздарымыздың, ата-аналарымыздың зор сенімдерін ақтайық!

Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Егеменді еліміздің ертеңі – маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


Қатынасып отырғандарыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!!!