Файл: Математика пніні малімі Жанарай Тынымбаева Теориялы білім жетілдіру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Математика пәнінің мұғалімі: Жанарай Тынымбаева

Теориялық білім жетілдіру

  • Психология, педагогика, социология және дидактика салалары бойынша теориялық білімін жетілдіру;

  • Қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену;

  • Қазақстан Республикасының білім туралы негізгі нормативтік құжаттарын оқып үйрену

  • Инновациялық педагогиканың негізгі бағыттарын оқып-үйрену, білім берудің жаңа парадигмаларының мәнін терең түсіну

  • Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды оқыр-үйрену


«№69 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі Тынымбаева Жанарайдың өз білімін көтеру жоспары



Іс-шаралар

Мерзімі

1

Өз білімін көтеру жоспарын бекіту

Қыркүйек

2

Математика салаларына байланысты баспасөз мақалаларын үзбей оқу

Үнемі

3

Интернет желісінен математика саласына жаңалықтарын, жаңа материалдарын үздіксіз қарау, оқу, өз жұмысымда қолдану

Үнемі

4

Ғаламтордан ustaz.kz, bilim.kz, infust.kz сайттары арқылы аудандық республикалық көлеміндегі шығармашыл ұстаздармен тәжірибе алмасу

Уақытында

5

Аудандық, облыстық, мектепаралық, мектепішілік семинарларға, олимпиадаларға үзбей қатысу

Кезінде

6

Қазақстан Республикасының білім зағдарын оқу, нормативті құжаттарын өз жұмысымда қолдану

Үнемі

7

Өз жұмысым туралы әдістемелік бірлестік отырыстарында баяндау

Жоспар бойынша

8

Аудандық, облыстықғ республикалық газет журналдарға жазылу

Үнемі

9

Методикалық журналдарды, жаңа шыққан методикалық құралдарды электрондық оқулықтарды видео сабақтарды пайдалану

Үнемі

10

Өз біліміңді жетілдіру курстарына қатысу

Жоспар бойынша

11

Аудандық, облыстық, республикалық, семинарларға қатысып, озат тәжірибе алмасу

Жоспар бойынша


Өзіндік білім көтеру жоспары

Білімі: жоғары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.

Квалификациялық категориясы –екінші санаты

Біліктілікті көтеру:

2013 ж «Орта мектепте математика пәнін оқытудың өзекті мәселелері: пәндік олимпиада, ҰБТ-ға дайындық жолдары»

2014 ж «Білім саласында жаңа технологияларды қолдану»

2015 ж PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

Өзіндік білім көтеру жұмысының тақырыбы:

«Математика сабағында СТО элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Жұмыс 2014 жылы басталды.

Жұмысты 2017 жылы аяқтауға болжам жасалды.

Өзіндік білім көтерудің мақсаттары мен міндеттері:

Негізгі тәрбиелік мақсаты-оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

  • Ойын элементтері, стандартты емес сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру.

  • Оқушы білімін тексерудің барлық түрлерінде оқушыларға жекелей және топтық тапсырмалар беру.

  • Оқушы білімін тексерудің диагностикасын және мониторингісін жасау.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі идеясы:

  • Әр оқушыға тұлға ретінде қарау

  • Білім мен тәрбие беру

  • Ғылымға құштарлығын арттыру

  • Топтық және жекелей тапсырмалар беру

  • Оқушы мен педагогтың ынтымақтастығын жүзеге асыру

  • СТО технологиясын қолдану

Өзіндік білім көтерудің мақсаттары:

  • Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып үйрену.

  • Математикалық білімді тереңдету

  • Педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып үйрену

  • Жалпы мәдени деңгейді көтеру

Білімді практикада қолдану

р/с

Іс-шара

Мерзімі

1

Аудандық ӘБ отырыстарындағы, мектептегі пән бірлестігіндегі баяндамалар, рефераттар

ӘБ жоспары бойынша

2

Іс-тәжірибе тарату

2017 жыл

3

Тақырып бойынша өзіндік талдау жасау

Қаңтар-сәуір 2017 ж

4

Аудандық, аймақтық конкурстарға қатысу





Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесіне қатысу:

  • Математикадан олимпиада материалдарын дайындау. Мектепішілік олимпиада өткізу. Қорытындысын шығару.

  • Математика пәні бойынша аудандық олипиадаға қатысатын оқушыны дайындау

  • Математика апталығын дайындау және өткізу

  • Ашық сабақтар өткізу

Білім көтеруде мұғалімдерге өзара көмек көрсету.

  • №115 бұйрық бойынша 7-8-9-сыныптардағы алгебра, геометрия пәнінің бағдарламасын пайдалана отырып күнтізбелік жоспар құруға көмектесу.

  • Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу

  • Жылына 1-2 рет қиынды бақылау өткізіп, өзара дәптер тексеру.

  • Нормативтік құжаттарды оқып-үйрену және оны ӘБ отырыстарында талдау

  • Алгебра, геометрияның қиын тарауларын оқып үйрену

  • Электронды оқулықтарды пайдалануда мұғалімдерге көмек көрсету.

3 бөлім. Тәжірибе жинақтау және тарату (мектепішілік

Тәжірибе жинақтау және тарату (аудандық)

  • «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын математика сабағында пайдалану тиімділігі атты құрылған сабақтар үлгісі копилка урок, инфо урок ғаламторлардағы сабақ сайттарда жарық көрді.

  • «Мектеп-45 минут» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға сабағым жарияланды.


Математика пәні бойынша білімін жетілдіру жоспары

р/с

Тақырыптары

Мерзімі

Әдебиеттері

1

Математика пәні бойынша №115 бұйрық бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар құру

Қыркүйек

Алгебра, геометрия оқулықтары.

Ғаламтор желісі

2

Математика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

Қазан

МИФ, Репетитор, Мектеп45 минут

3

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын математика сабағында қолданудың тиімділігі

Қараша

Ғаламтор желісі

4

Олимпиада есептерін шығару

Желтоқсан

Олимпиадаға есептерін шығару жолдары оқулықтары

5

Қиындығы жоғары есептерді шешу әдісі

Қаңтар

Алгебра, геометрия оқулықтары.

Ғаламтор желісі

6




Ақпан




7




Наурыз




8




Сәуір




9

Математика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

Мамыр

Алгебра, геометрия оқулықтары.

Ғаламтор желісі


Пән мұғалімі: Ж. Тынымбаева



Пәндік білімін жетілдіру

  • Пән бойынша жоғары оқу орнындағы білім деңгейіндегі білімін толықтыру

  • Білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқу жоспарларын зерттеу, сараптау, жаңа буын оқулықтары және басқа да оқу-әдістемелік құралдарды оқып үйрену

  • Өз мамандығына сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарды үнемі оқып, білімін толықтырып отыру

  • Өз пәні бойынша жаңа ақпараттар алу, жаңа білімдер игеру


Жеке білім көтеру тақырыбым:

Математика сабағында СТО элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тақырыптың мақсаты:

Оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру.

Өзектілігі:

Халықтың, елдің даму стратегияларының басты бағдарларының бірі: жас ұрпақты саналы ойлайтын, ертеңі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлға еті тәрбиелеп шығару. Қазіргі білім саласының алдына қойылған талап білім алушыларға терең білім беру және олардың құзыреттілігін дамыту.

Тақырыпты таңдау себебім:

  • Оқушылардың математика пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.

  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту қажеттілігі;

Міндеттері:

  • Математиканы ғылыми тұрғыдан талдауға оны саналылықпен түсіне білуге үйрету

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту

  • Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ізденіске дағдыландыру

Егер математика сабағында:

  • Деңгейлік тапсырмаларды жиі және жүйелі пайдаланса

  • Уақытты тиімді пайдаланса

  • Тапсырма әр оқушылардың мүмкіндігіне қарай беру

  • Оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, білім сапасы мен үлгірімі артады.

Мен бұл технологияны 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келемін.

  1. 2014-2015 жыл. СТО технологиясымен танысып, жоспар құру

  2. 2015-2016 жыл. СТО технологиясын пайдаланып, күнделікті сабақ жоспарын құру

  3. 2016-2017 жыл. СТО технологиясын қорытындылау, кемшіліктері мен жетісітіктеріне анализ жасау.


Сабақ құрылымын құру негізі


Бағыттау негізінің әрекеттері

І кезең

10 минут




ІІ кезең

20-25 минут



Орындау іс-әрекеттері



5-10 минут

Кітаппен жұмыс

7-10 минут

Оқып үйренгеніне анализ жасау

7-минут

Бекіту



Коррекциялық бақылау және бағалау әрекеттері

ІІІ кезең

10 минут


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытудың сабақ өткізудегі үш кезеңінде өзім қолданатын стратегиялар:

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Ой шақыру

Жигсо-І

Топтастыруға көрнекілік

Топтастыру

Семантикалық кесте

Синквейн

Болжау

Блумның сұрақ қою кестесі

Венн диаграммасы

Еркін жазу

БҮҮ

Пікірталас

Галереяны шарлау




Екі жақты күнделік




Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде «интерактивті әдістер», “интерактивті оқыту» деген терминдермен жиі кездесеміз. Интерактивті әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғандығынан көрінеді. Интерактивті әдістердің мәні әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап оқу танымдық нәтижеге жету. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Яғни, педагогикалық үрдісті демократизациялауға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесіне бір-бірінің жауаптылығын сезінеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.

Күтілетін нәтиже: