Файл: Тотарбайлы обыланды (xv .).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.)
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.

Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара ҚЫпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға. Тұра алмастай үзілді ме жұлыным» деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.
Қобыланды батырдың сүйегі.


Өзінің барлық даму жол­дарында айрықша жүк арқалаған ауыз әдебиеті – халықтың өз еншісі. Көшпелі қоғамдағы дала пер­зенттері ауызша қалыптастырған асыл мұраның бүгінге дейін жал­ғасқан көркем үлгісі, фольклор жәдігерлерінің ең бай саласы, міне, қазіргі ұрпақ игілігіне ай­налған эпос­тық басылымдар. Бұлардың ішінде «Алпамыс», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», т.б. эпика­лық жырлардың шоқтығы биік. Ақын­дар, жырау­лар, жыр­шылар жыр­лаған сол эпостық жырлар­дың бірі – 26 нұсқадан тұратын «Қобы­ланды батыр». Рас, заман ағымына ла­йық жаңарған ұрпақ зердесінде ер Қобыланды­ның тарихта бол­ған­дығына шүбә келтірушіліктің бар екендігі де жасырын емес. Мүмкін, ол Алла­мен қауышқан бір рухтың жер бетінде сүйегі жерленген моласы­ның жоғалға­нынан бо­лар... Десек те, осындай кезде жас ұрпақ түсінігіндегі жалған күдікке тос­қауыл қоятын тұңғыш төл энцик­лопедиямызға сүйенсек, онда «Қарақыпшақ Қобыланды – (шамамен XV ғ) өмір сүрген ба­тыр, тарихи қай­раткер. Көшпелі өзбек мемлеке­тінің негізін қалау­шы Әбілқайыр ханның бас ба­тыры. Қазақ ше­жіресінде Қобы­ландыны Қара­қыпшақтан тарай­тын Тоқтарбай­дан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай, Бер­кімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді... Ел аузындағы деректерге қарағанда, оның бейіті Қобда өзенінің бойында. Сондай-ақ батырдың көне ескерткіштері, екі күмбезінің бірі – Батыс Қа­зақстан облысындағы Елек– Защита теміржолының бойында болса, екіншісі – Орталық Қа­зақстан­дағы Сарысу өзенінің бойында. Алғашқысы – И.А.Кас­таньенің жазбаларында айтылған. Қазір үйінді зерттелмеген. Соң­ғысы – Ш.Уәлихановтың жазған­да­­рынан белгілі. Басқа дерек жоқ» деп жазылған. Алайда әрқалай уақыт тезінде құнды мұрасынан көз жазбаған халықтың кемел­ді­лігі мен көрегендігі арқасында ХХІ ғасыр ұрпақтарын қазақ ауыз әдебиетіндегі «Қобыланды батыр» жырының басты тұлғасының қайта «тірілуі» сүйіндіріп отыр.


ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ТҰЛҒАСЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛДЫ?


– «Қобыланды батыр» жы­рының 9 мың жолдық нұсқасын халық ақыны Н.Байғанин жыр­лаған, – деп әңгімелейді Ақтөбе облысы құрылыс департаментінің директоры Бердияр Пірімбетов. – Мұрын жырау, ақын Н.Байғанин жыр­лаған нұсқаларында Ақтөбе об­лысының Қобда ауданындағы Жиренқопа елді мекеніндегі жер-су атаулары кеңінен аталады. Кесене Қобда ауданы Жиренқопа ауылында бұрыннан болған, оны ХХ ғасырдың басында, Кеңес өкіметі тұсында құлатқан және жергілікті халық ол жерде кім жат­қанын білген. Жырда айтылатын оқиғалармен байланысты жер-су атаулары туралы аңыз-әңгімелер де шежіреші қарттардың айтуына сәйкес келеді.
Герасимовтің шә­кірті профес­сор Н.Шаяхметовтің басшылы­ғымен құрамында ака­демик С.Балмұханов қатысқан жұмыс­шы тобы 1960-1970 жыл­дары Қобда ауданы Жиренқопа елді мекенінен жергілікті қарт­тардың көрсетуі бойынша, Қо­быланды батырдың сүйектерін қазып алып, Алматы қаласына әкетеді. Сол кезде бұзылған кесене қалдық­тары болғандығын және ол жерден өте ірі адамның сүйектерін қазып алғандығын профессор Н.Шаях­метов пен академик С.Балмұха­нов өз естеліктерінде келтіреді. Кейін жұмыстар тоқ­татылып, ұзақ жылдар жалғасын таппады. Сү­йектер Алматыдағы Орталық мұ­ражайдың антропо­логия лабо­раториясында сақта­лады.
Қазақ­стан тәуелсіздік алуы­мен бұл мәселелер оң шешім таба бастады. Ақтөбе жеріне мемлекет қайрат­керлері Ә.Кекілбаев, И.Тасмағам­бетов келіп, Жирен­қопада болған сапарларында Қо­быланды батыр тұлғасын анықтау, мәңгі есте қал­дыру бағытындағы жұмыстардың басталуына түрткі болды. Осыдан кейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қыз­меткерлері Қобда ауданы Жирен­қопа ауылында болып, жергілікті халықпен кез­десіп, халық аузын­дағы әңгімелер­ді жазып алып, жер-су атауларына байланысты зерттеу жүргізді.
Қобыланды батыр тұлғасын анықтау мақсатында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағ­дарламасы аясында 2004-2005 жылдары Қобда ауданы Жирен­қопа елді мекеніндегі Қобыланды батыр мазарының қалдығына археоло­гиялық-антропологиялық, та­рихи-этнографиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарланып, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының, Қазақстан Рес­публикасы Орталық мемлекеттік мұражайы антропология лабора­ториясының ғалымдары аталған жұмыстарды жүргізді.
Археоло­гиялық қазба жұмыс­тарына же­текшілік еткен Ә.Мар­ғұлан атын­дағы археология инс­титуты ди­ректорының орынба­сары, тарих ғылымдарының кан­дидаты Ж.Смаилов бастаған ға­лымдар­дың ғылыми есебінде ХІV-ІV ғғ үлгідегі кірпіштерден қалан­ған кесене болғандығы дә­лелденді.

Қазақстан Республи­касы Орта­лық мемлекеттік мұ­ражайы антро­пология лаборато­риясының антро­полог-ғалымдары академик О.Ысмағұлов, тарих ғылымда­рының кандидаты А.Ыс­мағұлова сақтаған сүйек қал­дықтарына ғы­лыми-зерттеу жұ­мыстарын жүр­гізіп, оның батырға тән екен­дігі тұжырымдалды.
Кейін Қо­быланды батыр сүйегіне антро­пологиялық зерттеу толық аяқ­талып, батырдың бас сүйегі не­гізінде Мәскеудегі Ге­расимов лабораториясында антро­поло­гиялық кескіні жасалып, оның «Еуразия тарихы мен мә­дениеті аясындағы Арал-Каспий айма­ғы» атты Халықаралық кон­ферен­цияда тұсаукесері жасалып, ға­лымдар мен мамандар Қобы­ланды батыр бейнесін көріп, та­маша­лады.
Кейбір дерек көздерінде Қобда ауданы Батыс Қазақстан облы­сымен шектесетін болған­дықтан, Қобыланды батыр жер­ленген мола аталған облыс аума­ғында деп көр­сетілуі мүмкін. 2004-2006 жылдар аралығында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұ­мыстары туралы «Еу­разия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий айма­ғы» атты Халық­аралық конферен­цияда, Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұра­жайы өткізген «Батыс Қазақстан­дағы мұражай ісі: тарихы және қазіргі заман талабы» атты ай­мақтық конферен­цияда Ақтөбе облысында «Мәдени мұра» бағ­дарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы қарсы пікірлер немесе дәлелде­мелер айтылмады. Қобда ауда­нында қыпшақ рулары бүгінге дейін мекен етеді.
Ұрпақ міндеті ата-баба рухын қастерлеу, өткенді кейінгіге мұра етіп жеткізу десек, кейінгі ұрпаққа батыр­лықты, қай­сар рухты өнеге етіп қалдырған ер Қобыландының сүйегі, өзінің әуелгі жамбасы тиген жері – Жи­ренқопаға қайта жерленіп, ас бе­рілді. Басына құл­пытас орнаты­лып, бұрынғы мазар орны қор­шалып, Қобыландының қайрақ тасы әкелінді.
Қазірде кесене тұрғызу мақ­сатында 2007 жылы облыс әкімі Е.Сағындықов­тың бастамасымен облыстық бюджеттен 200 млн теңге қаржы бөлінді. Жобалық-сметалық құ­жаттары дайындалды, маусым айында құрылыс-монтаж жұмыс­тарын жүргізу үшін бас мердігер анықталынып, тамыз айында кесене құрылысы аяқта­лынады деп жоспарлануда.

БАТЫРДЫҢ КҮШІ ЕМЕС, ҚҰТЫ БОЛҒАН...


Бек Ыбыраев, «Қобыланды батыр» кесенесі жобасының ав­торы, Шығыс елдерінің халықара­лық Сәулетшілер академиясының академигі, Қазақстан Республи­касына еңбегі сіңген сәулетші:
– Мен сіздің «халық нағыз батырдың бейнесін көргісі келеді, ендеше, неге оған мазар емес, мүсін қоймасқа» деген және «Қобыланды батыр» кесенесінің сапасы қандай болмақ?» деген сауалдарыңызға жауап берейін. Расында, қазақстандық және мәс­кеулік антрополог-ғалымдардың сүйекті зерттеу жұмыстары ұқсас әрі нәтижесінде батыр кескіні ақылды, сүйкімді болып шыққан. Бізде суретшілер мен мүсіншілер батырлар бейнесін сұсты етіп жасайды ғой. Ол ондай емес. Ең бірінші, адамның бет-бейнесін салуға болмайды. Қазір суретші­лер ханның да, бидің де суретін салып қойған. Алғаш адамның бейнесін салған сақтар. Кейін ғұндар, түріктер т.б адамның бетін салмаған. Бұл жағдай мұсылман­дыққа байланысты емес. Ол – бая­ғыдан келе жатқан үрдіс. Ең көп дегенде таңбасын, тасын, құлпы­тасын қоямыз. Содан кейін осы­ның ішінде аруақ бар деп, құ­ранымызды оқимыз. Ғалымдар­дың мәйіттің бас сүйегін қалпына келтіріп бергеніне рақмет, ал бей­неден мүсін жасау – сайтан­шылық. Олай істеуге болмайды. Бұл – бізге тарихтан сабақ. Шын мәнінде батырлардың күші де болмаған, тек құты болған. Ба­тырлар ізіне сарбаз еріткенде, олар жауды құтымен жеңген. Еш нәр­седен қорықпайды, аруақты, сезімтал, міне, осындай адам батыр болған.

Әрине, мазар салғанда, біз оны жақсы етіп салғымыз келеді. Бірақ қазіргі кірпіштің бұрынғының кірпішіне сапасы жетпейді ғой. Су өтпесе, кірпіш тұрады. Егер онда үлкен аруақ жатса, ол мола көп заман өтсе де, қираса да жоғал­майды. Бір уақыттарда бір ақшалы адам шығады да, қайтадан ма­зарды көтеріп қояды. Кеңес дәуірі кезінде де екі-үш адам қосылып, аруақты адамның басын көтере алды. Ал ол молада жай адам жатқан болса, еш уақытта олай болмас еді. Әрбір зираттың өміршеңдігі – онда жатқан адамға байланысты. Менің ойым – осы. Талас Омарбеков, тарих ғы­лымдарының докторы, профессор: – Қобыланды батырдың та­рихта болғаны шежіреде мойын­далған. Жиренқопа елді мекенінен қазып алынған сүйектерге жа­салған археологиялық-антро­по­логиялық, тарихи-этнография­лық ғылыми-зерттеу жұмыста­рының қорытындысы да оның өмір сүрген кезеңімен сәйкес келеді. Сондықтан оған еш күдік кел­тірудің реті жоқ.

Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі – қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі – «Қобыланды батыр» жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопиясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы – қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы – Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады.

Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді.


ҚАРЛЫҒА БЕЙНЕСІ...

 

Қазақ әйелi қай заманда да қоғам дамуында үлкен рөл алып келдi. Әйел тақырыбы - әлеуметтiк мәнi бар, ауқымды мәселе. Ұшан-теңiз тәрбиенi көктеп өскен қазақ қызы - жиырма жасында бiр елдiң данасы болғаны белгiлi. Тарихымызда ағасының найзасын сұрап, жауға шапқан арулар бар. Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүнiс, Ұлпан т.б.

 Қазақ әдебиетiнен әйел образынсыз жазылған шығарманы табу қиын. Қазақ эпостық жырларында қазақ қызының рухы өте биiк суреттелген үлгiлерi бар. Қазан төңкерiсiне дейiнгi қазақ әдебиетiнде нағыз ұлттық болмысқа тән қыздар бейнесi сомдалған.


  Бұл туралы М. Ғабдуллин: «Халық әйелдер жөнiндегi әдiлеттi, турашыл, көзқарасын ауыз әдебиетiне енгiзгенде, ақылшы, бiлгiр, дана әйелдердi ерлермен қатар қойып жыр етедi. Олардың жағымды образын жасайды» дейдi «Қазақ халқының ауыз әдебиетi» деген кiтабында.

  Бүгiнгi қазақ әдебиетiнiң оқылу жүйесiне жоғарыдағы аты аталған арулармен қатар «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлыға қыздың бейнесiн жағымды образ ретiнде қарастырғанын көрiп, кей ретте көңiлiмiзде қаяу қалатыны бар.

  Жалпы, нақты негiз - социалистiк реализмдiк тұрғыдан қаралып, бекiтiлген соң болар, Қарлыға бейнесiне мандыған талдау жасалынбағаны айқын көрiнедi. Гуманистiк көзқараспен байыптасақ, Қарлыға бейнесi ешқандай жағымды образ емес, тап-таза жауызға тән қылықпен суреттеледi. Жырда Қобыланды батырға:
«Оған қылар амалы -

Кiндiгiнiң тұсында.

 Кем соғылған төрт көзi,

Жел соғарлық шамасы.

 Мерген болсаң батырым

Басыңа салар қараны!» -

 

деп, Көбiктiнiң жанды жерiн меңзейдi. Ал, жалғыз iнiсi Быршымбайды өлтiруi жырда былай айтылады:
«Өз апасы Қарлыға,

Найзаны салды желкеден.

 Быршымбай мiнген ала атты,

Ала атты шауып бұл атты.

 «Жан апа» деп жылатты,

Жан апасы құрысын.

 Быршымбайды Қарлыға,

Айламенен құлатты,

Быршымбайды өлтiрдi».
Жырды талдаушылар мен түсiндiрушiлердiң көбi Қарлыға бейнесiн Қобыландыға деген махаббаты үшiн жоғары қойып көрсетедi. Бiздiңше, мұнда ешқандай махаббат жоқ. Айдаладағы бiр жаудың жiгiтiне бола - әкесiн, бауырын, елiн, жұртын сатып жiберген адамда махаббат болуы мүмкiн емес. Және өз елiнiң құндылығын қастерлей бiлмеген қыздың өзгенiң да бағасын бiлмейтiнi заңдылық.

  Эпоста Қарлыға - қаһарман. Бiрақ мұның көздегенi - тек Қобыландыға тұрмысқа шығу ғана. «Қобыланды батыр» жырында мифологиялық сарын аз. Реалистiк тұрғыда қамтылған. Дегенмен, жырда айтылған ұзақ ғасырдан бергi iшкi мазмұны, сипаты, орындалу түрi өзгерiске түсiп отырғанымен, Қарлыға бейнесi сол бастапқы версиясындағыдай суреттеледi.

  Тек, Радловтың қырым татарларынан жазып алған «Копланты» атты аңыз әңгiмеде ғана Қарлыға аты аталмайды. Кейбiр эпостық шығарманың түрлi варианты бар болатындай «Қобыланды батыр» дастаны да түрлiше айтылады. Түркi тектес әр халықтың табиғатына сай, болмысына орай икемделiп, әр версиясында жанрлық қалпы өзгерiп, ертегi, аңыз, әпсана түрiнде берiлген.