Файл: Тотарбайлы обыланды (xv .).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  Бiр қызығы, жырды әр жырау өз ыңғайына қарай жырлағанмен негiзгi мазмұны алғашқы версияның желiсi бойынша жасалған және жыр ауыздан-ауызға көшкенде бояуы қанығуы, күңгiрттенуi, жеткiзушiнiң өз пiкiрiн енгiзуi, тыңдаушылардың ойы - жырдағы сюжеттердiң көп өзгеруiне әкелiп соққанымен, Қарлыға бейнесi ешқандай өзгерiске түспеген. Халық, бәлкiм, осы арқылы өскелең ұрпақты опасыздықтан безiндiргiсi келген болар.

  Бiздiң сол меңзеген астарды байқай алмауымыз мүмкiн. Қарлыға қызды суреттеудегi, iс-әрекетiн бейнелеудегi аллитерацияға құрылған жырдың бiрден градациямен белең алатыны да тегiн емес-тi. Қарлығаны бейнелеудегi өрнектердiң айқындығын танытатын фигуралардың орны да ерекше. Бұл образдың динамикалық қуатын арттыра түсу үшiн қолданылады.

  Жат қызының қастандық әрекетiн Қобыландыны сүйгенi үшiн ғана эмоционалдық жағынан әрлендiрiп, бүкiл эпостық жырларда кездесетiн бейнелi сөз үлгiлерi арқылы жуып- шайған болады. 1890 жылы «Туркестанские ведомости» газетiнде Туземец деген зертттеушiнiң «Женщина на киргизской былине Копланды» деген мақаласы жарияланып, мұндағы әйелдер образына автор өз пайымдауы бойынша талдау жасайды.

  Мұнда да, кейiнгi жырды зерттеген ғалымдар Қарлыға образын жағымсыз бейне тұрғысынан алады. Мұның себебi, Құртқа мен Қарлығаның арасындағы конфликт болмауынан, Қарлыға өз елiнiң қос тұлғасы - әкесi мен iнiсiн өлтiруi үлкен айып саналмайтыны - халықтың Қобыландының мерейi үстем болғанын, батырлығын дәрiптей түсу ниетiнен туған нәрсе. Жырда Қобыландының өзi де:

 «Өзiңнiң әкең - Көбiктi,

Ақылыңды айтып өлтiрдiң.

Әкеңнен жақын кiм едi?

 Қара қыпшақ Қобыланды.

Танымайсың нең едi?

Ақ бетiнде тұлымың.

 Бiрге туған құлының,

Жалғыз iнiң Быршымбай

Өзiң шаншып өлтiрдiң,

Iнiңнен жақын кiм едi?- дейдi.
Жырда мұнымен қоса Қарлығаның Қобыландыға найза салмақ болғаны, өлтiрмек болғаны да айтылады.

Эсхилдiң бiзге жеткен драмаларының бiрiнде - Медея атты әйел бейнесi бар. Медея - өзге жұрттың жiгiтi үшiн отанын, ел-жұртын түгел сатып жiбередi. Әлем әдебиетiнде Медеяның образын ешкiм жағымды бейне етiп көрсетпейдi. Опасыз етiп қарастырған. Ал, «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлығаның мұнан несi артық?

  Дастанда Құртқа образы - данагөй, өзiнiң, Қобыландының жайы ғана емес, ел-жұрттың қамын толғайтын аяулы жан. Қарлыға хисса барысында ерлiк iс жасайды. Бiрақ оның түпкi мәнi басқа. Қарлыға көзсiз нәпсiнiң құлы ғана. Жалпы, қазақ тарихы мен қазақ ауыз әдебиетi қазақ анасының, қазақ қызының, қазақ әйелiнiң көз жасынан құралғанын ескерсек және қара ниеттiлiктi қазақ халқы өз қыздарынан алып қашып, жау қызының қолымен жасатуында да мән бар.


  Батырлар жырындағы Қарлыға образы - жағымсыз тип. Ал, Кеңес дәуiрiндегi айтылған керi пiкiрлердiң салдарынан әдебиетте күнi бүгiнге дейiн Қарашаш ару бейнесi жақсы аталмайды. I. Жансүгiров «Күйшi» поэмасында оны өте намысқой етiп суреттейдi. Ақсүйек, тектi тұқымның тәрбиесiн көрген қыз мiнезi солай қалыптасса, Iлияс оны қалай бұрмалайды? Және ол қоспасыз аргументтi айтады. Хандық, өр мiнездi қыз социалистiк реализмге жат көрiндi.

  «Абылайдың ордасына атпен келген адам жоқ!» дейтiн Қарашаш ешқандай да таптық озбыр бейне емес. Бар болғаны қанмен, сүтпен келген намысын қорғады. Ал, намыс аяққа басылғанда iзгiлiк қалмайды. Махаббатты жазса антитезаны пайдаланылып, қолдан Қодар жасай қоятын кеңестiк кей әдебиет зерттеушiлер мен жасаушыларға бұл жақсы сылтау болған едi.

  Десе де... Көбiктi батырдың ажалы өз перзентiнен келiп, өлерiндегi ақырғы сөзiне тағы бiр құлақ түрiңiзшi: «қыз он беске келгенде, атып таста...»

Абылайханға айғыр мінгізген мендік менталитеттің мешеулігі неде?

Өткен ғасырдың басында “Қара қыпшақ Қобыланды” жыры жеке кітап болып басылып шығады. Осы кітапқа (сөз 1914 жылы Қазан қаласында “Үміт” баспасынан жарық көрген кітап туралы болған сияқты) Алаштың асқар азаматы Әлихан Бөкейханов сын жазады. Ол Абайдың “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” деп басталатын өлеңінің басқа бір шумағын эпиграф етіп ала отырып, жырға төтесінен, тұтқиылдан қосылған деп көрген жолдарды “сары ала сөз” атап, ылғап, екшеп, олардың тұрған орнын, тармақ тарауына дейін анықтап, кейін “кітапты қайта басқанда Қобыланды батырдың өзінің суретін де, атының суретін де жырдағы жазуға дәл қылып, жырдағы осы бөтен сөздерді тазартып басу керек” деген ізгі ниетін білдіріп, ақырында кітаптың мұқабасынынң сыртына салынған суретке дейін сынайды.

“Қобыланды кітабының сыртында батырдың суреті басылған, - дейді Ә. Бөкейханов. – Бұл сүгірет Европа жолында кітаптағы жазудан алынған болады… Өзі Тайбурыл, өзі қазан ат сымдай созылатын кітаптың басындағы суретте тіпті көрінбейді. Кітаптағы ат орыстың “тяжеловоз” дейтін жүк аты; шабандығы өгіздің сәл-ақ алдында; жал-құйрығы құшақ айғыр. Жырдағы шын Тайбурыл – азбан. Кітапта суреті салынған бозайғырдың бірде-бір мүшесі, жылқылығынан басқа, Тайбурылға ұқсамайды. Суретке қараңыз, осы боз айғыр қалайша сымдай созылмақ?” (Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1994,-310-312 беттер).

Осы жолдарды оқығаннан кейін еріксіз ойланып қаламыз. Егер, Әлихан Бөкейханов біздің тәуелсіздік жылдарымызда тұрғызған тұғырдағы “Тайбурылдарымызды” көрсе не дер еді? Бәлкім, “қой мінезді құлындарым-ау, ұятқа қалмай мыналарыңды құлатыңдар”, - дер ме еді үзілді-кесілді.


Олай бола қалған күнде, біз де ұялмай-қызармай дау айтатынымыз кәдік. Өйткені, біздің өреміздің жеткен жері осы, өнердің шыңына шырқап шығып алған, ат құлағында ойнамаған біз сонау жүз жыл бұрынғы кәрі шалдың сөзіне құлақ ассақ, өркениетті ғасырға шегеріп тастамаймыз ба? Заманына сай адамы. Сондықтан, ұялмаймыз. Ұялмайтындығымыз, ұлттық рухани, мәдени танымнан мүлдемге қара үзіп қалғанымыз миымызға мың айтсаңыз да кіріп шықпайды. Ондай сынсымақты қабылдай алатын бейсауат қабілет жоқ. Бізді намыссыз, жігерсіз, жырынсыз деп буынсыз жерге пышақ салатын шығар. Салса сала берсін, бізде де намыс, бізде де рух бар. Өлгеніміз рас. Енді-енді бойымызға, тәнімізге жан бітіп келе жатқаны және рас. Жоғалтқанымызды іздеп шарқ ұрып, жұмыр жерді шыр айналып шапқылап, жарғақ құлағымыз жастыққа тимей жүр, бағзы замандағы бабаларымыздың терлігі елі-жері үшін қан майдан, сұрапыл шайқаста ерісе, біздің пішпегіміз солардың рухын іздеумен еруде.

Ат сабылтып Санкт-Петербург бардық, ежелгі Өтүкен қойнауынан Күлтегіннің көктасын көтеріп келдік. Міне, атышулы аталарымызға бір-бір ескерткіш қойдық… тағысын тағылар.

Оқыдық, тоқыдық. Бірақ, тоқығанмен түйсінбесе ол да пайдаға аспай жататын жағы тағы бар. Тап осы түйсікті тасалау үшін шамның түбіне қарай ығысып, мифке, аңызға бет бұрып, натурализмді насыбай ғып ата сап, реализмді ірітіп, жаңа өнер формасын (модерн) соқпағын сомдаймыз. Олжас Сүлейменовке сенсек, ерен жүйрік елшіге сенбегенде кімге сенеміз. “Суретшілер өз кәсібін қорғай отырып, бейнеге баға беру өлшемі ретінде фотографияға ұқсамау керек дегенді тұжырым етіп алды. Затты ғана емес, оны өзіңнің “іштей көруіңмен” бейнелеу керек деді олар. (Біреудің ішінде ит өліп жатса да, біреу қайдан біледі – Б. Б.)

Жақында Париждегі Пикассо мұражайында болдым. Сонда топ-топ туристер рамаға салынған алуан түрлі бояулы суреттерге көз салмастан, керенау, енжар түрде өте шығып жатқанын көрдім. Ағал-жағал бояулы кемтар суреттер әлі де бағалы болып келеді” (Сырлы сұхбат // Ана тілі, қарашаның 28-і, № 48, 2002).

Солай болса да, модерндердің шалығы бізде де басымдау секілді. “Жер-жерде қалқайтып қара тұрғыза салатын болды. Қойылған ескерткіштердің көпшілігі жоғарғы кәсіби талапқа жауап бере алмайтыны ащы шындық… Бүкіл қазақтың символы болып табылатын Абылайхан ескерткішінен әрі қолбасшы, әрі батыр, қаһарман тұлғаның қаһарлы мысын сезіне алмаймыз” (Ескерткішке реформа керек.// Қазақ әдебиеті. № 43, 25.10. 2002). Сезінбек тұрмақ, ішің бұлқан-талқан болып, ескерткішке мүсіркеп қараймыз. Шынтуайтында біздің ескерткіштеріміз, жарықтық, Абылай көрді деп айтуға ауыз бармайтын түс секілді қожырап тұр.


Қазақта “албасты кірпікке қарай басады” деген нақыл сөз бар. Өрсіз сұлбалары жаныңды жасытудай-ақ жасытады. Мұны сыншыларымыздың өзі де ақтай отырып мойындайды. “Алматының бас алаңы… көк тіреген сынтастың ұшар басында бір кездегі қаһарлы, ал қазір жуасыған мифтік қанатты барыстың үстінде хас батыр қасқайып тұр” (Астын сызған – Б. Б.) (Шота Уәлиханов: “Айы оңынан туған адаммын” (сұхбат) // Қазақ әдебиеті. № 44. 01.11. 2002). Иә, бір кездегі қаһарлы, ал қазір жуасыған! Жуасыған барысқа қасқайып кім мінбейді? Неге жуасуымыз керек? - дейді ішкі түйсігіміз.

Біз осылай ойлаған сайын, көкейімізге Елбасының мына бір сөзі орала береді.

“Еуропацентристердің және олардың сойылын соққан кеңестік насихат пен ғылымның көшпелілер тарихын саналы түрде кемсітуі, көшпелілерді бейғам, жалқау, ынта-жігерсіз, жартылай жабайы тірлік құрушы халық етіп көрсетуі қазақтың ұлттық сана-сезімін күйретіп-құртатын рөл атқарды” (Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999, -40 бет)

Осы рөл ескерткіш-мүсіндерімізден қылаң беріп тұрғандай. Абылайханға айғыр мінгізіп қойып, ұялмаймыз. Бөкейханов болса, “батырдың астындағы айғыр емес, азбан” деп назаланады-ау.

Иә, ұялмаймыз. Ұялмайтындығымыз, біз енді Бөкейхановша ойлай алмаймыз. Өйткені, біз үшін “ер қанаты -ат” емес, ұшақ не болмаса машина. Сондықтан да біз атқа, жылқыға, қала берді ханыңа техника көзімен қараймыз. Сонда бізде қайдағы ұлттық рухани ішкі түйсік болады. Біздің түйсік те модернизацияланған. Керіссең, Абылай ханға айғыр міңгіздің не, ат міңгіздің не, бәрібір емес пе, әйтеуір, астында жылқы бейнелі бірдеңе тұрса болды ғой дегенге де келеміз. Сол Әлихан Бөкейханов айтқандай “Еуропа жолында” болуымыз әбден мүмкін. Мұндай екі ұдай пікірде қалуымыздың бір ұшы мысқалдай болса да бойында дәстүрлік түйсіктің түйірі қаныңда қалу-қалмауына келіп тіреледі.

Жүйрік аттың сауырын сипап, умасын уқалап, жылқының кермек иісін алақанына сіңіріп, ащы терін татпаған, оқыранып кеп шапқан айғырдың тегеуірініне тамыр-тамырынан исініп тылсым қуат тұтанбаған кісінің ат пен айғырды ажыратуы айтып-айтпай қиын болар. Одан “ер мұрынды, ат ерінді” келетін қазақы түйсікті талап ету артық та шығар.

Алайда, ақлы-ойдың түбін түсіретін кемеңгерлеріміздің ұлттық түйсіктен анағұрлым оқшауланып, қол үзді деуге қалай батылың барады.

Сонау Петерборда төртбұрыш үйдің терезесінен сығырайып отырып, Алтай тауындағы қазақтардың етіне түскен жарақаттың тез жазылып, түлейтіндігін “өмір сүргіш (выживание) қабілеттілігінен” іздеп қаңғыратын Л.Н. Гумилевтің көрегендігімен сыбайлас нәрсе (Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу. Пірәдар Ионның мемлекеті туралы аңыз. Алматы: Балауса, 1993, - 427 бет). Сана қанша жүйрік болғанымен, кейде тұрмыстың илеуіне түсіп кеттетінінің бұл айқын көрінісі. Біздің алғырлығымызыдың да шатқаяқтайтын тұсы осы. Неге біз осығұрлым өзімізді өлердей қорғаштап, жанталасып отырмыз. Ендеше,
оймен топшыламай, “Жетісу” өңіріне, Астанаға барып қайтайық.

Міне, Алматы облысы, тоғыз жолдың торабы - Үшаралда әйгілі Жоңғар қақпасына жүзін беріп, төрт бұрыш тұғырда өзі де қақшиып қалған, астындағы қайысқан қара айғыры (Қубас ат емес) да қақшиып қалған бір ескерткіш тұр. Дарабоз Қаракерей Қабанбай дейді.

Міне, Нарынқолға барар жолдың бойында Сарыжаз бен Қайнар ауылының аралығындағы бөктердің бүйірінен атқылаған (атқылатып қойған) бұлақ басынан шыққан бассыз батырдың көкжелкесінен төніп, жүрекшенің жетесінде қоңыр айғырының құйрығын сынтасқа тасқып байлап тастаған төрт қырлы тұғырда (ақ түйелі әулие емес) қабағы жалбырап тұрған біреуді көресіз. Райымбек батыр дейді екен.

Міне, Қарасай ауданының Қаскелең кеңшарының мәдениет сарайының қасында төп-төртбұрыш тұғырдағы қара айғырлы адам – Қарасай батыр екен.

Міне, Астанада Кенесары көшесінде астындағы айғыры батпаққа бата жаздап, тәлтіректеп бара жатқан киіз қалпақты, тізгінді дұрыс ұстай білмейтін шал тұр төрт қырлы тік бұрыш тас тұғырда. Оны он жыл аттан түспеген хас батыр Хан Кенең осы дейді.

Міне, Алматыда, Алматы ІІ вокзалының алдында, Абылайхан көшесінің бастауында төп-төрт бұрыш биік граниттің үстінде талыс табан, құлан жал, жуан құйрық, шардақ қарын арқыраған айғыр мінген, жалқы айылды, басына ағылшын цилиндрін басып киген қаңбақшал, қолындағы МАИ-дың таяқшасындай бірдемесімен бірдемені нұсқайды. Ақ тулы атақты Абылайханың мынау дейді...

Құдай-ау, бұл қазақтың хандары мен батырлары айғыр біткенді тақымдап мініп алғанда, үйірді кім бағады, биеге кім шабады? Болмаса, жылқы мінезді емес, қой мінезді қазақтың өзі ме? Айғыр дейміз-ау, дәлірегі, айғыр оқшас жылқы. Жылқы болғанда алды арғымақ, арты айғырға ұқсас, мүсін-будан, мүсін-метис. Қабдешше сөйлесек, “желгенде ішек-қарныңды аузыңа түсіретін қарабайыр, дончактар”. Жанарыңыз не айғыр, не оған мінген адам емес, керісінше, айғырдың екі бұтының арасына сыймай тұрған екі еніне түседі. Еріксіз езу тартасыз. Күлкі. Кекесін күлкі. Мүсін мінсіз болғанда мұнысы көрінбес еді. Ә. Бөкейханов “Тайбурыл айғыр емес, азбан” деп безектейді, құлақ аспаймыз.

Қойылғаны осы, енді қойылмағы қандай? Күні бүгінге дейін қақсаған қара орманнның сөзіне құлақ астық па екен!


Жоспар


  1. Тоқтарбайұлы Қобыланды

  2. Қобыланды батырдың сүйегі

  3. Қобыланды батыр тұлғасы қалай анықталды

  4. Батырдың күші емес, құты болған

  5. Қарлыға бейнесі