Файл: Информатика жлдызы атты сыныптан тыс сайыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Информатика жұлдызы» атты сыныптан тыс сайыс

Күні

28.02.2022

Сыныбы

8,9,10,11

Пәні

Информатика

Сайыстың аты

«Информатика жұлдызы»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:

Информатика пәніне деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау.


ә) коммуникативті:

Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



б) проблеманы шешу:

Сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу. Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау өрісін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.



  • Ресурстар

Интерактивті тақта, слайдтағы тапсырмалар, жұлдызшалар, бағалау парағы, мақтау қағаздары.

  • Нәтижелері

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.

Сайыс барысы
Сайыстың басы

Сайыстың ортасы


Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Информатика жұлдызы» сайысына қош келдіңіздер!


Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
«Информатика жұлдызы» боп, жүлде алсын», - деп бүгінгі «Информатика жұлдызы» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын балалар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Оқушының барлығын
Қол соғып қарсы алайық.
«Информатика жұлдызы» атты интеллектуалды сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз:

  1. 8-сынып оқушысы Ертіс Ерасыл

  2. 8-сынып оқушысы Жапарова Жания

  3. 9-сынып оқушысы Бөгенбай Мағжан

  4. 9-сынып оқушысы Бақытжан Нұрай

  5. 10а-сынып оқушысы Қайыржан Бақдәулет

  6. 10а-сынып оқушысы Бақытжан Гүлсезім

  7. 10ә-сынып оқушысы Сағдат Айым

  8. 10ә-сынып оқушысы Ертіс Нұрдана

  9. 11-сынып оқушысы Жетпісбай Аружан

  10. 11-сынып оқушысы Махмұт Мәди


Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.

1 . _____________________________________________________________

2 . _____________________________________________________________

3 . _____________________________________________________________


Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,

«Информатика жұлдызы» ол болады, - деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.


Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:

1-бөлім «Бәрін білгім келеді»
2- бөлім «Полиглот»
3- бөлім «Бұл не?»
4- бөлім «Мақал – сөздің мәйегі»
5- бөлім «Тапқырлық»


Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәрін

білгім келеді» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтерсе, сол оқушы жауап береді. Ол оқушы дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, келесі жалауша көтерген оқушыларға жауап беруге рұқсат беріледі.

Сұрақтар:

1.Компьютердің «миы»? (процессор)

2.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (1 бит)
3.Сыртқы жады (диск)

4.Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы және сапалысы (лазерлік)

5.Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

6.Ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы? (жылдам немесе ішкі жады)

7.Санау жүйелері қандай топтарға бөлінеді? (позициялық, позициялық емес)

  1. 8.Мәтінді жою пернелері? (Delete, Backspace)

  2. 9.Принтердің неше түрі бар? (3)

10.Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап? (Дербес компьютер)

11.«Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)

12.Логика не туралы ғылым? (адам ойлауының түрлері мен заңдары)

  1. 13.Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)

14.Компьютердің жады деп нені айтамыз? (оперативтік жад)

15.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

16.Объектілер қоймасы? (қапшық)

17.Латынның «information» сөзі нені білдіреді? (баяндау, түсіндіру)

18.Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)

19.Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)

20.Дүниежүзілік желі? (интернет)
2 кезең Полиглот

1. Латынның тісіндру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі. (Ақпарат-Информация-Informatio)

2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)

3. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)

4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse)

5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді. (енгізу-ввод-enter)

6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру-удалить-delete)

7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble)

8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window)

9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)

10. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)

11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блакнот-notebook)

12. Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады. (меңзер-курсор)

13. Бұл жолдармен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. (кесте-таблица)

14. Бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. (қапшық-папка-file)

3-бөлімді бастайық «Бұл не?» бұл бөлімде оқушылар сайысқа түседі.


30

30

30

30

ҒАЛЫМДАР

10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

ТАРИХ

10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)

20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

ИНФОРМАТИКА

10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).

30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)

ӘР ТҮРЛІ

10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, маус, модем).

30 –Сигнал дегеніміз не? (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс).

4-бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі» Бұл бөлімде оқушыларға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 1 ұпай беріледі.
1. Жүз дискің болғанша, жүз флешкаң болсын. (жүз сомың болғанша, жүз досың болсын)
2. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Жаудан қорыққан, жорыққа шықпас)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «гугл»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
9. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

10. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

11. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

12. Компьютермен ойнасаң да зиян, ойнамасаң да зиян (Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан)

13. Компьютер көркі – программа (Адам көркі шүберек)

5-бөлімді бастайық. «Тапқырлық»  бұл сайыста әр бала жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмейді , шапшандық есептеледі әр жауапқа 1ұпайдан.

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тінтуір)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)

4. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер,

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (БИТ)

5. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта)

6. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)

7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады мәтін қаламсыз (пернетақта)

8. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

9. Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)

10. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады

(меңзер)
Көрермендермен ойын
«Интернеттің пайдасы мен зияны» пікір – талас



Сайыстың соңы

Қорытынды.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. Оқушылардың жинаған ұпайларына байланысты жеңімпазды анықтайық. Әділқазылар бағалау парақшалары арқылы бағалап, жеңімпаз топты анықтайды

Мадақтау. Марапаттау.







Оқушының аты-жөні:

«Бәрін білгім келеді»

«Құпия алаң»

«Бұл не?»

«Мақал-сөздің мәйегі»

«Тапқырлық»

«Пікір-талас»

1




















2




















3




















4




















5




















6



















7




















8
























9






















10






















Бағалау парағы