Файл: Модуль бойынша саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МОДУЛЬ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс:

3

Топ:

Т-21

Сабақ нөмірі

(жұп)

20


Мамандығы-біліктілігі:

1218000 «Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары»

1218033 «Жабдықтарды пайдалану және жөндеуші технигі»

Модульдің атауы:

«КМ 04. Шикізат дайындау және ұннан дайындалатын, аспаздық және жекелеген жартылай дайын өнімдер дайындау»

Сабақтың тақырыбы:

Бұлғау машиналары

Өткізілген күні:

22 .02.2022ж.

Ұзақтығы:

2 сағат (90 мин)

Өткізу орны:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Сервис және туризм колледжі» МКК

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бұлғау машиналарының түрлерімен және жұмыс істеу ретімен танысу

Дамытушылық: Тақырыптың мәні мен мазмұнын ашу. Теорияда алған білімдерін күнделікті өмірде және жұмыста қолдануға дағдылау.

Тәрбиелік: Білім алушылардың дағдыларының, көзқарастарының қалыптасуын дамыту және жетілдіру

Күтілетін нәтижелер:

Теориялық материалды зерделеу және макарон өнімдерін кептіру жұмыстары бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктерді пысықтау

Сабақ типі:

Практикалық

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялар:

Көрнекі-иллюстрациялық (презентация), ішінара-іздестіру (зерттеу жұмысы), оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін оқу жұмысының әдістері, өзіндік оқу жұмысының әдістері.

Қажетті жабдықтар мен құралдар:

ДК, смартфондар, гаджеттер, презентациялық материалдар, дидактикалық материалдар, интерактивті оқыту құралдары

Қосымша

дереккөздер

(әдебиет):

  1. Цыганова Т.Б. Технология хлебопекарно производство, -М.: Колос, 2003

  2. Кошевой Е.П. Практикум по расчетам технологического оборудование пищевых производств, - СПб,: ГИОРД, 2002

  3. Хромеенков В.Н. Технологические оборудование хлебозаводов и макаронных фабрик / В.Н. Хромеенков. - СПб,: ГИОРД, 2002

  4. Медведев Г.А. Технология макаронного производства, - М,: Колос 2004

Оқытушымен байланыс ақпараты:

Оқытушының аты-жөні, тегі:

Тәукебаева Балғын Базарханқызы

Тел.: 8 778 246 92 44,

E-mail: balgyn.taukebaeva.95@mail.ru





Сабақ жоспары

Сабақ барысы

Уақыты (минут)

Оқытушының іс-әрекеті

Білім алушылардың іс-әрекеті

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

5

Сәлемдесу. Аудиторияның дайындығын тексеру. Студенттердің қатысуын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнымен және жұмыс кезеңдерімен танысу

Оқу материалдарын дайындау

Топтың оқу журналы, қатысу тізімдемесі

2. Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа дайындау

5

Біілм алушыларды жаңа тақырып бойынша жұмыс кезеңдерімен таныстыру

Білім алушылар тақырып бойынша зерттелетін сұрақтарды жазады

ДК, интерактивті тақта; презентациялық материалдар

3. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін қалыптастыру

30

Оқытушы мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, пәннің мақсаттары туралы ақпарат береді.

Білім алушылар жаңа тақырыпты мұқият бақылап, қажетті жерлерін белгілейді.

ДК, интерактивті тақта; презентациялық материалдар, дәптерлер, қаламдар, қарындаштар

4. Зерттелген оқу материалы бойынша білім алушылардың алғашқы білімдерін тексеру

10

Платонус платформасында мұғалім тапсырманы тағайындайды

1.Дәптерде сұрақтарды орындау

студенттердің зерттелген материалды игеруі үшін

Алынған ақпаратты пайдалана отырып, білім алушылар сұрақ қояды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді

ДК, смартфондар, гаджеттер, презентациялық материалдар

5. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін бекіту

15

Оқытушы білім алушылардың зерттелген материалды меңгеруін тексереді

Алынған ақпаратты пайдалана отырып, білім алушылар кластерді толтырады

ДК, кластер және баспа түріндегі тест тапсырмалары, қаламдар

6. Білім мен қызмет тәсілдерін қолдану

15

Топтарға бөлу. Білім алушы оқытушы дайындалған жағдаяттық тапсырмалардан бір тапсырманы таңдайды және тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Білім алушылар топта алған тапсырманы талқылап, тәжірибелік тұрғыдан жауап іздейді

Жағдаяттық тапсырмалар

8. Білімді жинақтау және жүйелеу. Білім мен қызмет тәсілдерін түзету

5

Оқытушы білім алушылар орындаған тапсырмаларды талдайды, түзету енгізеді, қателер мен дәлсіздіктерді көрсетеді және түсіндіреді

Білім алушылар қажетті сәттерді мұқият тыңдайды және тіркейді

ДК, интерактивті тақта; презентациялық материалдар

9. Үй тапсырмасы туралы ақпарат

2

Шикізат дайындайтын машиналар мен аппараттардың жұмысын схемамен көрсету. Цыганова Т.Б. Технология хлебопекарно производство, -М.: Колос, 2003

Білім алушылар тапсырмасын мұқият тыңдайды және дәптерге жазады

ДК, интерактивті тақта

10. Сабақты қорытындылау және рефлексия

3

Өткізілген сабақты талдау. Білім алушыларды бағалау және рефлексия

Білім алушылар мұқият тыңдайды

Топтың оқу журналы



Тапсырма:

  1. Дәрісті толық меңгеру, конспект жасау

  2. Бұлғау машиналары қандай заттарды араластыру үшін қолданылады?

  3. Бұлғау машиналарының бұлғауыш органдарының сызбасын сызыңыз

  4. Бұлғау машиналарының жұмыс жасау ретін өз сөзіңізбен қысқаша жазыңыз

Сұйық қоспаларды араластырып бұлғау жұмыс органдарының пәрменді әсер етуімен жүргізіледі. Араластырылатын заттардың түр-түріне қарай бұлғау машиналарының алуан түрі қолданылады. Олардың жұмыс органдарының түрлері де әр түрлі (4.7-сурет).



МВ-35М деп аталатын бұлғау машинасы (4.8-сурет) тұтастай құйылған, іші қуыс корпустан тұрады. Ол шойын тақтаға бұрандалармен бекітілген. Корпус ішінде электрқозғағыш (10), белдікті вариатор, тісті және планетарлық беріліс бар. Вариатор арнаулы шкивтерден (7), (8) және тегершіктен (маховик) (4) тұрады. Жоғарғы жетекші шкивтің (7) бір табақшасы тістегерішке (5) бекітілсе, екіншісі тегершік әсерімен қозғалады. Маховикті жылжытып шкивтің табақшасының араларын өзгерту арқылы тік біліктің айналым жылдамдығын өзгертуге болады.

Жетекші шкив (7), тістегеріш (5) және тісті дөңгелек (9) арқылы айналымаралық тісті берілістің білігіне беріледі.



Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Электрқозғағыш, сына белдікті вариатор мен планетарлық беріліс арқылы бұлғауышты тік біліктің бойымен және араластыру сыйымдылығының ішкі жағалауымен айналдырады.



МВ-6 машинасы (4.9-сурет) аз көлемді әр түрлі кондитерлік қоспаларды (белокты, жұмыртқа уызын және басқаларды) шағын тамақтандырудың орындарында дайындауға арналған. Машина корпустан (1), оның ішіне орнатылған электрқозғағыштан (13), сына белдікті вариатордан, цилиндрлі (9), конусты редукторлардан (7) жөне планетарлық берілістен тұрады. Машинаның жетегі корпустың жоғары жағында орналасқан. Электрқозғағыштың білігіне шкив (17) бекітілген. Ол сына (18) белдікті беріліс арқылы арасы жылжымалы шкивпен (10) жалғасқан. Бұл шкив маш инаның бұлғау білігіне (11) бекітілген. Корпустың алдыңғы жағындағы (3) кронштейнде (2) бұлғау сыйымдылығы орнығады.




Маркасы МВ-35-2М машинасы негізден, станинадан және машинаның жоғарғы жағынан тұрады.

Олар бір-бірімен бұрандалар арқылы бекітілген. Бұл машинаның МВ-35М машинасынан айырмашылығы - оның кинематикалық сұлбасының толықтай қайтадан құрастырылуында (4.10-сурет).



МВ-60 машинасы (4.11-сурет) МВ-35М машинасынан араластыру сыйымдылығының өлшемімен және жетек құрылымымен ерекшеленеді. Жетектегі вариатордың орнына редуктор орнатылған. Жетек көтеру механизмі бар тік бұрышты тақтаға бекітілген.

МС4-7-8-20 механизмі ПХ-0,6 деп аталатын әмбебап жетекпен жұмыс істеуге арналған. Ол жылдамдық қорапты редуктордан, ауыстырмалы сыйымдылықтардан және жұмыс органдары мен шайқағыштан тұрады. Редуктордың корпусында жетекке жалғау үшін қолданылатын құрылым мен сыйымдылық бекітуге арналған кронштейн болады.

МВП-11-1 механизмінің құрылымы жоғарыдағы механизмдікіне ұқсас.