Файл: Блім Дыбыс жне ріп Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім:

Дыбыс және әріп

Педагогтың аты-жөні

Конаккалиева А.Н

Күні:

25.01.2023

Сынып: 1 б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әже.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің қолдауыменмәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;

Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсінеді;.

Әріп элементтерінкөркем жазу талаптарына сай жазады.

Бағалау критериі

-мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді.

- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

-Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсінеді.

- Көркем жазу талаптарына сай жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану

Әдіс-тәсілдер

«Сұрақ-жауап», «1 минут» әдісі,«Ойлан,жұптас,бөліс» , «Паровоз»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы


3 минут

БІЛУ

3 минут


Жаңа білім

ТҮСІНУ
5 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күніміз шаттықта толсын.
Балалар бүгін біз сабақта екі топқа бөлінеміз.

1-топ.«Мейірім». 2-топ.«Ақыл».
Жабық тапсырма«Иә,жоқ» әдісі

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. 4

Ә. 2

Б. 3

2.Дауысты дыбыстарды тап?

А. Қ,к,ж

Ә. Р,т,а

Б. Ө,і,и

3.Дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет?

А. Ж,с,в

Ә. А,н,у

Б. С,о,а
Жұмбақты шеш:

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?

Шешуі: «Әже»

Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Әже» Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар .





Психологиялық ахуалға арналған жаттығуды орындайды.

2-топқа бөлінеді.

Топтық жұмыс ережесін естеріне түсіреді.
Дескриптор:

1.Дыбыстар нешеге бөлінетінін табады.

2.Дауысты дыбыстарды тауып белгілейді.

3.Дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетеді.


Дескриптор:

Жұмбақтың шешуін табады.Жаңа тақырыппен танысады.



Мақтау,

мадақтау

«Бас бармақ» әдісі




Суреттер



Ортасы
20 минут

ҚОЛДАНУ


ҰЖ Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу ауызша орындалады. Автор жайында қысқаша мәлімет беріледі.

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Туған өлкесінде орта білім алып, одан кейін Қызылорда педагогикалық институтында филология факультетінде оқыдыТұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы.

Мұғалім оқушыларға өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқытады. Өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелетеді.

Өлеңнің мазмұнын ашу үшін «Сұрақ-жауап»әдісінқолданып,ұжымдық жұмыс жүргізіледі.

  • Өлең не туралы айтылған?

  • Әже деген кім?

  • Ол қандай адам?

  • Әженің құшағын неліктен күнге теңеген?

  • Өлеңдегі сөздерден жіңішке және жуан дауысты дыбыстарды тап.

ЕББҚ (белсенді оқушы)

Әже сөзіне «бес жолды өлең»құрастырады
2-тапсырма Дәптермен жұмыс.(ЖЖ)

«1 минут» әдісі

Мақсаты:Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті 1 минут уақыт ішінде жазады.


– Нүктелердің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жаз

-Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.

-Дауысты дыбыстарды ажыратады

Сырбай Мәуленов жайлы мағлұмат алады.
Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды. Мұғалімнің көмегімен мазмұнына талдау жасайды.Мәтін соңындағы сұрақтарға жауапбереді.
Дескриптор:

1.Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Әже туралы түсінік береді.

3.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды табады

Сұрақтарға жауап береді.

-Өлең әже туралы айтылған

-Әкеміздің,анамыздың анасын біз әже дейміз

-Ол өте мейірімді,ақылды,дана

-Әженің жүзінен әрдайым күннің шуағы төгіліп тұрады
Дескриптор:

1.Бес жолды өлең құрастырады

2.Өлеңді оқиды
2-жаттығуда Суретте не бейнеленгенін айтады.Нүктелердің орнына тиісті әріптерді қойып оқиды.Көшіріп жазады.

Дескриптор:

1.Тиісті әріптерді қояды

2.Каллиграфиялық нормаларды сақтап,көркем жазады.

3.Дауысты және дауыссыз дыбысты ата

4.Дауысты дыбыстарды ажыратады



«Бас бармақ» әдісі



«Бас бармақ» әдісі





Дәптер

Сергіту сәті
2 минут

Қолды созамыз,

Қолды жазамыз,

Қарлығаш болып қалықтаймыз,

Оқудан да,жазудан да.

Ешқашанда жалықпаймыз.

Өлеңді хормен айтып,сергіту сәтінде айтылған қимылдарды жасап көңіл-күйлерін көтереді.

Мақтау,

мадақтау





Сабақтың соңы


7 минут


Бекіту
3 минут

Ынталандырушы ортасы


Кері байланыс

2 минут


3-жаттығу ЖЖ

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісіБерілген әріптерден бірнеше сөз жаса.

Сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айт.

Мысалы:Жел,от,бел,бес,тер,сол,ал,ат т.б

«Паровоз» ойыны ТЖ

Пойыз жүру үшін вагондарды тіркейміз.

1-топ: Жуан дауыстылар: сан – ал – ыс– ор – сызұн –тұс;

2-топ: Жіңішке дауыстылар: сән – әл – өр – іс – сіз – үн – түс.

-Балалар,осымен сабағымызды қорытындылайтын кез келді.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

-Сабақта қандай мағлұмат алдыңдар?

Ішінде нақыл сөз жазылған, қима қағаздан жасалған жүрекше бердім

«Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді»


3-жаттығуда берілген әріптерден сөз құрап айтады.Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін ажыратады.

Мысалы:Жел,от,бел,бес,тер,сол,ал,ат т.б

Дескриптор:

1.Әріптерден сөз құрайды

2.Құралған сөздерді оқиды

3.Берілген сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды табады

4.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды табады


1-топ жуан дауысты дыбысы бар буынды тіркейді

2-топ жіңішке дауысты дыбысы бар буынды тіркейді.



Жуан д.д. Сан ал тұс
Жіңішке д.д.Сән әл түс

Дескриптор:

1. Буындарды оқиды

2.Дауысты дыбыстарды ажыратады

Сұрақтарға жауап береді.

Барлық оқушыларға жүрекше сыйлау

«Алма ағашы» әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін бағалайды.

Үш түсті алманың біреуін таңдап, жабыстырады.



«Бас бармақ» әдісі

Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды




Мақтау,

мадақтау



Қима қағаздар,әріптер










Ресурс

Сабақ мақсаты немесе бағалау критерии

Ойлау дағдыларының деңгейі

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді.

Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсінеді.

Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Білу,түсіну,қолдану

Тапсырма

Тапсырманы осы жолға орналыстырасыз

БІЛУЖабық тапсырма«Иә,жоқ» әдісі

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. 4

Ә. 2

Б. 3

2.Дауысты дыбыстарды тап?

А. Қ,к,ж

Ә. Р,т,а

Б. Ө,і,и

3.Дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет?

А. Ж,с,в

Ә. А,н,у

Б. С,о,а

ТҮСІНУҰЖ Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқы,жаттап ал «Әже»

Өлеңнің мазмұнын ашу үшін «Сұрақ-жауап»әдісінқолданып,ұжымдық жұмыс жүргізіледі.

  • Өлең не туралы айтылған?

  • Әже деген кім?

  • Ол қандай адам?

  • Әженің құшағын неліктен күнге теңеген?

  • Өлеңдегі сөздерден жіңішке және жуан дауысты дыбыстарды тап.

Жазылым«1 минут» әдісі

Мақсаты:Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті 1 минут уақыт ішінде жазады.


– Нүктелердің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жаз

-Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.

-Жуан дауысты дыбысты ата

-Жіңішке дауысты дыбысты ата.

Сергіту сәті

ҚОЛДАНУ.«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі ЖЖ

Берілген әріптерден бірнеше сөз жаса.

Сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айт.

«Паровоз» ойыны ТЖ

Пойыз жүру үшін вагондарды тіркейміз.

1-топ: Жуан дауыстылар: сан – ал – ыс – ор – сыз ұн –тұс;

2-топ: Жіңішке дауыстылар: сән – әл – өр – іс – сіз – үн – түс.



Жуан д.д. Сан ал тұс
Жіңішке д.д.Сән әл түс


Дескриптор

Дескриптор:

1.Дыбыстар нешеге бөлінетінін табады.

2.Дауысты дыбыстарды тауып белгілейді.

3.Дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетеді.

Дескриптор:

1.Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Әже туралы түсінік береді.

3.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды табады

Дескриптор:

1.Тиісті сөздерді қояды

2.Каллиграфиялық нормаларды сақтап,көркем жазады.

3.Дауысты және дауыссыз дыбысты атайды

Дескриптор:

1.Әріптерден сөз құрайды

2.Құралған сөздерді оқиды

3.Берілген сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды табады

4.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды табады

Дескриптор:

1. Буындарды оқиды

2.Дауысты дыбыстарды ажыратады


Пәндік сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылар қандай пәндік білім, дағдыны алады?

Жауабын осы жерге орналастырыңыз

Бастауыш мектепте балалардың оқудағы жетістіктерінің негізгі шарттарының бірі – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, өйткені бастауыш мектепте алынған сапалы білім барлық бұдан кейінгі кезеңдегі оқудың негізі болып табылады.

Бұл тапсырма оқу, математикалы, жаратылыстану сауаттылықты қалай дамытуға көмектеседі?

Жауабын осы жерге орналастырыңыз

Функционалдық сауаттылық – бұл сөйлеу механизмдерінің де дамуы: синонимдерді таңдай білу, мазмұндауды ықшамдау, мәтіннің мазмұнын болжай білу, мәтіндегі негізгі ойды бөліп көрсету, яғни дамыған логикалық ойлаумен тікелей байланысты ақыл-ой әрекеттерін орындау

Бастауыш мектепте оқудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға білу, түсіну, пайдалану, талдау және жинақтау, бағалау деңгейі сияқты логикалық тәсілдер деңгейіне сәйкес келетін тапсырмалар ықпал етеді..


Әдістер

«Сұрақ-жауап», «1 минут» әдісі,«Ойлан,жұптас,бөліс» , «Паровоз»

Тапсырмамен жұмысты ұймдастыру

Барлық оқушыларды қамту. ЕБҚ оқушыларға қолдау көрсету.
ЕББҚ (белсенді оқушы)

«Синквейн» әдісі арқылы тақырыпты жүйелеуге,түйінді сөзбен тиянақтауға ойын нақтылауға мүмкіндік алады

Әже сөзіне «бес жолды өлең» құрастырады

Дескриптор:

1.Бес жолды өлең құрастырады

2.Өлеңді оқиды

Оқушының қандай қажеттілігі бар?

Жауабын осы жерге орналастырыңыз: оқушы неден қиналады?

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы

Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты,бағалау критерийі,ойлау дағдыларының деңгейі мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Оқыту әдісіМәнерлеп оқу

Пәннен тыс дағдылар: мұнда тапсырмамен жұмыс жасау барысында білім алушыда дамитын пәннен тыс дағдыларды көрсете отырып, жауапты орналастырыңыз.

Танымдық қасиеттерін жоғарлата отырып,сөздік қорын молайтуға,есте сақтау қабілетін жоғары болуына ықпал жасайды