Файл: Оу жоспарыны рылымы мен мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны
Оқу жоспары – бұл белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап дайындалған құжат. Оқужоспарында белгілі бір сыныпта белгілі бір пән бойынша меңгерілетін материалжан-жақты сипатталады, сондай-ақ ол материалды оқыту реті ұсынылады.

Оқу жоспарындақамтылатын мәселелер:

  • ұзақ мерзімді жоспар;

  • орта мерзімді жоспарлар;

  • қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды

Орта мерзімді жоспарларда оқу жылыбойындағы барлық оқу мақсаттары қамтыла отырып, оқушыларға осы мақсаттарға қолжеткізуге мүмкіндік беру үшін орындау ұсынылатын жаттығулар туралы қысқаша мәлімет келтіріледі. Бұл ұсынылатын жаттығулар мұғалімдергеөз сабақтарынәзірлеу кезінде қолдау көрсетуге бағытталған пайдалы кеңестер жазылған қысқаша жазбалармен қатар, осы сабақ аясында қолдануға болатын ресурстарды да қамтиды.

Қысқа мерзімді жоспар – мұғалімдерге өз сабағының егжей-тегжейлі жоспарында орта мерзімді жоспардың мазмұнын қалайбейімдеуге болатынына қатыстынұсқаулық ретінде ұсынылған сабақ жоспарының үлгісі.

Жалпы алғанда, оқу жоспары пән мазмұнын және оны қалай оқыту керектігін терең меңгерген мұғалімдіжаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда табысқа жету жолында жан-жақты қамтамасыз етуге арналған.

Оқу жоспарын нормативтік құжат ретінде емес, нұсқаулық ретінде қарастырудың маңызы зор, себебі мұғалімдер өздері сабақ жүргізетін сыныптардағы оқушылардың қажеттіліктері мен үлгеріміне қарай оған түзету енгізіп, бейімдей алады.