Файл: Unit Парасаттылы жне деп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар. 9 сынып



Unit:

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) Атаев Т.З.




Күні: 23.09.22




Сынып:9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Саяхат әдебі: біз өз еліміздің өкіліміз

Сабақтың мақсаты

Саяхат әдебі: Саяхаттаудан өмірге деген жаңа көзқарас қалыптастыру

Бағалау критерийі

Әрбір тапсырманың , бағалау критерийлеріне сәйкес білу, түсіну, білімін қолдану, жинақтау, бағалау дағдылары бағаланады.

  • Саяхат мәдениетінің маңызын түсінеді;

  • Саяхат бізге нені үйретеді

  • Саяхаттау мәдениетінің маңызы туралы қорытынды жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Ұйымдас-тыру


Өткен білімді еске түсіру

7 минут
Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.

Зерттеу сұрақтары:

  • Саяхат әдебі: деген не?

  • Саяхаттау мәдениетінің маңызы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»





Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут


Мәтінмен жұмыс

Зерттеу мен талдау.

Қысқаша шолу. (проблемалы баяндау, 3 минут) Саяхат дегеніміз - белгілі бір жерде немесе шет елде серуендеу, қыдыру, сол жердің табиғатын көру.

  1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден

шығу

Шынымен де, үйде отырғаныңызда түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес. Ал ақиқатына келсек, бұл ойлардың барлығы да жарты бөлігі уайымға, екінші жарты бөлігі жалқаулыққа, жаңа дүниені тануға деген қызығушылығыңыздың жоқтығына құралған догмалар ғана. Сондықтан да ойыңызды жинақтап, саяхатқа аттанып кету керек.

  1. Біздің жер шарымыз соншалықты үлкен емес екен


Үйде отырып, теледидардан өзге елдерді көргенде олардың өте шалғайда екенін сезінетініміз шындық. Тіпті басқа әлем сияқты көрінеді. Ал сол елдерге ұшақпен барып келген соң қаншалықты жақын екенімізді және неліктен демалыстарда көбірек жер аралай бермейтініміз жайлы ойлап қаламыз. Жер шарының кішкентай екенін өзге елдерде танысыңызды кездестіріп қалған сәттерде де сезінетін боласыз.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/18084/

3-тапсырма. «Саяхаттау мәдениеті қандай болуы керек?» атты шағын ой толғау жазу.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескрипторлары:

Топтың тақырып мазмұны бойынша жауап іздеп зерттейді;

Отбасының қызметінің маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.

Өз пікірлерін дәйектеп, постер жасап түсіндіреді.

Дескрипторлары:

.

Қорытынды ой түйін жасап, мәселені шешу жолын ұсынады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Алақан-жұлдыз»

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар


Сабақтың соңы

5 минут



Кері байланыс

нені білдім,

нені үйрендім,

нені білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Саяхат бізге не үйретеді?