Файл: Биология пнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары Тапсырма 1. Бір дрыс жауабы бар. Дрыс жауап 1 балл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
Тапсырма №1. Бір дұрыс жауабы бар. Дұрыс жауап– 1 балл.
1. Тірі жасушалардан тұратын өсімдік бөлімі:

А) сүрек;Б) камбий; В) склеренхима; Г) тоз.

2. Сабағында ашық өткізгіш шоқтары бар өсімдік:

А) асқабақ;Б) бидай;В) жүгері;Г) меруертгүл.

3. Қалталы саңырауқұлақ:

А) бүріскі ;Б) түбіртек;В) мухомор;Г) қайыңқұлақ.

4. Өсімдік жасушасында көп кездеседі:

А) вакуоль;Б) жасуша қабығы;В) рибосомы;Г) ядро қабықшасы .

5. Мезофиттер:А) тұзды топырақта;Б) ылғал жетіспейтін жерде;В) қалыпты ылғалда; Г) төмен температурада тіршілік ететіндер

6. Құстардың қанатында қанша саусақ бар:А) саусақ болмайды;Б) бір;В) екі;Г) үш.

7. Қазақстан Қызыл кітабына енген:

А) жасыл бақа;Б) шөп бақасы ;В) қызылаяқ бақа; Г) сақиналы құртпошым.

8. Сиырдың қарны неше бөлімді:

А) бір;Б) екі;В) үш;Г) төрт.

9.Омыртқалы жануарлардың құрлыққа шыққан кезең:

А) триас;Б) девон;В) пермь;Г) кембрий.

10. Палеозой заманының бір кезеңін пермь деп атаған ғалым:

А) Р. Мурчисон; Б) А. Сэджвик;В) Ч. Дарвин;Г) И.А. Ефремов.

11.Есту рецепторлары:

А) бос жүйке талшықтары;Б) кірпікшелі жасуша;В) емізікшелі жасушалардан;Г) түкті жасушалардан тұрады.

12. Құрамына торлы сүйек кіретін бас сүйегінің бөлімі:

А) жоғарғы жақ;Б) төменгі жақ; в) бет;Г) ми.

13. Адамда жамбас сүйегі түзілген: А) маңдай, сегізкөз,құйымшақ;Б) сербек, қасаға, шоңданай; В) сегізкөз, құйымшақ, сербек;

Г) сербек, шоңданай, құйымшақ.

14. сынауықтағы қанға 2%-тік тұз ерітіндісін қосқанда эритроциттер:А)формасын өзгертпейді;Б) ісініп, жарылады;

В) бүрісіп, ыдыстың түбіне шөгеді;Г) жоғарыға жүзіп шығады.

15. Темекі құрамындағы иіс газы қауіпті, себебі:А) артериялық қысымды көтереді;Б) гемоглобинмен берік байланыс түзеді; В) ауыр тұздарды жинайды;Г) қан ағысының бағытын өзгертеді.

16. Ататегіндегі белгінің көрініс беруі:

А) рудимент;Б) редукционды;В) филогенетикалық;Г) атавизм.

17.Бұрын өліп-біткен түрлердің белгілері бар организмдер:

А) эндемиктер;Б) гомологиялық;В) автохтонды;Г) реликті.

18. Реакция нормасы шегінде байқалатын өзгергіштік белгі:

А) фенотипті; Б) генотипті;В) паратипті;Г) экологиялық.

19. Неотения – бұл:А) Арнай қабықша не аналық денесінде өтетін бейімделушілік түрі;Б)Тарихидамудағыоргандардыңөзара өзгерісі;

В)Онтогенездіңерте (личинкалық) сатыларындакөбею қабілеті;

Г)Бірфилогенетикалық қатардаболатынөзгерістер.

20.Қазіргізаманғықұстардыңорманда,далада, шөлде, тауларда өмір сүруге бейімделуі нәтижесіндегі эволюция түрі:

А) арогенез;Б) полимеризация;В) аллогенез; Г) автономизация.

21. Бір ағзаның екінші ағза үшін қорек, не тіршілік ортасы болуы қандай қарым-қатынасқа жатады:

А) мутуализм;Б) аменсализм;В) паразитизм;Г) комменсализм.

22. Рептилияларбұл:

А) гомойотермділер;Б) эндотермділер;В) гетеротермділер;Г) эктотермділер.

23. Биоценоздағы форикалық байланыстар-бұл:

А) бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысуы; Б) бір түрдің екінші түрдің тіршілік ету нәтижесінде мекендеу жағдайларының физикалық немесе химиялық өзгеруі; в) бір түр басқа түрмен қоректенде;

Г)қауымдастықтарбіртүрлердіңсаныныңбасқатүрлерініңсандықреттелуіненегізделгенқұбылыс.

24. Ағзалардың сандық дамуы қоршаған ортада салыстырмалы минимумда болатын элементпен немесе фактормен анықталады деген тұжырымдалатын заң:

А) Ю.Либих заңы; Б) оптимум заңы;В) А.Уоллес заңы; Г) Г.Лейбниц заңы

25.Альбедо-бұл:

А) жұтылған радиацияның шағылысқан радиацияға қатынасы; Б) шағылысқан жарықтың жұтылған радиацияға қатынасы; в) шағылысқан радиацияның құлайтын радиацияға қатынасы; Г) шағылысқан радиацияның жұтылған радиацияға қатынасы.

26. Артық ұғым: А) кератин;Б) хитин;В) трипсин;Г) альбумин.

27. Мына заттардың қайсысында суда нашар еритін қосылыстар кездеспейді:

А)көмірсуларда ; Б) нәруызда; В) витаминде; Г) нуклеотидтерде.

28. Вирустық РНК бөлшектерінде болуымүмкінемес:

А) нәруыз синтезі үшін матрица болу; Б) ДНҚ синтезі үшін матрица болу;

В) жасуша иесі рецепторларын тануға қатысу;

Г) мембраналық белоктардың гендерінің болуы.

29. Бактериялар ДНҚ –ның эукариот ДНҚ-нан ерекшелегі:

А) нәруыздармен байланыспайды;

Б) ұсақ молекулалар көп;

В) аса ширатылған құрылымда;

Г) гистондар жоқ.

30. Әкесінен баласына берілмейтін белгі:

А) көккөзділік;Б) фенил кетонурия;

В) гемофелия;Г) қоңыр шаш.

2 .Тапсырма.Дұрыс жауап– 2 балла.
1. Қырықжапырақтарға тән:


I. гаплоидты споралар;

II. даму циклында гаметофиттіңбасым болуы;

III. қосалқы тамырлар;

IV. тамырдың болмауы;

V. тек жыныссыз көбею.
А) II, III;

Б) I, III;

В) I, III, V;

Г) IV, V;

Д) I, II, IV.


2. Гүлді өсімдіктердің ұрық қапшығында болады:

I. 1 жұмыртқа жасуша;

II. 2 жұмыртқа жасуша;

III. 2 архегония;

IV.синергидтер;

V. антиподтар.
А)II, III;

Б)II, III, IV, V;

В)I, IV;

Г) I, IV, V;

Д)II, IV, V.


3. Күнбағысқа тән белгілер:

I.Гүлшоғыры шатыр;

II. 5 күлтесі бар;

III.жай жапырақты;

IV.тұқымыэндоспермсіз;

V.жемісікөптұқымшалы.
А)III, IV;

Б)II, III, IV, V;

В)II, III, IV;

Г) I, III;

Д) I, III, V.

4. Қоңыр балдырлар:

I. ламинария;

II.фукус;

III.кладофора;

IV.порфира;

V. анфельция.
А) I, II;

Б) I, II, III;

В) I, II, III, IV, V;

Г)III, V;

Д)II, III, IV.

5.Тамыр бүршіктерінтүзетін өсімдіктер:

I.бидайық;

II. итмұрын;

III. осот;

IV.меруертгүл;

V.терек.
А) II, III,V;

Б) I, IV;

В) I, III, IV;

Г) I, III;

Д) II, V.

6.Карптәрізділер отрядына жатады:

I. сазан;

II. пескарь;

III. линь;

IV. налим;

V. алабұға
А) II, III,V;

Б) I, IV;

В) I, III, IV;

Г) I, II, III;

Д) II, V.



3-тапсырма. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз. Дұрыс жауап– 1 балл.

  1. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі несеп түзуге тежейді, парасимпатикалық – ынталандыратын әсер етеді.

  2. Көмірқышқыл газы тыныс алу орталығына әсер ете отырып, тыныс алудың гуморальді реттелуіне қатысады.

  3. Қанды сүзу және несептің пайда болуы бүйрек астаушасында жүреді.

  4. Жұлынның алдыңғы түбірлері сезімтал нейрондардың өсінділерін қамтиды.

  5. Ересек адамда мидың сұр заты униполярлы, биполярлы және мультиполярлы нейрондардан тұрады.

  6. Мукор саңырауқұлақтарға жатады.

  7. Гаметофит плаундар-жеке өсімдік.

  8. Үйеңкі, сирень, терек қайыңның жапырағы супротивті.

  9. Ботаникада туыстық тұқымдастар қатарға біріктіріледі.

  10. 10.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің споралары гаплоидты, ал төменгі сатыдағы өсімдіктерде диплоидты

  11. Силурдың соңында тұщы су қоймаларында алғашқы амфибиялар –ихтеостегидтер пайда болды.

  12. Буынақтылардың аяқтары көпқылтанды құрттардың параподияларынан дамыған, олар денеге буындар арқылы қозғалмалы қосылған және бірнеше буындардан тұрады.

  13. Сүтқоректілердің эритроциттерінде ядросы болады. Ол оттегінің сыйымдылығын арттырады.

  14. Губкалар- ең қарапайым көп клеткалы көп клеткалы болып табылады, бұл олардың денесінің құрылысының қарапайымдылығы мен оның жасушаларының едәуір дербестігі куәландырады

  15. Құстардың өкпелері кішкентай болғандықтан, газалмасу ішінара ауа қапшықтарында жүреді.

  16. Полиморфизм-панмиксияны шектейтін кез келген кедергілердің пайда болу құбылысы.

  17. Табиғи сұрыпталу – генотиптер мен гендер жиынтығын іріктеп шығару

  18. Барлықтіріорганизмдердіңнегізгіқұрылымдық-функционалдықбірлігі ядро болыптабылады.

  19. Мойыномыртқалары: атлант жәнеэпистрофейқосмекенділердепайдаболды.

  20. Ірі мүйізді қаралардың қарнында бактериялар мен қарапайымдар симбионтты тіршілік етеді



Тапсырма №4. Генетика есептері

1. Адамда ауру көрінеді – орақ пішінді-жасушалық анемия. Бұл ауру қанның эритроциттері дөңгелек емес, орақ тәрізді, нәтижесінде оттегі аз тасымалданады. Орақ тәрізді-жасушалық анемия толық доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды, және де геннің гомозиготикалық жағдайында ағзаның бала жасында өлуіне әкеледі. Отбасында ерлі-зайыптылардың екеуінде де анемия белгілері бар. Осы отбасында сау бала тууының пайыздық мүмкіндігі қандай?
№2. Адам ағзасындағы зат алмасу реакцияларын реттейтін екі ген Х-хромосомамен тіркескен және бір-бірінен 32 морганида қашықтықта орналасқан. У-хромосомада аллельді гендер жоқ. Доминантты гендер қалыпты зат алмасуды бақылайды. Әртүрлі мутагендік факторлардың әсері Х-хромосоманың осы учаскелеріндегі нуклеотидтердің тізбектілігін өзгертеді,бұл заттар синтезінде ауытқуларға және рецессивті тип бойынша тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі. Дені сау ата-аналардан генотипінде екі мутантты гені бар ауру бала туылады. Зат алмасуы бұзылған келесі баланың туу ықтималдығын пайызбен қандай болатынын анықтаңыз?