Файл: лтты педагогика Этнопедагогика ндылы бастауы Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ҰЛТТЫҚ  педагогика/ Этнопедагогика - ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ»

Тақырыптың өзектілігі:

Ұлттық педагогика беру өзекті мәселеге айналуда. Оқушылардың  патриоттық сезімін арттыру жолында ұлттық тәрбие көздерімен сусындата білім беру қажеттігі туындап отыр. Осы мәселені іске асыру үшін болашағымыздың рухани дамуын дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Халқымыздың орасан зор адамгершілігімен, үлкенге деген құрметімен, кішіге ізетімен, қонақжайлылығымен, ақыл-парасатымен, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен, көрегендігімен ерекшеленетін салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, мол мәдени, рухани мұраларын сақтап, оны заман өткен сайын еселеп жаңғырта түсетін қырларын оқушыларға ұғындыра білім беруді негіздеу қажеттігі айқын.Ұлттық тәрбиені білім беру үрдісіне ендіру бүгінгі таңда өзіндік ерекшеліктерімен айшықталары анық. Бұл жолда біз ұлттық құндылықтарды, мәдениетті, тарих, дәстүрімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра өзге халықтарға таныту ол пәннің ғылыми мағынасын тереңдете түседі.

Мақсаты:  Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық  мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын,  ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

 Міндеттері:

1.     Оқушыларды ана тілі мен тарихын, мәдениеті мен дінін, салт-дәстүрлерді құрметтеуге және ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру

2.     Оқушыларды  ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен  мұрасымен   таныстыру.

3.     Оқушыларды  халықтық салт-дәстүрден нәр алып  өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды  болуға тәрбиелеу.

4.     Халықтық салт-дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды дамыту

Болжау:

Ұлттық  тәрбие жұмысының негізінде алу  әрбір сынып жетекшісі үшін таптырмас қазына.  Болашақта әр сыныптың тәрбие жұмыстарын осы қағидалармен қабыстырып, ұлттық тәрбиенің  моделін жасауға болады.

Күтілетін нәтиже:

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық  мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын,  ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды азамат қалыптасады.