Файл: аза тіліне тн дыбыстарды дыбыстауа арналан фонетиалы жаттыулар 1 Кішкентай озы анасыны артынан жгіріп келе жатып айайлайды м, м, ммм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Р.Ж. Жаминова қазақ тілі мұғалімі

ГККП № 53 балабақшасы, Павлодар қаласы.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дыбыстауға арналған фонетиқалық жаттығулар

«Ә»

1 Кішкентай қозы анасының артынан жүгіріп келе жатып айқайлайды: «мә-ә-ә, мә-ә-ә, мә-мә-мә»

Ә - жіңішке дыбыс, оны ә-ә-ә-ә деп әндетуге болады. Ол сөзде де өте жұмсақ естіледі.

Ән - ән, сән-сән, мән-мән

Менің туған күніме

Әжем қуыршақ әперді,

Әкем кітап әперді,

Әсем мысық әкелді.

«І»

Кішкентай тотықұс Кеша торда отырып тұмсығымен тарсылдатып өз-өзінен қазақ тілінде сұрайды:

Кім келді? Кім? Кім? Кім?

Кеша і дыбысын өте таза, анық дыбыстайды. Егер де буында, сөзде бұл дыбыс болса, сөздің дыбысталуы өте жіңішке болады.

Ің-ің-ің кісі-кісі-кісі піл-піл-піл тіл-тіл-тіл

Қыс келді

«Ө»

Кішкентай бұзау су ішкісі келіп: «Мө-ө-ө, мө-ө-ө, мө-мө-мө» деп сұрады. Мө-мө, кө-кө, көз-көз-көз, сөз-сөз-сөз, көйлек-көйлек-көйлек
Көгілдір көктем,

Көңілді көтереді.

Көбелек гүлдерге

Көп ұшып келеді.

«Ү»

Кішкентай үкі ағаш бұтағында отырып, анасы үкіні шақырады: «ү-ү-үп, ү-ү-үп»

Кішкентай үкінің өленін бірге айтайық: ү-ү-үп, ү-ү-үп

Өлең өте жұмсақ атйылады.

Үн-үн,түн-түн, күн-күн, үкі-үкі, түлкі-түлкі
Күндей болып күліңдер,

Гүлдей болып жайнандар.

Үлкендерді қуантып

Бұлбұл болып сайрандар.

«Ұ»

Анасы баласын: Ұлым-құлыным, ұлым-құлыным. Бірге сөздерді таза, анық дыбыстайық: ұл-ұл-ұл, құс-құс-құс, құм-құм-құм

Құсты қумаңдар,

Аңды ұрмаңдар.

Табиғатты, балалар,

Аяландар, сақтандар.

«Ғ»

Кішкентай ғалым зообақта бұғыны көріп, қуанғаннан үлкен ағасына айқайлап жіберді: Аға, аға! Мынау бұғы, мынау бұғы. Ғажайып «ғ» дыбысының дыбысталуын тындап көріндерші. Дұрыс дыбыстағыларын келе ме? Ол үшін «тамағымызды шайайық». Сендер таңертен тамақтарынды шайып жатырмыз деп ойландар: ғ-ғ-ғ-ғ. Енді біздің тамағымыз таза, біз осы дыбыспен буындар мен сөздерді таза, анық айта ал
Су беремін қозыға,

Шөп беремін лағыма,

Маған қарай жүгірді-

Не беремін бұзауға?

«Ң»

Кішкентай бала оянып кетіп жылады: ің-гә, ің- гә, ің – гә. Іңкәр деген қызбала келіп уатты: дің –дің- дің. Анасы көріп, Іңкәрді мақтады. Жарайсың Іңкәр, рахмет! Кең –кең – кең, мең –мең – ме

«Қ»

Қарға орманға ұшып келіп, ағаш бұтағына отырып, жан-жағына қарап, таңырқап айқайлады: Қар-қар-қар! Қыс келді! Қыс келді! Күн суық! Күн суық! Осылай қарға ормандағы жануарларға жыл мезгілі қыс келгенін жариялады.


Қазым-қазым

Қазым-қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп саңқылда,

Жем берейін жейсін бе?

Әлде кәмпит жейсін бе?

«Һ»

Ман-ман-ман – Асан қаһарман

Һар-һар-һар - менің атым – Гауһар

Һар-һар-һар – айбарлы айдаһар.