Файл: Жамбыл жалпы білім беретін мектебі Тстер жиынтыы! Ойнайы та, ойлайы! сыныптан тыс ісшара жоспары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жамбыл жалпы білім беретін мектебі

Түстер жиынтығы! Ойнайық та, ойлайық!

(сыныптан тыс іс-шара жоспары)

Сынып жетекшілер: Асылбекова Ж.Ж.

Қазбекова З.Қ.

2022-2023 оқу жылы

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:

Түстер жиынтыгы! Ойнайық та, ойлайық

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін кенейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа, шапшаңдыққа, әсемдікке, ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Ойындар, логикалық есептерді орындату, санамақтар

Көрнекілігі: түстер , суреттер, фигуралар, сандар

Пәнаралық байланыс: сурет, еңбекке баулу, дүниетану

1,(музыка керек)
Сыныптан тыс іс-шараның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Хабарлау

Бүгін біз Түстер жиынтыгы! Ойнайық та, ойлайық !

атты іс-шара ұйымдастырамыз! Бұл іс-шараға қатысушылар өздеріне ұнаған түске киініп ,осы ортаға келіп отыр. Ендеше біз бастаймыз. (музыка қою. )

1. Сәлемдесу. Бұл кезеңде қатысушыларды ортаға шақырамыз

Ақ түс киінгендерді-

Ақ түс нені білдіреді? Бұл түс- тазалық, адалдық, шынайлық, ақкөңіл, бауырмал, мейрімді, кішіпейіл жан жағына қуаныш сыйлаушы қамкор болып келеді. (музыка қою. Ак көйлек киген)

Қызыл түс киінгендерді-

Қызыл түс нені білдіреді?-- Бұл түс-өмірге құштар, білімді, өте батыл, жігерлі, еңбекқор, киындықтан қашпайды, қайырымды болып келеді. (музыка қою. Қызыл раушан)

Сары түс киінгендерді- (музыка қою. Сары көйлек )

Сары түс нені білдіреді? Бұл түс- -- бостандықты ,жаңалыққа құштар, жаңалық ашуға бейім, үнемі қуанышқа, күлкіні сыйлаушы , ақыл- ойы басым, шығармашыл болып келеді.

Көк түс киінгендерді-

Көк түс нені білдіреді? (музыка қою. Сары көйлек )

Бұл түс- --өз жоспарын құрушы ,мақсатқа ұмтылушы, шындықты жақсы көреді, жан-жақты көз қарасы батыл,лоғикалық ойлау қабілеттері жақсы дамыған болып келеді.
(музыка қою. Көк көйлек киген)
2. Тапсырма. Кім жылдам ойыны. (табу және әкелу) музыка қою.

Әр топтан екі. Бала .Бес орындық қою.

Ақ түске жататын заттар:

Қызыл түске жататын заттар:

Сары түске жататын заттар:

Көк түске жататын заттар:

3.Тапсырма . Қарындаш ойыны

Өз. түсінің қарындаштарын алы. үлкен қарындашқа салу. 11 Сұрақ

1.Тәуелсіздік күні қай күн?
2. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?

3. Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты/өшіргіш/

4. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қалам/

5. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында./сызғыш/

6.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен./кітап/

7. Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап./дәптер/

8. Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)
9Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады (Қоңырау)
10.3 жұмыртқа 3 мин піседі. Сонда бір жұмыртқа неше мин піседі?
11.Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?

4.Тапсырма флешмоб

VІ. Сабақты қорытындылау: - Бүгінгі іс-шара сендерге ұнады ма?

-Сендерге қандай кезеңдері ұнады?

Осымен іс-шарамыз аяқталды.