Файл: Блім 1 Периодты за жне периодты жйе Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Көміртек оксидтері

(20-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.1.9 - иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • Көміртегі мен кремнийдің физикалық қасиетін сипаттау;

  • Көміртегі мен кремнийдің химиялық қасиетін ұғыну;

  • Көміртегі мен кремнийдің аллотропиялық модификациясын талқылау .

  • Көміртегі мен кремнийдің қолданылу аясын білу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ басында: Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Жаңа сабақ мақсаты, бағыттаушы сұрақтар айтылады.

Мұғалім іс-әрекеті: Жаңа сабақ түсіндіреді

Тапсырма №1. «Жеке жұмыс»

Тапсырма мақсаты: Көміртегі мен кремнийдің электронды

және графикалық формуласын құру;

Тапсырма сипаты: Көміртегі мен кремнийдің электрондық құрылысын жазады.

Оқушы іс-әрекеті: Берілген тапсырмаларды орындайды.

Бағалау: оқушы өзін-өзі бағалайды

Бағалау критерийлері:

  • Көміртегі мен кремнийдің электрондық құрылысын жаза алады.

Дескриптор:

  • Салыстыру үшін қолданылатын көміртегі атомының электронды құрылысын жазады

  • Кремний үшін электронды және графикалық формула құрастыра алады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/0e0a53c5-d4f2-499c-9d5a-4fa1564265a8

Жаңа сабаққа кіріспе

Мұғалім іс-әрекеті: Топқа бөліп, тапсырмаларын, ақпараттық мәтінін таратып, түсіндіреді, оқушы іс-әрекетін қадағалайды.

Тапсырма №2 «Топтық жұмыс»(G)

Тапсырма мақсаты: Кремний және көміртегі оның қосылыстарының (оксид, карбид) физикалық қасиетін салыстырмалы тұжырымдау, №8 көрсетілім «Активтенген көміртегі (адсорбция) арқылы ерігіен заттардың сіңірілуі»

Тапсырма сипаты: Кремний және көміртегі қосылыстарының физикалық қасиетін тұжырымдайды. Белсендірілген көмірдің адсорбциялық қасиеті.Колбаға немесе стаканға су қүйып оны күлгін сиямен бояңдар. Оған ұсақталған белсендірілген көмірді салып шайқаңдар. Одан соң сүзіндер. Ерітінді түсінің өзгерісін түсіндіріңдер

Оқушы іс-әрекеті: Екі элементтің олардың аллотропиялық түр өзгерістерін және оның қосылыстарының физикалық қасиетін сипаттайды.

Бағалау: Мұғалім-оқушы

Бағалау критерийлері:

  • Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының физикалық қасиетіне дұрыс тұжырымдама жасайды;

Дескриптор:

  • Кремний және көміртегінің физикалық қасиетіне болжам жасай алады;

  • Колардың қосылыстарының физикалық қасиетін сипаттайды;

  • Кремний және көміртегі аллотропиялық түр өзгерістеріне тұжырымдама жасай алады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Мұғалім іс-әрекеті: Шар өзекті модельдерді таратады, оқушы іс-әрекетін қадағалайды.

Тапсырма №3 «Шар өзекпен жұмыс» (Р)

Тапсырма мақсаты: Кремний және көміртегі қосылыстарының моделін құрастыру.

Тапсырма сипаты: Алмаз, кремний, кремний қос тотығы, кремний карбиді модельдерін жасайды.

Оқушы іс-әрекеті: Шар өзекті модельді құрастырады.

Бағалау: мұғалім-оқушы

Бағалау критерийлері: Кремнийдің және оның қосылыстарының моделін құрастыра алады;

Дескриптор:

  • Кремний оксидінің моделін құрастыра алады;

  • Кремний карбидінің моделін құрастыра алады;

  • Алмаз моделін құрастыра алады;

  • Графит моделін құрастыра алады;

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/0e0a53c5-d4f2-499c-9d5a-4fa1564265a8

Топтық жұмыс

6 мин

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды топқа бөліп, ақпараттық мәтін таратады, тапсырма барысымен таныстырады, оқушы іс-әрекетін қадағалайды.

Тапсырма №4 «Топтық жұмыс»(G)

Тапсырма мақсаты: Кремний және көміртегі оның қосылыстарының химиялық қасиетін сипаттау.

Тапсырма сипаты: Оқушылар топтық жұмыста кремний және көміртегі, оның қосылыстарының химиялық қасиетін тұжырымдайды.

Оқушы іс-әрекеті: Топқа бөлініп, топтық жұмысты орындайды.

Бағалау: оқушы өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • Кремний және көміртегі, оның қосылыстарының химиялық қасиетін сипаттай алады.

Дескриптор:

  • Кремний және көміртегінің химиялық қасиетін сипаттайды;

  • Кремний және көміртегі қосылыстарының химиялық қасиетін тұжырымдай алады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Жеке жұмыс

5 мин

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға тапсырма парақшаларын таратады, тапсырма барысын түсіндіреді.

Тапсырма №5. «Кремний және оның қосылыстарының қолданылуы»(W)

Бейнекөрсетілім

Тапсырма мақсаты: Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының қолданылу аясын түсіну.

Тапсырма сипаты: Кремний және көміртегі

және оның қосылыстарының қолданылуы туралы бейне жазба көреді.

Кері байланыс: Мұғалім-оқушы.

Тапсырма №6 «Жеке жұмыс» (І)

Тапсырма сипаты: Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының физикалық, химиялық қасиетін жаза алады, аллотропты түр өзгерістерін анықтайды.

Тапсырма мақсаты: Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиетін білу, аллотропиялық түр өзгерістерін ажырату.

Оқушы іс-әрекеті: Берілген тапсырмаларды орындайды.

Бағалау: Оқушы өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиетін сипаттайды.

Дескриптор:

  • Кремний және көміртегінің физикалық қасиетін тұжырымдап, аллотропиялық түр өзгерістерін ажырата алады;

  • Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының химиялық қасиетін сипаттай алады,

Кремний және көміртегі және оның қосылыстарының қолданылуын біледі.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бөлім:

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Аммиак

(21-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.1.10 - газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Сабақтың мақсаты:

Азот, оның қосылыстарының қасиеттері мен қолданылуымен танысу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру бөлімі.

Сынып оқушыларымен амандасу;

Сынып оқушыларын түгелдеу;

Оқушыларға алдын-ала парталарына қойылған жұмыс парақтарымен жұмыстану керектігі ескертіледі;

Оқушылардың сабаққа қажетті оқу құралдары түгелденеді;

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/f6eb2c66-d174-4809-b63a-b12f6384d5d0

Жаңа сабаққа кіріспе

Тапсырма атауы: Зерттеу жұмысы.

Тапсырма түрі: жеке жұмыс (I)

Тапсырма мақсаты: білімді тексеру.

Тапсырма сипаты:

  1. Сутек, оттек және азот молекуласы модельдерін жинау.

  2. Проблемалық сұрақты талқылау:

Үш молекуланың қайсысында байланыс энергиясының мәні жоғары? Неліктен?

  1. Азоттың оттегімен, сутегімен және белсенді металдармен әрекеттесуінің реакция жағдайларын түсіндіру.

  2. Тірі ағзадағы азот және фосфордың биологиялық ролін сипаттау, талдау.

  3. Азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін талдау.

Бағалау критерийлері.

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Тапсырма атауы: «Аммиакты алу және оның қасиеттерін зерттеу»

Тапсырма түрі: практикалық жұмыс.

Тапсырма мақсаты: зертханада газтәрізді аммиакты алу және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу.

Тапсырма сипаты:

  1. Зертханалық жұмысты орындау.

  • Аммиактың алыну реакциясы көрсетіледі;

  • Аммиакты алу жолын ауызша сипаттайды, түсіндіреді;

  • Аммиакты зерттейді;

  1. Технологиялық карта толтыру.

Бағалау критерийлері.

Кері байланыс.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/f6eb2c66-d174-4809-b63a-b12f6384d5d0

Топтық жұмыс

6 мин

Активити 1. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы деңгейлеріне байланысты топқа бөлу.

1 сұрақ: Найзағайдың кезінде азот (N2) атмосфералық оттегімен (О2) реакцияға түскенде атмосферада қандай молекула пайда болады? (1 топ)

2 сұрақ: Азот қосылыстарының қоршаған ортаға таралудың қандай көздерін білесіздер? (2 топ).

3 сұрақ: Қосылыстарда азот қандай тотығу дәрежелерін көрсете алады (3 топ).

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/f6eb2c66-d174-4809-b63a-b12f6384d5d0

Жеке жұмыс

5 мин

«Кинолентаны жалғастыр»

Оқушылар азот айналымының циклын қарастырады.

Азот айналымында төмендегідей маңызды биохимиялық процестерді атап өту керек:

- шіру, немесе аммонификация;

- нитрификация;

- денитрификация;

- атмосфералық ауаның фиксациясы

Бағалау: оқушылардың кері байланысы

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

«Блум кубигі» арқылы кері байланыс жүргізіледі.

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бөлім:

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Күкірт диоксиді және күкірт қышқылы

(22-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.1.11 атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау

10.2.1.12 күкірт қышқылының қолдану аймағын атау

10.2.1.13 - сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Күкірт, күкірт оксиді мен күкірт қышқылы және оның тұздары мен қасиеттері туралы білімді меңгеру және түсіну.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру бөлімі.

Сынып оқушыларымен амандасу;

Сынып оқушыларын түгелдеу;

Оқушыларға алдын-ала парталарына қойылған жұмыс парақтарымен жұмыстану керектігі ескертіледі;

Оқушылардың сабаққа қажетті оқу құралдары түгелденеді;

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/77862a55-7a39-4a53-b3bc-e0a63101f3a4

Жаңа сабаққа кіріспе

Тапсырма атауы: «Сәйкестікті анықтау»

Тапсырма түрі: жеке жұмыс (I)

Тапсырма мақсаты: білімді тексеру.

Тапсырма сипаты:

Оқушыларға кейбір заттардың формулалары формулалары: S, O2, H2S, SO2 ұсынылады. Оқушылар өздерінің үстел үстінде жатқан үлестірме материалдардың арасынан қосымша 1. формулаға сәйкес келетін сипаттаманы анықтайды.

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну:

  • Химиялық қосылыстардың қасиеттерін біледі;

Дескрипторлар:

  • Күкірт және оның қасиеттерін біледі және түсінеді;

  • Оттек және оның қасиеттерін біледі және түсінеді;

  • Күкіртсутек және оның қасиеттерін біледі және түсінеді;

  • Күкірт диоксиді және оның қасиеттерін біледі және түсінеді;

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Тапсырма атауы: «Ойлан тап»

Тапсырма түрі: сыныппен жұмыс (W)

Тапсырма мақсаты: күкірт диоксидін алу жолдарын білу.

Тапсырма сипаты:

Оқушылар күкірт диоксидін алу әдістерін сипаттайды.

Күкірт, күкіртсутек, металл сульфидтерінің жану реакцияларының теңдеуін аяқтайды.

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну:

  • Күкірт диоксидін алу жолдарын біледі және химиялық теңдеулерін жазады;

  • Күкірт, күкіртсутек, металл сульфидтерінің жану реакцияларын жазады;

Дескрипторлар:

  • Күкірт диоксидін өндірісте пиритті күйдіру арқылы алу әдісін біледі;

  • Белсенділігі төмен металдардың концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесіп, күкірт диоксидін түзетінін біледі;

  • Күкірт, күкіртсутек және металл сульфидтерінің жану нәтижесінің өнімі ретінде күкірт диоксиді түзілетінін біледі;

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/77862a55-7a39-4a53-b3bc-e0a63101f3a4

Топтық жұмыс

6 мин

Тапсырма атауы: Зерттеу жұмысы

Тапсырма түрі: топпен жұмыс (G)

Тапсырма мақсаты: қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсінеді;

Тапсырма сипаты:

  • Оқушылар қышқыл жаңбырлардың түзілу сызбанұсқасын жасайды;

  • Құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жану кезінде күкірт диоксидінің түзілетіндігін сипаттайды;

  • Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын түсіндіреді;

  • Күкірт қышқылының өсімдіктерге, мәрмәр бөлшегіне әсері көрсетілімін көреді;

  • Қоршаған ортаға қышқыл жаңбырлардың әсері туралы қорытынды жасап, постер қорғайды;

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну, қолдану.

  • Қышқыл жаңбырлар туралы сызбанұсқаны мазмұнды құрайды;

  • Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын сипаттайды;

  • Қышқыл жаңбырлардың әсерін түсіндіреді;

Дескрипторлар:

  • Қышқыл жаңбырлардың түзілуіне әсер ететін қосылыстарды нақты сипаттайды;

  • Қышқыл жаңбырлардың түзілуінің сызбасын толық сипаттайды;

  • Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсерін сипаттауда мысалдар келтіру арқылы қорытындылайды;

  • Постердің эстетикалық талғамға сай безендіріледі;

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Жеке жұмыс

5 мин

Тапсырма атауы: жаңа білімді меңгеру.

Тапсырма түрі: сыныппен жұмыс (W)

Тапсырма мақсаты: тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіну.

Тапсырма сипаты:

Кейбір тағам өнімдерін көрсетіледі (кептірілген көкөністер, ет тағамдары). Оқушыларға тағам өнеркәсібіндегі күкірт диоксидінің ролі туралы мәтін таратылады. Кейін тағам өнімдерінің тауарлық түрін және жаңалығын қалай сақтауға болатындығы туралы толық түсіндірме беріледі.

Кері байланыс.

Сіз күкірт диоксидін қолдануды адам денсаулығы үшін қауіпсіз деп санайсыз ба?-деген сауалдар құру арқылы керй байланыс жүргізіледі.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Бөлім:

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Хлорсутек және тұз қышқылы

(23-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.1.14 хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

10.2.1.15 - тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;

Сабақтың мақсаты:

  • Галогендер ұғымын түсінеді

  • Галогендердің қасиеттерін зерттейді

  • Зертханада хлор сутегін алу тәсілін және оны түтікке, колбаға жинауды білу.Хлор сутегі қасиеттерін сипаттай білу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сыныппен сәлемдесу, оқушыларға сабақта сәттілік тілеу.

Сабақтың тақырыбы мақсаттары айтылады.

Оқушылар тақтаға хлор атом құрылысын сызады (протон, нейтрон, электрон саны, энергетикалық деңгей, конфигурация, графикалық формула, валентілігі)

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/6ee527b0-d199-4608-990e-4136b4fabdac

Жаңа сабаққа кіріспе

  • Жаңа сабақты түсіну

Мақсаты: Галогендер ұғымын түсінеді

Мұғалім іс-әрекеті: Жаңа сабақ бойынша теориялық мәліметтер береді.

Сипаты: (W) (f) «Галогендер» ұғымын енгізіледі, галогендердің жалпы қасиеттерін жазады. (W) Оқушылармен галогендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру тенденцияларын талқыланады (агрегаттық күйі,түсі, қайнау температурасы)

Оқушы іс-әрекеті: берілген мәіметтерді жазады, талдайды

Кері байланыс: оқушы-мұғалім

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

  • Жеке жұмыс

Мақсаты: Хлор молекуласының құрылымын кескіндейді

Мұғалім іс-әрекеті: бақылаушы

Сипаты: (I) Оқушыларға «нүктелер мен айшықтар» диаграммасы көмегімен хлор молекуласы құрылымын кескіндеуді және молекулалар моделін жинау ұсынылады.

Оқушы іс-әрекеті: оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Кері байланыс: оқушы-оқушы

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/6ee527b0-d199-4608-990e-4136b4fabdac

Топтық жұмыс

6 мин

  • Эксперимент

Мұғалім іс-әрекеті:эксперимент жүргізеді.

Мақсаты: Галогендердің химиялық қасиеттерін зерттейді

Сипаты: (D) Йод сублимациясын көрсетіледі. Оқушылар назарын йодтың металдық жылтыр сипатына аудару.

Оқушы іс-әрекеті: бақылауларын жазады, сублимация ұғымына түсінік береді.

Кері байланыс: оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/6ee527b0-d199-4608-990e-4136b4fabdac

Жеке жұмыс

5 мин

  • Жеке жұмысы

Мақсаты: Галогендердің химиялық қасиеттерін зерттейді

Сипаты: (I) Оқушыларға хлордың жай заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құруды ұсынылады:

а) металдармен (темірмен, мыспен, натриймен); б) бейметалдармен (сутегімен, фосформен).

Мұғалім іс-әрекеті:бақылайды, бағыттайды, бағалайды

Оқушылар дәптерге жазуы керек: хлор тікелей тек оттек, көміртек, азот, және асыл газдармен ӘРЕКЕТТЕСПЕЙДІ.

Оқушыларға хлордың күрделі заттармен реакция теңдеулерін құруды ұсынылады:

а) сумен; б) салқын және ыстық сілтімен

Оқушы іс-әрекеті:оқушылар реакция теңдеулерін жазады, теңестіреді, өнімдерін атайды.

Бағалау: бағалау критерий бойынша бағалау

  1. Галогендердің жай заттармен реакциялары теңдеуін жазады

Темір, мыс, натрий металдарымен реакция теңдеулерін жаза алады

Теңдеулерді теңестіреді

Өнімдерді аталуын біледі

  1. Галогендердің күрделі заттармен реакциясы теңдеуін жазады

Сумен, салқын және ыстық сілтімен реакция теңдеулерін жаза алады