Файл: Жоспар 910 замерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жоспар 9-10

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 9.3В–Сақталу заңдары

Мектеп: Петропавл қ. ХББ НЗМ




Мұғалім аты-жөні: Касленкина Н.Е.




Сынып:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:




9 a

23.01

























Сабақ тақырыбы

Энергияның сақталу заңы.




Оқу мақсаты

  1. Энергияның сақталу заңын түсіну;

  2. Есеп шығаруда білімін қолдану.




Жетсітік критерийлері

оқушылар

  1. Энергияның сақталу заңын біледі;

  2. Жүйенің бір күйден екінші күйге ауысқанында кинетикалық энергияның және потенциалдық энергияның өзгерістерін түсіндіреді.




Тілдік мақсаттар


Пәнге байланысты лексика мен терминология:

Кинетикалық энергия, жұмыс, энергия, кинетикалық энергияның өзгерісі;

Деформация, серпімді деформация, күш,

Диалог пен жазу кезінде пайдалы сөздер:

Деформация кезінде күш жұмыс жасайды ……

График бойынша анықтауға ….





Құндылықтарды дарыту



Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау

АЖ білу және түсіну: қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас

АЖ құндылығы: басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау

АЖ дағды: диалог құра білу, сындарлы құрылымдық шешімдер ұсыну

Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту




АҚТ пайдалану дағдылары

Нұсқау карта мен қағаз ресурстар мен жұмыс.




Бастапқы білім

Күш жұмысы, Гук заңы, дене деформациясы, жұмыс, энергия, жұмыстың кинетикалық және потенциалдық энергиялардың өзгерісімен байланысы.




Сабақ барысы




Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ жұмысы

Ресурстар




1 сабақ




Сабақ басы

4 минут


5 мин

2 мин өз-өзін бағалау

1 мин кері байланыс

Оқушылардың мұғаліммен амандасуы.

Мұғалім оқушыларға жұмысқа бағыт береді .

Мұғалім оқушыларға өткен тақырып бойынша өздерін тексеруге ұсынады «Жұмыс. Энергия. Жұмыстың энергиямен байланысы»). Ол үшін оқушыларға карточкалар 2 нұска тапсырмалары деңгейіне бойынша таратылады.

Тапсырманың жауабы

Физикалық шаманың белгісі

Атауы

СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі

Формуласы

А

Механикалық жұмыс

Дж 

А=F·S·cosα

Е 

Энергия

Дж 




Fа

 Ауырлық күші

H

 F = mg

 Fсерп

Серпімділік күші

Н 

F= - k x

 Fүйк

Үйкеліс күші

Н 

F = μmg

Ер

Жерден жоғары көтерілген дененің птенциалдық энергиясы

Дж

Ер=mgh

Ер

 

Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

Дж

 

Ер= k x2/2

Ек

Кинетикалық энергия

Дж 

 

Ек=mv2/2

Осы тапсырманы орындаған кейін оқушылар бір-бірін тексереді, ол үшін карточкаларымен ауысып қарандашпен егер дұрыс болса «+», қате болса«-» және түзетеді.

Бірін бірі тексерістен кейін крточкаларын қайтарып оқушылар мұғалімнің слайдта көрсеткен жауаптарымен тексереді және қателерін түзетеді.

Мұғалім осы тапсырма бойынша қортынды жасайды және тапсырманы орындағанда қыйындық туған оқушыларға «Жұмыс. Энергия. Энергиямен жұмыс байланысы» тақырыбын қайталауды ұсынады. Пурышева Н.С. оқулығы §§ 20-21, 85-91бет,

Ссылка: http://padaread.com/?book=18175
Сабақтың келесі бөлімін бастаймыз. Жаңа тақырып

Энергияның сақталу заңы.

  1. Оқу мақсаты: Энергияның сақталу заңын түсіну;

  2. Есеп шығаруда білімін қолдану.

Карточки 1

1 слайд





Сабақ ортасы

5 минут

3 мин


Үстелдің үстінде жатқан құралдармен жұппен тәжірибе жасауға ұсынады



  1. Тәжірибе барысында оқушылар көлбеу жазықтықтан шардың домалау биіктігін өзгертеді және білеушенің горизонталь бағытта орын ауыстыруын анықтайды.

  2. Тәжірибе барысында оқушылар көлбеу жазықтықтан шардың домалау жылдамдығының өзгерісін және білеушенің орын ауыстыру байланысын анықтайды

  3. Өздерінің бақылау бойынша қортындылар жасауын ұсынады.

Мүмкіндік жауаптары: Неғұрлым үлкен биіктіктен шар түссе, соғұрлым үлкен жылдамдыққа ие болады және ол білеушені жылжыта үлкен жұмыс істей алады.

Оқушылардың жауаптарынан кейін тәжірибе бойынша диалогты оқыту әдісін қолданып талдайды.

Мұғалім: Көлбеу жазықтықтың төбесінде болғанда шар қандай энергияға ие болды?

Оқушы: потенциалдық энергияға

Мұғалім: Шар төмен домалағанда потенциалдық энергиясы қандай өзгерістерге ұшырайды және оны қалай түсіндіресің?

Оқушы: Потенциалдық энергия кемиді, себебі биіктігі кемиді.

Мұғалім: Шардың білеушеге соғылғанда қандай өзгерістерді бақыладыңдар және оларды қалай түсіндіресіңдер?

Оқушы: Шар соғылып білеушені горизонталь бағытта ығыстырады. Себебі шар өзінің энергиясымен жұмыс атқарады.

Мұғалім: төмен түскенде шардың биіктігі 0 тең сондықтан потенциалдық энергиясы нолге тең сонда ол қалай жұмыс атқарады?

Оқушы: түскен сайын оның потенциалдық энергиясы кинетикалық энергияға ауысады, себебі жылдамдығы өседі.

Мұғалім: Дұрыс, бұл бүгінгі сабақтың ең негізгі қортындысы энергия ешқайда жойылмайды және қайтадан пайда болмайды. Ол бір түрден басқа түрге ауысады.

Мұғалім сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады

Энергияның сақталу заңы.

Оқу мақсаты: Энергияның сақталу заңын түсіну;

Есеп шығаруда білімін қолдану.

Мұғалім сыныпқа сұрақтарға жауап беруді ойын әдісін ұсынады. Мұғалім «Рандомное колесо» сайттын ашады және дөңгелекте түскен оқушыға сұрақ қойады, егер сұраққа жауап берілмесе сыныптағы басқа оқушы жауап береді. Кейбір дұрыс жауаптарды тақтаға жазады.

Сұрақ-жауап.

Мұғалім колынан допты төмен тастайды. Доп еденге түсіп соғылады және жоғары көтеріледі.

1 сұрақ. Қандай күштің әсерінен доп төмен қарай қозғалады?

Оқушы: Ауырлық күшінің әсерінен

2 сұрақ. Ауырлық күшінің жұмысы неге тең? Оны математикалық түрде қалай көрсетуге болады?

Оқушы: ауырлық күшінің жұмысы потенциалдық энергияның кемуіне тең. A=-(Ep2Ep1) формуласымен өрнектеледі.

3 сұрақ. Еденге жақындау барысында доптың жылдамдығы туралы не айтуға болады?

Оқушы: Доптың жылдамдығы артады.

4 сұрақ: Осы жағдай ауырлық күшінің жұмысы кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең екенін көрсете ме. Оны математикалық түрде қалай жазуға болады.

Оқушы: Иә. A=Ek2-Ek1

5 сұрақ. Потенциалдық энергияның өзгерісімен кинетикалық энергияның өзгерістерін қалай біріктіруге болады?

Оқушы: Екеуі де ауырлық күшінің жұмысына тең сондықтан екеуін теңестіруге болады.

-(Ep2 – Ep1) =Ek2-Ek1 теңдеуін жазады.

Мұғалім қортынды жасайды: Сонымен біз сендермен негізгі заңдардың біреуін аштық. Бұл энергияның сақталу заңы деп аталады. Доптың қозғалысы көптеген уақытқа созылуы мүмкін болар еді егер кедергіге энергияның шығыны болмаса, яғни доппен жер ғана әрекеттессе, басқа сөзбен айтсақ жүие тұйық, немесе оқшауланған болса. Егер - толық механикалық энергия деп атасақ, онда энергияның сақталу заңын математикалық түрде жазылады.

Мұғалім Слайдта жазылған энергияның сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазуды ұсынады.


2-4 слайдтар

Карточка 2 (тақырып ОМ, ЖК)

http://choice-helper.com/wheelOfFortune/index?lang=ru





Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы

Рефлексия. Жетістік критериін талдайды.

Мұғалім сыныптан сұрайды:

«сіздерге не қыйын болды? ».

Қыйындықтарын анықтау.
Егер жаңа тақырып түсінуінде қыйындық туса қосымша материал ретінде Н.С. Пурышева оқулығынан, §23, 94-95 бет (http://padaread.com/?book=18175) ұсынады

6 слайд






















Сабақ соңы

4 минуты

Рефлексия:

Бүгін біз...

Мен қалай …..білемін

Мен … аламын

Маған қиын…




Дифференциация – Сіз қалай қолдайсыз?

Аса қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттерді қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау






оқушылар барлығы:

  • Энергияның сақталу заңын біледі;

Оқушылардың көбі:

  • Жүйенің бір күйден екінші күйге ауысқанында кинетикалық энергияның және потенциалдық энергияның өзгерістерін түсіндіреді.

  • Кейбіреуі:

  • Энергияның сақталу заңын демонстрациялайтын тәжірибені ұсынып, анализдейді

Тапсырмаларды орындау барысында консультациялау арқылы

Жағымды орта қалыптастыру. Жұмыс түрінің ауысуы




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты/оқыту мақсаты шынайы болды ма?

Оқыту мақсатын барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме?

Сабақ бөлімдері уақытында өткізілді ме?

Сабақтан тыс тапсырмалар болды ма, неге?

Бұл бөлімді сабақты талдау үшін пайдаланыңыз. Сабаққа қатысты сол жақ кестеге ең маңызды сұрақтарға жауап береңіз.




Қойылған мақсаттар қол жетімді, себебі оқушылар бұл тақырыппен 7, 8 сыныптарда танысқан, сондықтан жаңа тақырыптың мақсаттары толық орындалды





Қажетті оқушыларға жеке көмек көрсетілді




Сабақ бөлімдері белгілеген уақыт аралығында өткізілді. Жоспарланған амалдар барлығы орындалды.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай аспектісі жақсы өткізілді (білім беру және оқыту жөнінде ойланыңыз)?

1: Дене жылдамдығының көлбеу жазықтықтың биіктігіне тәуелділігін сапалы өзідік зерттеу. Тәжірибе қорытындысы бойынша қорытындыларды қалыптастыру.

2: Оқушылар сабақта белсенділік танытып, өткізілген тәжірибені талдау бойынша диалогқа, сонымен қатар энергияны сақтау Заңының математикалық жазбасын шығаруға қатысуы.

Сабақты жақсарту ерекшеліктері (білім беру және оқыту жөнінде ойланыңыз)?

1: Сабақ басында тексеру жұмысын орындау жөнінде толық кері байланыс беру.

2: Көршілесімен бір-бірін тексертудің орнына, оқушыларға өздерінің жауаптарын өздері таңдаған оқушыға барып, оның жауабымен өзінің жауабын салыстыруға рұқсат беру.

Сабақ барысында жеке оқушылардың табыстарын/қыйындықтарын, келесі сабақтарда неге көңіл аудару керектігін анықтадым.