Файл: азастан Республикасыны денсаулы сатау министірлігі ШО денсаулы сатау басармасыны Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медициналы колледжіШЖ кмк.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі»ШЖҚ КМК

Кәсіптік тәжірибе күнделігі

Пән : «Хирургиядағы медбикелік іс»

Мамандығы: 030200 0 “Мейіргер ісі ”

Біліктігі: 030203 3 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Білім алушының курсы: 4 Мейіргер ісі 3

Тегі: Тұрсынқанова

Аты: Қалнұр

Әкесінің аты: Нұрланқызы

Тәжірибе өту орны: ШЖҚ КМК "Семей қаласы жедел медициналық жәрдем ауруханасы" 

Тәжірибенің өту уақыты: « 15 » 04 20 22 бастап « 12 » 0 5 2022 дейін

Тәжірибенің әдістемелік жетекшісі: Жумабаев М.Ж.

Семей 2022

Күні

Атқарылған іс –шаралар

Тексерушінің қолы мен бағасы

15.04.22

Мен Тұрсынқанова Қалнұр Нұрланқызы ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медициналық колледжінің» IV курс студенті. Мен «Хирургиядағы медбикелік іс» пәні бойынша кәсіптік тәжірибемді ШЖҚ КМК "Семей қаласы жедел медициналық жәрдем ауруханасында" өттім.Кәсіптік тәжірибем 15.04.22 күні таңғы сағат 8.00-де басталды.Мен бұл пәннен кәсіптік тәжірибемді «Политравма және ортохирургия» бөлімінде өттім.Біздің тәжірибе жетекшіміз-ментор Нуркенова Қымбат Имашевна бізді қабылдап алып,емдеу мекемесімен таныстырды және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді. Және алғашқы тәжірибемді бекетте өткіздім.Жұмысымды «111-ші бұйрыққа» сәйкес қолды өңдеу алгоритмімен бастадым және орныма ағымды тазалау жүргіздім,бекеттегі мейіргердің функционалды міндетімен таныстым.
Политравма және ортохирургия бөлімі-2-ші қабатта орналасқан.Бірнеше кабинеттерден тұрады:бөлім басқармасының кабинеті,аға мейіргер кабинеті,20 палаталардан(204-223),3- бекеттен,ем шара бөлмесі,2-таза таңу бөлмесі,кіші операциялық залдан,асхана,клизма жасауға арналған бөлмеден,ординаторлық бөлме,қызметтік жеке гигиенаны сақтауға арналған бөлме,гипске арналған бөлме.

Бекеттегі жұмыстағы мейіргер міндеті:

  • Науқастарды қабылдап алып,бекітілген палаталарына орналастыру

  • 2 уақыт науқастардың температурасын,қан қысымын өлшеп отыру

  • Науқастарға тағайындалған дәрі-дәрмектерін тарату және дәрілерін қабылдауын қадағалау

  • Халі ауыр науқастарды тамақтандыру:қасық арқылы,нозогастральді зонд арқылы,гастростома арқылы

  • Халі ауыр не өз-өзіне күтім жасай алмайтын науқастарды күту:іш киімдерін ауыстыру,ақ жаймасын кірлеген сайын ауыстыру,денесін ылғалды сүрту,науқастарды жуындыру,жыныс мүшелерінің күтімін жасау,катетер,дренаждарды белгленген мөлшерде толған сайын ауыстыру,судно беру

  • Ойылулардың алдын алу:денесін камфор спирт+фурациллин ерітіндісін араластырып сүрту,төсектегі қалпын 2 сағат сайын ауыстыру,ойылу болады деген жерлерге валиктер не жұмсақ жастықшалар қою,төсек жаймасын ауыстырғанда астында ешқандай қыртыс жоқ болуына көз жеткізу,төсегінде тамақ қалдықтары болмауын қарау.Ойылу пайда бола бастаса дереу дәрігерге хабарлау себебі бұл өте ауыр асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.Ойылу болған жерлерді күнделікті өңдеп,таңғыш салу.

  • Науқастарды тасымалдау:палатасынан тағайындалған тексерулерге,мысалы,УЗИ,КТ,ЭКГ,рентген,операция жасайтын орнына,операциядан реанимацияға,реанимациядан бөлімшеге,т.б.

  • Науқастардан көктамырынан биохимиялық зерттеуге қан алу

  • Ота жасау алдында науқастарды отаға дайындау:асқазан ішек жолын,психологиялық,тері жамылғысын

  • Отадан шыққаннан кейінгі алғашқы сағаттардағы жағдайы мен жалпы жағдайын бақылау

  • Ас қорыту,зәр шығару жүйелерін бақылау

  • Күйік,үсік,сынық алған науқастардың күтімін ұйымдастыру

Алғашқы күні жасаған іс әрекеттер тізімі:

  1. Менің алғашқы жұмысым халі ауыр науқастарды тамақтандырумен басталды.Біздің бөлімшеде(Травматология)көбінесе науқастарда аяқ не қолдарында сынық не ота болғандықтан қасықпен тамақтандыруға көмектестік:Турунбаев Еділ;Машенова Алмагүл;Аширова Бақыт;Чегедеков Мұрат(31.03.1942);Касабаев Қыдырхан(05.01.1948).

  2. Тамақтандырып болғаннан кейін таңғы астан кейін қабылдауы керек дәрі дәрмектерді палаталарға тарата бастадым: ең алдымен дәрі дәрмек,пипетка, мензуркалар,су құйылған графин,тағайындаулық парақтарды жылжымалы үстелге қойып алдым.Палатаға кіріп науқастармен амандасып,өзімді таныстырдым,дәрігердің нұсқаулығына сәйкес тағайындалған дәрілерді науқасты инициалы,білезігі бойынша анықтап алып төсегі жанына тараттым және науқасқа осы дәрі жайлы қажетті ақпарат бердім.Сосын көз алдымда қабылдауын қадағалап келесі палаталарға да осы ережелерді сақтай отырып тараттым.

  3. Науқастарды тасымалдауға кірістім:УЗДГ(3-этаж),ЭКГ(3-этаж),физиотерапия(3-этаж),ЕДШ жаттығуларына(4-этаж),рентген(1-этаж),операциялық залға(2-этаж),реанимациялық залдан(2-этаж).

  4. Отадан шыққан науқаста біраз қан кету нәтижесінде ақ жаймасы ластанған,сол себепті ол науқастың ақ жаймасын ауыстырдым және қыртыс қалмағанына көз жеткіздім.

  5. Науқас Ахметкалиева Гүлбахытта қант диабеті болғандықтан глюкометрмен қан құрамындағы қант мөлшерін анықтадым және науқасқа нәтижесін хабарладым:8,7 ммоль/л бұл науқаста гипергликемия болғандықтан дереу посттағы мейіргерге хабарладым және дәрігер рұқсатымен инсулин қаламымен инсулин енгіздік.

  6. Науқасты отаға дайындадық:алдын ала асқазан ішек жолын,ота жасалатын терісін тазаладық және науқастан киімін шешіп,каталкамен тағайындалған уақытында операцияға тасымалдадық,операция біткесін науқасты реанимация бөлімінде есін жиғанша және наркоз күші кеткенше шамамен 2 сағаттай қалдырдық,2 сағат өткесін науқасты палатасына алып келіп одан арғы күтімін жасадық.

Аяқ не қолы сынған не ота жасалған науқастардың күтімін жасадым:халі ауыр науқастардың терісін ылғалды сүрттім;судно бердім;зәр қабылдағышы 3/2 бөлігіне толған сайын ауыстырдым.

Халі ауыр науқастарды тамақтандыру кезінде жасаған әрекеттерім:сүлгіні, салфетканы, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты дайындап алдым.


  1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын ұнататынын науқастан сұрадым.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айттым.

  3. Қолымды гигиеналық деңгейде жудым.

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын сүлгісімен жауып қойдым.

  5. Тумбочкіге жылы даярлаған тамақты қойдым ыңғайлы етіп.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай бердім,Фаулер қалпына келтірдім, ал тұра алмайтын науқастардың бас жағын қатты көтермей тамақтандырдым.

  7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріп,ал оң қолмен қасықты тамақпен ауызына жақындаттым.

  8. Науқасты қасықпен аз порцияда тамақтандырдым.Нанын сорпасына жібітіп салдым.

  9. Суды түтік арқылы бердім.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен құрағаттым.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан сүлгіні,қолданған ыдысты алып,төсек орындағы қиқымды қағып, науқасты ыңғайлы жағдайда жатқыздым.

  12. Қолымды жуып, құрғаттым.






16.04.22

Мен Тұрсынқанова Қалнұр 2-ші күнімді бекетте жалғастырдым.Постта жасалатын күнделікті іс әрекетімді жасадым. Бүгінгі тәжірибе барысында әйел адамның қуығын катетерлеуге көмектестім.Өздігінен жүре алмайтын науқастарды кресло каталкамен тасымалдадым.
Бүгін жасаған іс-әрекеттерім:

  • Халі ауыр науқастарға таңғы астарын бердім

  • Науқастарға таңғы астан кейін қабылдауы керек дәрілерін ережені сақтай отырып таратып бердім және көз алдымда қабылдауын қадағаладым.

  • Науқастарды тасымалдадым

  • Әйел адамның қуығына катетер қоюға көмектестім

  • Қан қысымдарын өлшеп отырдым

  • Операцияға науқас дайындауға көмектестім

Науқастарды тасымалдадым:

  • Суюндуков Айдархан(диагноз-кеуде жарақаты,қабырға сынығы):УДЗ және плевральді аймақтың рентгені

  • Михаттанов Мейрам(бұғана сынығы):ЭКГ

  • Лимеров Андрей(гонартроз-операция түрі ТЭКС):Операцияға,операциядан соң реанимация бөліміне және өз палатасына

  • Емдік дене шынықтыруға: Бакаев А.;Пидченко В.;Канашева А.;Борамбаева Д.;Бұл науқастарды емдік дене шынықтырудан кейін кресло каталкамен физиотерапияға тасымалдадым.

  • Науқастардың жалпы жағдайын бақыладым,судно сұрағандарға судно бердім және толған зәр қабылдағыштарды ауыстырдым;

  • Зәрі шықпағаннан кейін науқас Есимбекова Айманға катетер қоюға көмектестім және заттарын дайындадым.

  • Қан тобын анықтау үшін көк тамырдан қан алдым: Ақажанов Берік

  • Халі ауыр науқастарға түскі асын бердім;Қан қысымдарын өлшедім.

Өздігінен жүре алмайтын науқасты кресло каталкамен тасымалдауда қолданған әрекеттерім:

  • Кресло каталканы алдым,дөңгелектерін дезинфекцияладым.

  • Палатаны анықтап,сол палатаға кіріп науқастармен амандасып,өзімді таныстырдым.

  • Науқасқа идентификация жасадым.Науқасқа алдағы болатын шараны және қай бөлімше не тексеруге баратынын айтып түсіндірдім.

  • Науқас келісімін алғаннан кейін кресло каталканы төсегі жанына жақындаттым және тіреуішін қойдым,аяқ қойғыштарды көтердім,науқас өздігінен тұрып креслоға отыра алды.

  • Науқас отырғаннан кейін,ыңғайлы отырғанына көз жеткіздім және аяқ қойғышты түсірдім.

  • Науқастың қолы креслоның сырт жағына шықпайтындай етіп орналастырдым және тағайындалған тексеруге апардым.

Әйел науқастың қуығын катетерлеуде мен көмекші қызметін атқардым.

Заттарын дайындадым: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнаттық.Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алдық.

  2. Науқасты кермемен оңашаладым.Науқасты арқасына жатқызуға көмектестім:аяғын тізесінен бүгіп,2 жаққа сәл алшақтаттық.

  3. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеуге көмектестім. Судноны ыңғайлы етіп орналастырдым.

  4. Гигиеналық деңгейде қолымды өңдеп, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен сүрттім және қолғапты кидім.

  5. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындадым және жууға көмектестім. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындадым.Және жыныс мүшелерін катетерлеуге дайындауға көмектестім.

  6. Бір реттік катетерді упаковкасынан сәл шығарып медбикеге бердім.

  7. Оң қолмен пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстады.

  8. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстап тұрды ал мен катетердің енгізілетін жағына вазелин майын құйдым.

  9. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізді,ал мен несеп шыққанын байқағаннан кейін судноны катетердің 2-ші ұшына жақындаттым.

  10. Зәр бөлінуі аяқталғаннан кейін катетерді шығарып алды, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басып ұстап. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жууға көмектестім.

  11. Манипуляция аяқталғаннан кейін,науқас маңын жинастырдым және қолданылған заттарды мейіргер айтуымен тастадым:пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салдым,қолғап,сүрткі,мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге,ал катетерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салдым.

  12. Қолымды жуып, кептірдім.

  13. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз еттім.







18.04.22

Мен Тұрсынқанова Қалнұр 18.04.22 күнгі клиникалық тәжірибемді таза таңу кабинетінде жалғастырдым.Келе сала мейіргерімен танысып,сол жердегі жұмыс барысы түсіндірілді.Сонымен қатар стерильді үстелді жабдықтау көрсетілді алғашында сол жердегі мейіргермен бірге,ал 2-ші күні өзім жабдықтадым.Таза таңу кабинетінің мейіргерінің аты-жөні:Лаура Заманбековна

Стерильді үстелді жабдықтау:бикс,стерильді перчатка,стерильді пинцет,столды өңдеуге арналған дез.ерітінді және ветошь,цапка,яғни қысқыштар.

  • Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп антисептик септім және стерильді қолғап кидім

  • Стерильді стол үстін ветошьпен алдын ала 2 рет тағайындалған ерітіндімен өңдедім(менің жағдайымда ол-Амиксидин 0,5% ертіндісі)және ол кепкенше келесі әркетті орындадым.

  • Сыртқы түрі бойынша бикстың маркасын және стерильділігін тексердім

  • Мейіргер көмегімен биксты аштым. Стерильділік индикаторларын алып тексердім

  • Бикстың жиектерін жаба отырып матаны ашып,биксқа салынған жапқышты алдым

  • Жапқышты екі қабатқа бүгіп,столға қойдым

  • Бикстан екінші жапқышты алдым да жапқышты екіге бүктеп бірінші жапқыштың үстіне тастадым(жапқыштың жиектері барлық жағынан 30 см столдан түсіп тұру керек)

  • Беткей жапқышты «гармошка» түрінде салу (ішкі жағының соңғы қабаты-сыртқа қараған)

  • Инструменттерді стерильді пинцетпен алып стерильді столға қойдым

  • Үстіңгі жапқыштың соңдарына қысқыштар ілдім және жапқыштың жиектері барлық жағынан 30 см столдан түсіп тұратындай етіп орналастырдым

Таза таңу кабинетінің жұмысы:

  • Ағымды тазалау жүргізу жұмыс орныма және бактерицидті шамды қосу

  • Қолды гигиеналық өңдеп,стерильді перчатка кию

  • Стерильді үстелді жабдықтау

  • Таза жараны таңу үшін құралдарды дайындау

  • Іріңді жараны таңу үшін құралдарды дайындау

  • Алғашқы хирургиялық өңдеу үшін құралдарды дайындау

  • Плевра қуысын пункциялау үшін құралдарды дайындау және дәрігерге көмектесу

  • Тігіс материалын алу үшін құралдарды жинастыру

  • Таңғыш салу

  • Шиналарды салу

  • Гипс таңғыштарды салуға жәрдемдесу

  • Жергілікті анестезияны жүргізу үшін құралдарды жинастыру

Жасаған іс әрекеттерімнің тізімі:

  • Таза таңу мейіргері Лаура Заманбековна бізді қабылдап алып ,сол жердегі мейіргердің функционалды міндетімен таныстырды.7:40-та келіп ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім және бактерицидті шамды 30 минутқа қостым;

  • Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп,стерильді қолғап кидім

  • Таза таңу мейіргері Лаура Заманбековнамен стерильді үстелді жабдықтадық;

  • Политравма бөлімшесі болғандықтан науқастардың палаталарына барып таңу жасадық;

  • Эластикалық бинтті орадым

Таза жараларды таңған науқастар тізімі:

  • 211 палата-Турунбаев Еділ

  • 213 палата-Машенова Алмагүл;Сембаева Алтын

  • 217 палата-Қонаров Бақытжан

  • 218 палата-Абдыканова Жаныл;Узибаева Загила;Алипова Ханима

  • 219 палата- Касымов Бауыржан;Болат Серікжан;Табельбеков Райымбек

  • 220 палат-Есімханов Ержан;Сазанов Анатолий;Сейтқожинов Ролан;Базарбеков Данияр

  • 221 палата-Касабаев Қыдырхан;Құрманбай Серікбол;Лимеров Андрей

  • 222 палата-Аширова Бақыт;Рыскулова Нұршат;Есенбек Зәуреш;Ахметкалиева Гүлбахыт

  • 223 палата-Рахатбаев Рымхан;Чегедеков Мұрат;Жамбасбаев Мират







19.04.22

Мен Тұрсынқанова Қалнұр кезекті тәжірибемді таза таңу кабинетінде жалғастрдым.7:45-те келіп ағымды тазалау жұмыстарын жүргіздім және бактерицидті шамды 30 минутқа қостым да бактерицидті шамды қосқан жайлы және ағымды тазалау жүргізу туралы журналдарды толтырдым.
Бүгін жасаған іс әрекеттерім:

  • Ағымды тазалау жүргізу

  • Қолды гигиеналық деңгейде жуып,стерильді қолғап кию

  • Стерильді столды жинастыру және таңуға арналған құрал жабдықтарды жинау

  • Палаталарды аралап таңу жұмыстарын жүргізу

  • Эластикалық бинт орау

  • Таза таңу кабинетіне ағымды тазалау 6 рет жүргізілуі керек болғандықтан стерильді столды алып,кабинетте қолданылған құралдарды алдымен ағынды суда сосын арнайы ерітіндіге салып қойдым 20 минутқа.

Таза таңу жасаған науқастар тізімі:

  • 223 палата Сыдыков Н.

  • 223 палата Рахатбаев Р.

  • 223 палата Чегедеков М.

  • 222 палата Аширова Б.

  • 222 палата Рыскулова Н.

  • 222 палата Есенбек З.

  • 221 палата Касабаев К.

  • 221 палата Құрманбай С.

  • 221 палата Лимеров А.

  • 220 палата Есімханов Е.

  • 220 палата Сазонов А.

  • 220 палата Сейтқожинов Р.

  • 220 палата Базарбеков Д.

  • 220 палата Кузьмин К

  • 219 палата Касымов Б.

  • 219 палата Болат С.

Таза жараны өңдеп таңған іс әрекетім:Ең алдымен құрал жабдықтарды дайындап алу:стерильді салфеткалар,стерильді мақта,стерильді лоток,стерильді перчатка 1 реттік,жараны өңдеуге арналған йод ерітіндісі(менің жағдайымда ол-Повидон йод),стерильді пинцет,стерильді зажим,лейкопластырь және стерильі,стерильді емес бинт,қайшы,ісік болған науқастар үшін ісігін басу үшін левомеколь және спирт 1:1 қатынасында жасалған флакон.

  • Қолды өңдеп,резенкелі қолғап кидім

  • Палатаға кіріп науқасқа идентификация жасадым:аты-жөні ауызша және браслеті бойынша

  • Науқасты нақты анықтап алғаннан ейін жанына стерильді жылжымалы столды жақындаттым да алдағы жасалатын емшара барысын түсіндіріп келісімін алдым.Және келесі іс әрекеттерді орындадым:

  • Жарадан кір дәкені пинцетпен алдым

  • Тігіс маңына пальпация жасадым

  • Пинцетпен Повидон йод ерітіндісіне малынған дәкені өңдеп зажиммен қысып алып, алдымен жараны сосын жара аймағын айналмалы қозғалыстарымен тігісті 2 өңдедім.Егер науқаста жара аймағында ісік болса науқастың рұқсатымен алдын ала дайындалған левомеколь+спирт ерітіндісін лотокқа құйып оған бинтті салып сулап ісік бар аймақты орау,ал оның сыртынан құрғақ бинтпен орау жүргізу

  • Пинцетпен жараға құрғақ стерильді салфетка салдым

  • Дәкені лейкопластырь не бинт арқылы бекіту

  • Науқасқа керек болса эластикалық бинт орап беру

  • Жарадан алынған материалдарды және перчатканы Б класына тастау

  • Қолданылған құралдарды және таңу материалдарын әр түрлі сиымдылықтағы дез.ерітінділерге саламыз

  • Қолды жуып,өңдеу



Ағымды тазалау: алгоритмі


Жиһазды, жабдықтарды, терезе алдыларын, есіктерді ылғалды жиыстырып-тазалау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуушы және дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен тәулігіне кем дегенде екі рет (оталық бөлімшелерде оталардың арасында) жүргізіледі.

Жиыстырып-тазалау күн сайын, кем дегенде 6 рет: 

  • 1-рет – жуушы ерітінді қосумен (10 л суға 50 грамм зат).

  • 2-рет – бекітілген мөлшердегі дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен жүргізіледі.

Жуушы ерітінді:Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%

Шаралар

  • Дез.ерітіндіге шүберекті салып,дымқыл шүберекпен стерильді үстелді,мақта шариктері,салфеткалар және т.б заттар тұрған шкафты,дез.ертінді тұрға столды,жұмыс үстелін,компьютерді және оның жабдықтарын,терезе алдыларын,дез.хлормен кушетканы сүрту.Сонымен қатар жұмыс орнындағы қабырғаны сүрту.

  • Жиыстырып-тазалау еденді дезинфекциялаушы ерітіндімен жуумен аяқталады.

  • Одан кейін кварцтеу (тізбеге сәйкес) мен желдету жүргізіледі.Кварц мен жүрген жерде 30 минутқа қосылды.

  • Жиыстырып-тазалаудан кейін шүберек дезинфекциялаушы ерітінді жасау нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялаушы ерітіндіде 120 минут бойы зарарсыздандырылады, дезинфекциялаушы құралдың иісі кеткенге дейін, ағынды сумен шайылады және кептіріледі.

  • Кварцтеу жүргізуді медбике Толық тазалау мен үй-жайларды кварцтеу журналына белгілейді.

  • Бактерицидтік сәулелендіргіштердің жұмсалған уақытын есепке алу журналын толтырдым

Бөлменің ауадағы салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналын толтырдым.







Науқас Асимханов Ерік мұрыннан қан кетудегі алғашқы көмек(қан қысымы көтерілуі салдарынан).

  • Ең алдымен қан кету себебін анықтап алдым,ол үшін науқастан температурасын және қан қысымын өлшеп көрдім-180/140 мм.с.б.

  • Бұл кездегі алғашқы көмек:Гипертониялық криздерден туындаған мол мұрыннан қан кету кезінде жергілікті шаралардан басқа, ең алдымен қан қысымының төмендеуіне қол жеткізу қажет:Науқастың бас жағын жоғары қою;Қан қысымын 2 жақтан да өлшеп көру; Нифедипин (коринфар) осы мақсатта гипотензиялық әсерге жеткенше әр 15-20 минут сайын 10 мг (барлығы 10-30 мг) тағайындалады.Науқастың қан қысымын әр 10-15 минут сайын өлшеу және қан қысымын ақырындап түсіру.

  • Ал жергілікті көмек:

  • 1. Ең алдымен, науқасты отырғызып, қолына лоток беру, онда мұрыннан қан ағып кетеді және науқас аузында жиналған қанды түкіреді. Бұл қан кету дәрежесін немесе оның тоқтауын бағалаудың жалғыз әдісі. Науқасты жатқызу және басын артқа шалқайту дұрыс емес, өйткені ол жалған қан тоқтағанына әкеледі: қан мұрын жұтқыншағына түседі, жұтылады, бірақ сыртқа шықпайды. Мұрыннан көп емес қан кету дәке немесе мақтаны (құрғақ немесе 3% сутегі асқын тотығымен немесе 0,1% адреналин ерітіндісімен суланған) мұрын қанатының алдыңғы жағына енгізгеннен кейін тоқтайды, мұрын қанатын қан кететін жақтан мұрын қалқасына 5-10 минут басу, қарағұсқа және мұрынның кеңсірігіне 30 минут бойы суық ұстау.

  • 2. Егер бұл әдіс қан кетуді тоқтата алмаса, алдыңғы тампонадаға жүгіну керек. Пинцетпен немесе гемостатикалық қысқышпен тар (ені 3-5 см) стерильді дәке немесе ұзын дәке майлықтың ұшын ұстап, қан кету аймағының артында болатындай етіп мұрынға терең енгізу. Тампонды стерильді вазелин майымен алдын ала майлаған жөн. Егер қан кетуді алдыңғы тампонада тоқтатса, онда тампонды мұрын қуысында бір тәулікке қалдыру керек.

  • 3. Ұзақ және көп мөлшерде мұрыннан қан кету кезінде науқас, жедел қан жоғалту кезіндегі кез келген емделуші сияқты, айналымдағы қан көлемін толықтыруы қажет. Ауруханаға дейінгі кезеңде бұл шаралар полиглюкинді көктамырішілік инфузиямен еңгізу, ол болмаған жағдайда – натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінің 1000-1500 мл.

Халі ауыр науқасқа судно бердім

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым.

  2. Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырдым.

  3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашаладым, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастап, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төседім.

  4. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты кидім.

  5. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіп, аяқтарын аздап тізесінен бүгіп және сандарын екі жаққа алшақтаттым.

  6. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектестім.

  7. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжыттым.

  8. Науқасты көрпесімен жауып, оны жалғыз қалдырдым.

  9. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрып, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алдым.

  10. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен санитарка сүртті. Қағазды дәрет сауытына салдым.

  11. Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алдым.

  12. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектестім, көрпесімен жаптым.

  13. Дәрет сауытын клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне апардым.

  14. Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төктім, оны ыстық сумен шайдым.

  15. Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салып қойдым. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастап,қолымды жуып, кептірдім.






29.04.22