Файл: азастан Республикасы Президентіні кезектен тыс сайлауы бойынша орытынды тест тапсырмалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша қорытынды тест тапсырмалары
№ | Тест тапсырмасының қойылуы | Жауаптардың нұсқасы | Дұрыс жауап тың нөмірі | ||||
«Жалпы сұрақтар» бөлімі | |||||||
| «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қандай қатынастарды реттейді? | Қазақстан Республикасының мәслихаттары, әкімдері мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде туындайтын қатынастарды | Президент сайлауын дайындау және өткізу кезінде туындайтын қатынастарды | Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде туындайтын қатынастарды | жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс | 4 | |
| Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ - бұл ... | сайлау құқығы принципі | азамат құқығы | конституциялық құқық | сайлаушының құқығы | 1 | |
| Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы... | Республика азаматтарының он сегіз жасқа толған кезде сайлауға қатысу құқығы | Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығы | Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органының сайланбалы мүшесі болуға құқығы | Қазақстан Республикасы азаматтарының мәслихат депутаты болып сайлану құқығы | 1 | |
| Сайлаушылар Республика Президентін сайлауға тең дәрежеде қатысады және олардың әрқайсысында сәйкесінше бір бюллетеньде бір дауыс бар – бұл ... | тікелей сайлау құқығы | жанама сайлау құқығы | тең сайлау құқығы | жасырын дауыс беру | 3 | |
| Қазақстан Республикасының Президенті қанша мерзімге сайланады? | Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады | Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады | Қазақстан Республикасының Президенті төрт жыл мерзімге сайланады | Қазақстан Республикасының Президенті алты жыл мерзімге сайланады | 1 | |
| Бір адам Қазақстан Республикасының Президенті болып қатарынан қанша рет сайлана алады? | бір рет | үш рет | екі рет | үш реттен артық | 1 | |
| Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы өкілді органның депутаты болуға құқығы бар ма? | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құрметті депутаты болуға құқығы бар, бірақ басқа ақы төленетін лауазымдарды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. | тұрақты емес негізде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болуға құқығы бар | өкілді органның депутаты болуға, сондай-ақ басқа да ақы төленетін лауазымдарды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ | дұрыс жауап жоқ | 3 | |
| Қандай жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін? | Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарау нәтижесінде | Республика Конституциялық Сотының тиiстi шешiмiнiң нәтижесiнде Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының бастамашыл тобының шешiмi бойынша | Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен ауруына байланысты өз мiндеттерiн ұдайы орындай алмауымен | жоғарыда аталған барлық жағдайларда | 3 | |
| Қазақстан Республикасының Президенті ол … | мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы | мемлекеттің жетекші саясаткері | Қазақстан Республикасы атқарушы жүйесінің бірінші басшысы | жоғарыда аталған барлық жауаптар дұрыс | 1 | |
| Қазақстан Республикасының Президенті қандай сайлауларды тағайындайды? | тек қана Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына жанама сайлау | Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарына кезекті және кезектен тыс сайлау | тек қана Қазақстан Республикасы Парламентіне тікелей сайлау | Қазақстан Республикасы Парламентінің жалпыхалықтық сайлауы | 2 | |
| Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қай сәттен бастап кіріседі? | Қазақстан Республикасындағы сайлаудың қорытындылары шығарылған кезден бастап | Қазақстан Республикасының халқы мен Парламенті депутаттарының алдында сөз сөйлеген сәттен бастап | Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап | берілген нұсқалардың ішінде дұрыс жауап жоқ | 3 | |
| Қазақстан Республикасының Президенті - бұл | мемлекет басшысы, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және халықаралық аренада Қазақстанның атынан өкілдік ететін оның ең жоғары лауазымды тұлғасы | мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін оның ең жоғары лауазымды тұлғасы | мемлекет басшысы, оның Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің барлық тармақтарын басқаратын ең жоғары лауазымды тұлғасы | мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаратын оның ең жоғары лауазымды тұлғасы | 2 | |
| Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттіктері | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекітеді | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының тағайындалған республикалық референдумды, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу барысы туралы және референдум нәтижелерi туралы ақпаратты тыңдайды. және сайлау | жоғарыдағы жауаптардың барлығы дұрыс | 4 | |
| Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе шеттетілген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда қалған мерзімге оның өкілеттіктері ......... ауысады | Премьер-Министрге | Парламент Төрағасына | Парламент Мәжілісінің Төрағасына | Парламент Сенатының Төрағасына | 4 | |
| Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі… | 1 жыл | 3 жыл | 5 жыл | 6 жыл | 3 | |
| Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысуы _______… | міндетті | 18 жастан 60 жасқа дейінгі азаматқа міндетті | ерікті | табиғи заң | 3 | |
| Қазақстан азаматтары неше жастан бастап белсенді сайлау құқығына ие? | 16 жас | 18 жас | 21 жас | 25 жас | 2 | |
| Қазақстан Республикасы Президентінің ____________ болуға, өзге де _____________ іс жүргізуге және ___________ қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. | өкілді органның депутаты, ақылы лауазымдар, ғылыми | Үкімет басшысы, сайланбалы қызмет, кәсіпкер | өкілді органның басшысы, сайланбалы лауазымдар, коммерциялық | өкілді органның депутаты, ақылы лауазымдар, кәсіпкерлік | 4 | |
| Республика Президентiн, сайлауда ________ дауыс берiледi әрi сайлаушылардың _____________________ жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi. | жасырын, еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау | ашық, қысым | тікелей, құқықтарды бұзу | барлық жауаптар дұрыс | 1 | |
| Қай күн «тыныштық күні» деп аталады? | сайлауды тағайындаған күн | сайлау күнінен бір күн бұрын | дауыс беру күні | дауыс беру күнінен кейінгі күн | 2 | |
| Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындайды | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі | Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі | Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы | 2 | |
| Кезектен тыс президенттік сайлау қай мерзімде өтеді? | конституциялық заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде | қарашаның соңғы жексенбісінде | желтоқсанның екінші жексенбісі | желтоқсанның бірінші жексенбісі | 1 | |
| Президент сайлауы мерзімі бойынша қандай сайлаумен сәйкес келмейді? | барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауымен | кент және ауылдық округ әкімдері сайлауымен | Парламент Сенатының жаңа құрамының сайлауымен | Парламенттің жаңа құрамының сайлауымен | 4 | |
| Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз: Олардың сайлауға, сайлануға, өзге де сайлау әрекеттерін жасауға құқығы жоқ: 1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар; 2) студенттер мен зейнеткерлер; 3) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталғандар; 4) жұмыссыз азаматтар. | 2, 4 | барлығы | 1, 3 | 2, 3 | 3 | |
| Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға жалпыға бірдей, _________ және _________ сайлау құқығы негізінде _______ дауыс беру арқылы қатысады. | тең, тікелей, ашық | тең, тікелей, құпия | тең, жанама, құпия | дұрыс жауап жоқ | 2 | |
«Сайлау комиссияларының өкілеттіктері, комиссия мүшелерінің мәртебесі» бөлімі | |||||||
| Төмендегі әрекеттердің қайсысы аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттіктеріне жатпайды? | «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын бұзған сайлау комиссияларының қызметін тоқтату туралы сотқа жүгіну. | кабиналар мен сайлау жәшіктерін дайындауды қамтамасыз ету | сайлау учаскелерінің бірыңғай нөмірленуін белгілеу | учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін беру | 1 | |
| Сайлау комиссияларының құрамын қандай орган құрады? | жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша мәслихат | Мәслихаттың ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы | саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша мәслихат | саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары негізінде мәслихат | 4 |
Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары міндетті
Кезекті президенттік сайлау кезінде кандидаттарды ұсыну қашан басталады және аяқталады?
2