ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Менің сыныбымда ерекше білімді қажет ететін бір оқушы бар –Ол Аруна . Себебі, ол оқушының сөйлеу тілі толық дамымаған.Көптеген дыбыстарды анық айта алмайды. Тапсырма орындағанда өте баяу қозғалады және айтылған ақпаратты тез ұмытып қалады. Әр тапсырманы орындаған кезде үнемі ақпаратты қайталату , көрнекіліктер, тілдік жаттығуларды жиі қолдану арқылы қолдау көрсетемін.
Барлық сынып оқушыларының қажеттіліктерін ескере отырып, мен әдебиеттік оқу сабағынан «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша курста мынандай ҚМЖ жасадым.
Оқыту мақсаттары үлгілік оқу бағдарламасына және " 2 сынып әдебиеттік оқу пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес келеді.
Айтылым және тыңдалым дағдысы бойынша2.1.2.1* шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау
Оқылым дағдысы бойынша 2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
Жазылым дағдысы 2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру
Оқытудың осы/қ мақсаттары SMART форматына және Білу , түсіну, қолдану ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келетін сабақ мақсатында нақтыланады.
Сабақ мақсаты
Шығарманың мазмұнын жоспар бойынша өз сөзімен үзіндісін мазмұндайды.
Дайын жоспар бойынша шығарманы сахналайды.
Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтар құрастырады және сұрақтың жауабын шығармадан таба алады.
Мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады
Бағалау критерилері осы сабақ мақсатынан алынды. Шығарманың мазмұнын жоспар бойынша өз сөзімен үзіндісін мазмұндайды.
Дайын жоспар бойынша шығарманы сахналайды.
Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтар құрастырады және сұрақтың жауабын шығармадан таба алады.
Мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады.
Сабақты жоспарлауда сабақтың 45 минутында мақсатқа жету қарастырылған
Сабақты жоспарлау арқылы ойлау дағдыларын білу деңгейін дамытуға бағытталған және пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың мақсаты сай Жаңа сабаққа кіріспе ретінде Мағынаны тану әдісі арқылы сабақ тақырыбы айтылады.Мұндағы сабақ мақсаты Шығарманың мазмұнын жоспар бойынша өз сөзімен үзіндісін мазмұндауға мынандай тарсырма беремін.
1-тапсырма. Ұжымдық жұмыс
. Нұсқаулық:
«Жыл мезгілдері» атты ертегіні оқимын. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ертегіні бөліктерге бөлу. Жоспар бойынша өз сөзімен мазмұндау.
Дескриптор:
-Тыңдаған шығарманы бөліктерге бөледі.
-Шығарма бөліктері бойынша жоспар құрайды.
-Дайын жоспар бойынша мазмұндайды
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар
Шығарманың желісі бойынша суреттер беріліп, сол суреттер бойынша мазмұндау
ФС «Мағынаны тану» әдісі арқылы оқушы өмірде жыл мезгіліне сай киіне білуге үйренеді
2-тапсырма. Топтық жұмыс Бағалау критериі Дайын жоспар бойынша шығарманы сахналайды. Ойлау дағдысының ..................................деңгейін дамытуға бағытталған тапсырма.
Дайын жоспар бойынша сахнала. Бұл сабақ жоспарында жоспарлаған әдістер оқу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондықтан менің жоспарлауым топтық жұмыс арқылы топтық әдіс бойынша топтарға арналған тапсырмалардың әртүрлі деңгейімен өзара әрекеттесуді қамтиды. Яғни, 3 топ шығарманың әр бөлігін сахналайды. Осындай тапсырмалардың арқасында әр адам үшін қиындықтың оңтайлы деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы үшін ыңғайсыз жағдайды болдырмауға болады. .Бұл тапсырмада ерекше білім беруді қажет ететін оқушы топтың шешімі бойынша жеңіл ролдегі кейіпкерді сахналайды.
Нұсқаулық.
І топ. Шығарманың басқы бөлігін сахнала.
ІІ топ. Негізгі бөлімін сахнала.
ІІІ топ. Шығарманың соңын сахнала.
Дескриптор:
Әр топ шығарманың үзіндісін сахналайды
ФС. Жыл мезгіліне сай өмір сүруге қажетті жағдайларды біледі.
. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы
Топтың шешімі бойынша жеңіл ролдегі кейіпкерді сахналайды
3-тапсырма. Жұптық жұмыс.Бағалау критериі Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтар құрастырады және сұрақтың жауабын шығармадан таба алады.
Нұсқаулық. Ертегі бойынша нақтылау сұрақ құрастыр және ертегіден тап.
Дескриптор:
сұрақ құрастырады ;
-жауабын ертегіден табады;
Ерекше білім беруді қажет ететін бала. Нұқаулық.
Ертегі бойынша сұрақ беремін, оқушы ертегіден сұрақтың жауабын табады.
Бұл тапсырмада ақпаратты жалпылауға және нақтылауға бағытталған тиімді сұрақтарды қолдануды жоспарлап отырмын. Өйткені сыныпта Көптеген дыбыстарды анық айта алмайтын, тапсырма орындағанда өте баяу қозғалатын және айтылған ақпаратты тез ұмытып қаладын оқушы бар. Сондықтан бұл тапсырманы орындаудауда сұрақтар қоюдың бұл әдістері әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қоюдың сабақтың негізгі сәттерін нақты түрде қайталауға мүмкіндік береді
4 тапсырма. Жеке жұмыс.Сабақ критериі Мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады. Ойлау дағдысының қолдану деңгейі.
Ертегіні бөліктерге бөліп, жоспар құрып жаз.
Ерекше білім беруді қажет ететін бала.
Берілген дайын жоспарды дәптеріне көшіріп жазады.
Бұл тапсырма білім алушылардың жеке және ерекше білім беру қажеттіліктерін ескереді және бейімделген тапсырмамен қолдау көрсетіледі. Тапсырмаларды әзірлеу кезінде білім алушылардың жеке және қажеттіліктерін есепке алу әрбір оқушыға тапсырмаларды орындауда мақсатқа жетуге мүмкіндік береді
Қ.Б ауызша мадақтау арқылы
Жарайсың
4 слайд
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдығын қалыптастыруда қатысымдық, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ – жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.
1- тапсырма
«Мағынаны тану» әдісі арқылы оқушы өмірде жыл мезгіліне сай киіне білуге үйренеді
2-тапсырма.Топтық жұмыс
Әр топ шығарманың үзіндісін сахналайды.
Жыл мезгіліне сай өмір сүруге қажетті жағдайларды біледі.
3 - тапсырма
Жұптық жұмыс
Ертегі бойынша нақтылау сұрақ құрастыр және ертегіден таптыра отырып, жыл мезгілдеріне сай еңбек түрлерін үйренеді.
4 - тапсырма
Жеке жұмыс
Ертегіні бөліктерге бөліп, жоспар құрып жаза отырып, жыл
мезгілдеріне сай еңбек түрлерін үйренеді.
Назарларыңызға рахмет.