Файл: 301топ Тажибай Аерке аза дебиетін оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

301-топ Тажибай Ақерке

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен не үйрендім?



«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын

мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен

оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы болып табылады,  ол педагогика

ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет

әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып

қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін

білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды»

А.Көшімбаев.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына жеке дербес ғылым. Себебі оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту барысында оқушылардың білімді меңгеріп , түсіну деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиемен ұштастық мәселелерін қарастырады.

Әдебиет пән мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген. Әр ұстаз өзінің пәнінен сабақ беруді бастамас бұрын бағдарламаның түсініп оқып, әдебиетті оқыту міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқаулармен, әдебиетке байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен жалпы айтқанда жүргізгелі отырған курстың барлық мақсат, міндеттерімен жете танысып, өз ісіне сауатты да салмақты қарауы тиіс.

Әдебиет пәні жеке тұлғаның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдебиет пәні - оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі  - мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарын, әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасыты қамтиды.

Әдістеме, ең алдымен - мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі болуына қызмет етеді. Ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.