Файл: Сабаты міндеттері а білімділік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын,

ч дыбысы кездесетін сөздерді оқи алу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа дыбысты сөздерді енгізу.

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік: ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, дыбыстық талдау жасау;

б)дамытушылық: ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту.

ә) тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:жаңа материалды түсіндіру сабағы. Чемодандар, сөмкелер.

Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап, ассоциация құру, ойын ,топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі: сабақтың презентациясы, сурет бөлшектері, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме, балалар және құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің сауат ашу сабағымызға қош келдіңіздер!

  • Балалар тақтадағы суретке қарандаршы суретте не бейнеленген?

  • (күн бейнеленген). (слайд №1)

Күннің көзі қандай геометриялық фигураға ұқсайды? (шеңберге)

Қазір мен сендерді барлығынды ортаға шақырамын.

Ортаға шығып шеңбер құрамыз.

Құрметті қонақтар сіздер де ортаға шығып шеңбер құрыңыздар.

Енді балармен жұптасып барлығымыз бір-бірімен амандасайық. (слайд № 2)

-Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Назарларымызды тақтаға аударайық.

Мына суретке қараңдаршы ойларына не келеді? (3 слайд)
Сендер бұл ертегіні білесіңдер ме?

Бұл ертегіде мысық не істейді? Мақта қыз мысықтың несін кесіп алады?

(4 слайд)

-Балалар, енді құйрықсыз мысық бізден көмек сұрап келіп тұр. Мысыққа көмек береміз бе?

Ол үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Мақта қыз мысыққа не деп айтады?(Маған қатық әкеліп бер дейді).

Мысық ең бірінші қайда барады ? (сиыр 5слайд)

Мысыққа көмектесу үшін сиырдың тапсырмасын орындау керек.Жұлдызшамен бағалап отыру.

Қайталау.

  1. Балалар, өткен сабақта сендер қандай дыбыспен таныстыңдар?

  2. Э дыбысы туралы не білесіңдер?

( дауысты дыбыс, жіңішке айтылады, қызыл түспен белгілейміз,сөздің басында тұрады, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі,сөздің ортасында тұрады.(6 слайд)





Э э






(7 слайд)


орыс тілінен енген сөздерде кездеседі дауысты дыбыс


Э э

сөздің басында жіңішке айтылады

тұрады
сөздің ортасында тұрады қызыл түспен белгілейміз

Ертегі желісі бойынша мысық сиырдан кейін қайда барады?

(ағашқа ) 8 слайд

Енді біз ағаштың тапсырмасын орындауымыз керекпіз.

Ағаш бізге «ойлан ,тап!» ойынын ұсынып отыр.(9 слайд)

Э дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер?

Электр,элеватор,экскаватор.(10 слайд)

Жарайсыңдар. Осы сөздердің ішінен электр сөзіне дыбыстық талдау жасайық

Мысалы: э-лектр-2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс.(11 слайд)

Э – дауысты дыбыс.

Л – дауыссыз дыбыс.

Е – дауысты дыбыс.

К – дауыссыз дыбыс.

Т – дауыссыз дыбыс.

Р – дауыссыз дыбыс.

Жарайсыңдар, балалар ағаштың тапсырмасын да орындадық.

Енді мысық қайда барады? (су әкеле жатқан қыздарға барады) (12слайд)

Қыздардың тапсырмасын орындайық. (12слайд)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.(13 слайд)

Қыздардың бізге берген тапсырмасы «Адасып кеткен сурет бөлшектерді» дұрыс орналастыру керекпіз. Ортаға шығып барлығын бірге суретті құрастырыңдар.

(5 оқушы ортаға шығып құрастырады.Суреттерді салыстыру). Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Мына суретке қарап,әңгіме құрастырайық? (
14 слайд)

Суретте кімдер бейнеленген? (2қыз,қыздарға ат қою)

Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.
Сонымен, чемодан деген не? Оны қайда пайдаланады?

(Чемоданға киімдерімізді саламыз. Алысқа жол жүруге жиналғанда мамаларымыз заттарды чемоданға салады.)

ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.

ЧЕ – МО – ДАН

Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

Ч дыбысы.(хормен)

Ч ч дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?Неліктен ?

көк түспен белгілейміз
дауыссыз дыбыс (кедергі жасалады,

Чч

созылмайды, әндете алмаймыз)
баспа,жазба түрлері бар

(Балалар, ч дыбысы дауыссыз дыбыс.Көк түспен белгілейміз.Ч әрпін айтқанда созылып айтылмайды. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Баспа,жазба түрлері болады.

Тақтада жұмыс.

Ч ч әріптерін жазу.Жұмыс жолдың 2сызықтың үстінен бастаймыз. (қиғаштап жазу,әріп биіктерін сақтап жазу,үзбей жазу,әріп элементтерін,әріптерді байланыстыра жазу)

(мұғалім) ауада жазу. (оқушылар тақтаға шығады)
Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

Кіші әріп элементтері: кіші ч әрпін үзік сызықтың үстімен жайлап басу керексіңдер оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч

үлкен әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч-----------
Сергіту сәті.

Балалар сендер шаршадыңдар. Сондықтан бойларынды жазып алайық
Балалар біз қыздардың тапсырмасын орындадық.Енді мысық кімге барады?(дүкеншіге)

Дүкеншінің тапсырмасын орындайық.

Тақтада берілген буындарды оқиық.

Тақтада берілген сөздерді оқиық.

Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі ? (Сөздің басында, ортасында)
Дүкеншінің тапсырмасын орындадық.

Дүкеншіден кейін ол қайда барады? (тауыққа)

Тауықтың тапсырмасын шешейік
Балалар, чемпиондар деген кімдер?

Үлкен жарыстарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон – 2012



олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)

Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Серік Сапиев, Майя Манеза, Илья Ильин.
Біздің мектепте де спортты жақсы көретін оқушылар бар. Солардың бірі 9 сынып оқушысы Жұмағали Райымбек.

Мысық тауықтан кейін қайда барады? (тышқанға)

Тышқанның тапсырмасы оқулықта берілген өлеңді оқу.

Оқулықпен жұмыс.

(мұғалім оқиды.Оқушыларға оқыту)



Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.
Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын бірге талдайды. Оқушылар іштей, тізбектей оқиды.

Балалар, біз сендермен барлық тапсырмаларды орындадық. Енді барлық кейіпкерлер мысыққа көмектеседі. Ал мақта қыз бен мысық дос болып кету үшін бүгінгі сабақта алған білімдерімізді мына себетке жинайық.
IV. Сабаққа қорытынды жасау.

Себетке қажетті заттарды жинау:

ч дыбысы қандай дыбыс ?

Дауысты, дауыссыз

Қызыл, көк

Оқушы, чек

Ч, Чч

Чемодан (сурет) алма (сурет)