ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 75-сабақ
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ілік септік | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай- күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 10 мин | Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
- 1,2,3,4-ке саналып, топқа бірігіп отыра қалыңдар. - Топқа ат қойыңдар. - Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер. Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе: А)Үй тапсырмасын тексеру. Ә) Сұрақ-жауап: - Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? -Атау септігінің сұрақтарын кім айтады? -Атау септігінің жалғаулары қандай? -Ілік септігінің сұрақтарын кім айтады? -Ілік септігінің сұрақтары қандай? -Бүгінгі сабақта да ілік септікті ажыратуға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз. Сабақ мақсатын хабарлау. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин 15 мин | Жаңа сабақ (Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. 41-жаттығу. Мәтінді тыңдап, үлгіге сай бір-біріңе жер сілкінісі болған жағдайда не істейтіндеріңді анықтауға бағытталған сұрақтар қойыңдар. 42-жаттығу. Сөйлемдерді тыныс белгісін қойып, көшіріп жазыңдар. Ілік септігіндегі сөздерді табыңдар. Жаңартаудың, жаңбырдың Олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар. Ж: Тұрлаусыз мүше. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Ілік септігіне мысалдар келтір. Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 43-жаттығу. Мұз жарылып суға түсіп кеткен адамға қалай көмектесуге болады? Қасына баруға болмайды, өзің де түсіп кетуің мүмкін. Осындай жағдайда дұрыс болатын әрекеттерді жазыңдар. -Айқайлап үлкендерді көмекке шақыру. -Судағы адамға арқан немесе шаңғы таяғын лақтыру. 44-жаттығу. Табиғаттағы қауіпті жағдайларда не істейтініңді ойланып, айтып беріңдер. | Тапсырмамен жұмыс жасайды. Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. | Дескриптор: Мәтінді тыңдап, үлгіге сай диалогке түседі-2балл. Сөйлемдерді тыныс белгісін қойып, қатесіз көшіріп жазады-2балл. Ілік септігіндегі сөздерді анықтайды, қандай мүше болып тұрғанын айтады-1балл. Мұз жарылып суға түсіп кеткен адамға көмектесу жағдайын анықтайды-1балл. Осындай жағдайда дұрыс болатын әрекеттерді жазады-2балл. Табиғаттағы қауіпті жағдайларда не істейтініңді ойланып, айтып береді-2балл. | Қазақ тілі 4 сынып оқулығы 2-бөлім |
Қорытынды 5 мин | Кері байланыс - «Нысана» әдісі.
Үй тапсырмасы: 45-жаттығу. | Өзінің жұмысын бағалайды. Жазады. | ҚБ қойылады. | Интербел-сенді тақта |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 76-сабақ
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Барыс септігі | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.6.1 белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян, мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
- Топқа ат қойыңдар. - Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер. Өткен сабаққа шолу: А)Үй тапсырмасын тексеру. «Керме жіп» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жүреді. -Жіпте ілінген парақтардағы сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөзді ашыңдар. (барыс) - Атау септігінің сұрақтарын ата. (б) - Ілік септігінің сұрақтарын ата (а) - Атау септігіне мысал келтір. (р) - Ілік септігіне мысал келтір. (ы) - Ілік септігінің жалғауларын ата (с) -Бүгінгі сабақта барыс септігінің сұрақтарын, жалғауларын анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз. Сабақ мақсатын хабарлау. | Жаттығу жасайды. Саналады. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. | сұрақтар жазылған парақшаларБ,А,Р,Ы,С |
Жаңа білім 15 мин 2 мин 15 мин 5 мин | Жаңа сабақ (Т) 1-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 46-жаттығу. Мәтінді оқып, өзара салыстырыңдар. -Қайсысы ғылыми-танымдық мәтін? Дәлелдеңдер. -Өрт қауіпсіздігі ережелерін білесіңдер ме? -Өздерің өрт қауіпсіздігі туралы ереже құрап жазыңдар. Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс. 47-жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңдар. Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су болмаса топыраққа аунатып, үстіне құм шашу керек. -Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Неге? қайда? Суға, топыраққа Бұл сөздерді сөз құрамына талдап, олардың жалғауына назар аударыңдар. 48-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табыңдар. -Барыс септігіндегі сөздерді табыңдар. -Сызбаны пайдаланып, пікірлеріңді дәлелдеңдер. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Ілік септігіндегі зат есімге мысалдар келтір. (Ж) 3-тапсырма –Ашық микрофон» әдісі. 50-жаттығу. Жағдаяттарда қайда хабарласатындарыңды айтыңдар. | Тапсырмамен жұмыс жасайды. Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. | Дескриптор: - Мәтінді оқып, өзара салыстырады-1балл. Ғылыми-танымдық мәтінді анықтайды-2балл. Өрт қауіпсіздігі ережелерін анықтайды-1балл. Өрт қауіпсіздігі ережелерін құра жазады-1балл. Тиісті тыныс белгілерін қойып, қатесіз көшіріп жазады-1балл. Жұмбақтың шешуін табады-1балл. Барыс септігіндегі сөздерді табады-1балл. Сызбаны пайдаланып, пікірлерін дәлелдейді-1балл. Жағдаяттарда қайда хабарласатынын айтады-1балл. | Қазақ тілі 4 сынып оқулығы 2-бөлім |
Қорытынды 3 мин | Кері байланыс - «Шеринг» әдісі.
Үй тапсырмасы: 49-жаттығу. | Өзінің сабақтағы жұмысын бағалайды. Күнделікке тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 77-сабақ
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Табыс септік | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
- Таңдап алған суретке қарай топқа бірігіп отыра қалыңдар. - Топқа ат қойыңдар. - Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер. Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе: А)Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауалдар» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жүреді. -Қандай септіктерді білесіңдер? -Барыс септіктің сұрақтарын атаңдар. -Ілік септіктің сұрақтарын атаңдар. -Атау септіктің сұрақтарын атаңдар. -Атау септіктегі зат есімге мысалдар келтіріңдер. -Ілік септіктегі зат есімге мысалдар келтіріңдер. -Барыс септіктегі зат есімге мысалдар келтіріңдер. -Барыс септіктің жалғауларын атаңдар. -Ілік септіктің жалғауларын атаңдар. -Олай болса, бүгінгі сабақта табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын меңгеруге арналған тапсырмалар орындайтын боламыз. Сабақ мақсатын хабарлау. | Жаттығу жасайды. Таңдау жасайды. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. | Түрлі заттар суреті доп |
Жаңа білім 15 мин 2 мин 10 мин 10 мин | Жаңа сабақ (Ұ) 1-тапсырма - «Еркін әңгіме» әдісі. Дәптермен жұмыс. 51-жаттығу. Мәтінді тыңдаңдар, баланың әрекетіне өз пікірлеріңді білдіріңдер. 52-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Табыс септігіндегі сөздерді табыңдар. Аққуды-аққу-ды. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Табыс септігіндегі зат есімге мысалдар келтір. Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Д) 2-тапсырма –дәптермен жұмыс. - 53-жаттығу. Сөздерді топтаңдар. 1)Жанартау, эколог, су, от 2) Күннің, найзағайдың 3) Әжеге, атама 4) Желді, бағбанды, ұшқышты Сөздерді қандай белгісіне қарай топтастырдыңдар? (Жалғауларына қарай) -Топтардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріңдер. )Зт есімнің септіктері) (Т) 3-тапсырма- «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 54-жаттығу. Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын қосып, сөйлем құрап жазыңдар. Құсты қолдан келгенше қорғау қажет. Сүтті ысырып қылып төгуге болмайды. Жаздағы ыстық күнді сағындық. Өсімдікті күтіп-баптап, мол өнім алу үшін еңбектену керек. Табыс септігіндегі сөздердің қай сөздермен байланысып тұрғанын айтыңдар. (етістікпен, сын есіммен) | Тапсырмамен жұмыс жасайды. Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. | Дескриптор: - Мәтінді тыңдап, баланың әрекетіне өз пікірлерін білдіреді-1балл. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады-2балл. -Табыс септігіндегі сөздерді анықтайды-1балл. Сөздерді топтап жазады-1балл. Сөздерді жалғауларына қарай топтастырғанын айтады-1балл. Топтардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіреді-1балл. Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын қосып, сөйлем құрап жазады-2балл. Табыс септігіндегі сөздердің қай сөздермен байланысып тұрғанын айтады-1балл. | Қазақ тілі 4 сынып оқулығы 1-бөлім |
Қорытынды 5 мин | Кері байланыс - «Желпуіш» әдісі.
Үй тапсырмасы: 55-жаттығу. | Өзінің сабақтағы жұмысын бағалап, пікірін жазады. Күнделікке тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 78-сабақ
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жатыс септік | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 10 мин | Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
- Бұрыштардағы түсті қағаздардан біреуін таңдап алып, түсіне қарай топқа бірігіп отыра қалыңдар. - Топқа ат қойыңдар. - Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер. Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе: А)Үй тапсырмасын тексеру. «Бұрыш» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жүреді. -Бұрыштардан алған парақтардың кейбірінде әріптер жазылған, соларды біріктіріп, бір сөз құрастырыңдар. -Жатыс септік туралы не айта аласыңдар? -Бүгінгі сабақта жатыс септікпен терең танысып, тапсырмалар орындайтын боламыз. Сабақ мақсатын хабарлау. | Жаттығу жасайды. Таңдау жасайды. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. | Түсті парақша-лар, Ж,а,т,ы,с с,е,п,т,і,к әріптері жазылған парақша |
Жаңа білім 15 мин 2 мин 20 мин | Жаңа сабақ (Ұ, Д) 1-тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі. 56-жаттығу. Жұмбақты оқыңдар, шешуін табыңдар. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (қар) Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Қыста-неде? Оның жалғауын табыңдар. Қай септікте тұр?(-та, жатыс септік) 57-жаттығу. Мақал-мәтелді оқып, жатқа жазыңдар. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Ерлік білекте емес, жүректе. Жатыс септігіндегі сөздердің астын сызыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. (қайда? неде?) Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 58-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Жатыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар. 59-жаттығу. Берілген септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстырыңдар. Ж: Екеуіне де ортақ қайда? сұрағы бар. Бұларды бір-бірінен қалай айыруға болатыны жөнінде қорытынды жасаңдар. Ж:Қайда?сұрағына жауап беретін сөздерді бір-бірінен жалғауларына қарап айыруға болады. | Тапсырма орындайды. Билеп сергиді. Тапсырманы орындайды. | Дескриптор: - Жұмбақты оқып, шешуін табады-1балл; - Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды, жалғауын, оның жатыс септікте екенін анықтайды-1балл. Мақал-мәтелді оқып, жатқа жазады-1балл. Бастауыштың қай септікте тұрғанын айтады-1балл. Жатыс септігіндегі сөздердің астын сызады, сұрақ қояды-1балл. Мәтінді қатесіз көшіріп жазады-1балл. Мәтінге ат қояды-1балл. Жатыс септігіндегі сөздер сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі болып тұрғанын анықтайды-1балл. Берілген септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстырады-1балл. Қайда?сұрағына жауап беретін сөздерді бір-бірінен жалғауларына қарап айыруға болатыны жөнінде қорытынды жасайды-1балл. | Қазақ тілі 4 сынып оқулығы 2-бөлім |
Қорытынды 3 мин | Кері байланыс - «Шеринг» әдісі.
Үй тапсырмасы: 33-жаттығу. | Өзінің сабақтағы жұмысын бағалайды. Тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | Интербел-сенді тақта |