Файл: Таырыбы оянны йшігі Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі»

Мақсаты: Балаларды модельдік әдіспен ертегіні мазмұндауға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, сөйлеу тілін, еста сақтау қабілетін дамыту. Балаларды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: қоян-заяц, әтеш-петух, үйшік-избушка, түлкі-лиса, аю-медведь, ит-собака

Керекті құралдар: суреттер, кітап, модельдер, экран
Барысы: /балалар шеңбер болыр тұрады/

Армысың, қайырымды Аспан ата!

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Армысың, мейірімді Жер ана!

Армысың, сүйікті балабақшам!

Армысың, достарым!

Сіздерді көрсем қуаным!

-Балалар, бүгінгі күндерің сәтті өтсін!
1.Ғажайып сәт: Сиқырлы қолдорбаға балалар назар салады.

-Балалар, қараңдаршы, біздің топта сиқырлы қолдорба пайда болыпты. Оны кім әкелген екен? Балалар, өздерің қолдарыңмен сипап сезіп көріңдерші, не екен бұл? Ішінде не бар екен?
2.Сұрақ-жауап жұмысы

-Балалар, сендер қайдан біліп қойдыңдар? Ішінде қоян тығылып қалыпты, ия? Бәрекелді, балалар! Ол қоян ертегілер елінен бізге қонаққа келген екен. Балалар, қоян қандай?

-Жарайсыңдар, Қоян – қорқақ, сужүрек

-Балалар, қоян бізге қандай ертегіден келді деп ойлайсыңдар? Қоян қандай ертегілерде кездеседі? / «Бауырсақ», «Үйшік», «Айлакер түлкі»/

-Ия