Файл: Хаттама 1 9 лицей 28тамыз 2022 жыл 3 А сынып оушылары атааналарыны жиналысы Кн тртібінде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Х А Т Т А М А №1
№ 9 лицей 28-тамыз 2022 жыл
3 «А» сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы
Күн тәртібінде:
1. Мектептің ішкі тәртібі.
2. Оқушылардың өмір қауіпсіздігі
3. Тегін тамақты ұйымдастыру
4. Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Т.Асадованың хабарламасы.
28-тамыз 2022 жылғы педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген мектептің ішкі ережесімен таныстыра келе ата –аналарға мектептің жарғысында бекітілген мектеп формасын сақтауға міндетті екендігі, мектеп аумағында ата-аналарға шылым шегуге болмайтындығы, мектеп мүлкіне зақым келтірген оқушы жауапқа тартылып, мектеп мүлкін оқушының ата-анасы қалпына келтіру міндетті екендігі, сабақ уақытында ата - аналар тарапынан бөгет келтіруге тыйым салынатындығы, мектепке ата-аналардың ішімдік ішкен жағдайда келуіне болмайтындығы, ата - ана баласының мектепке келуін қамтамасыз етуге, оларды оқу құралдарымен жабдықтауға, ата – аналар жиналысына қатысуға, мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысуға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ата – аналар тарапынан тікелей қолдау көрсетілетіндігі жөнінде айтты.
2. Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сынып жетекшісіС.А.Нурмуратованың хабарламасы.
Білім беру ұйымдарындағы өмірқауіпсіздік негіздерін ережелерінің орындау керектігі айтылды. Мектептен тыс уақытта және мектептетегі, үй жағдайындағы адам өмір қауіпсіздігінің бүгінгі күнде өзектілігін атап кетті. Қоғамда адам өміріні негізгі құндылық екендігі жөнінде баса айтты. Сонымен бірге адам өмір қауіпсіздігін сақтауда түрлі жағдаяттардан мысалдар келтірілді.
3.Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша сынып жетекшісі Б.Хавлахаттың хабарламасы.
1 қыркүйрек Білім күнінің өтілуі бойынша 2 сынып оқушылары үшін мектеп ауласында өтіледі. Эпидемиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жиын өтілетіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар жиынға әр оқушының бір ғана ата-анасы қатыса алатындығы ескертіліп айтылды. Түсіндіру жұмыстары жасалды.
4. Тегін тамақты ұйымдастыру бойынша аталмыш оқу жылында 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылатындығы ата-аналарға түсіндірілді. Сонымен қатар бір реттік көмек алу жұмысы бойынша да толық мәлімет берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе жиналыс қаулы етеді:
1.Мектептің ішкі ережесіндегі көрсетілген басымдықтар назарға алынсын;
2.Оқушылардың мектепте және мектептен тыс уақытта өмір қауіпсіздігіне ұстаздармен бірге ата – аналадыңда жауапкершілігі арттыру керектігін назарға алынсын;
Жиналыс төрағасы: Нурмуратова С.А
Хатшы: Қалиева А