Файл: Реферат таырыбы Жаандану жне азіргі жаанды кауіп атерлер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жаһандық демократия

Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс.

Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым.

Э. Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың "бүкіләлемдік азаматтық қалып" жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл]], Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады.


Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам қүқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге біріктіретін жаңа саяси және мәдени қүрылымдар құру мүмкіндіктері бар.

Жаһандық ақпараттық кеңістік

Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың құрылуы аса маңызды кезең болды. Ғаламтор желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі.Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.

Жаһандық теңсіздік

Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт шеңберіндегі жеке адамдардың арасындағы теңсіздік. Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу Gini коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда.

Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу.



Мүндай ғаламдық теңсіздікті:

  • Tрансұлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық;

  • Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы;

  • Xалық санының артуы;

  • Oтарлау және оның теңсіздік мұрасы;

  • Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу;

  • Үкіметтік шешімдер;

  • Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру;

  • Әділетті бөлістің болмауы;

  • Сауатсыздық;

  • Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.

Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, "жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.

Жаһандануға_қарсы_қозғалыс'>Жаһандануға қарсы қозғалыс

Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамды құйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін ғаламтор арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде:

  1. "Destroy IMF" - Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін халықаралық үйым;

  2. "Friends of the Earth" - желілік экологиялық қауымдастық;

  3. "Transnational" - Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;

  4. "Peoples Global Action" - Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;

  5. "Inpeg" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті.


Жаһандану үлгілері

Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.[1]

Жаһандану неге әкеп соғады

Физик-теоретик және футуролог Митио Каку өзінің "Болашақ физикасы" атты кітабында былай деп жазды:



Сауалнама жүргізсе, әлдекім жаһандану үрдісінің жүріп жатқанын еміс-еміс түсінетіні анықталады, бірақ оған қарамастан Жер өркениетінің белгілі бір мақсатқа жылжып жатқаны туралы анық көрініс жоқ.



Митио Какудың ойынша, экономиканың орташа даму жылдамдығымен алдағы 100 жылда Жер өркениеті "планетарлық өркениет" мәртебесіне жетпек. Мұндай жағдайда Жердегі энергия тұтыну мөлшері ғаламшарымыздың Күннен алатын энергиясына теңеседі (шамамен 10^17 Вт).

Планетарлы экономиканың құрылуы (Евроодақ және басқа да сауда блоктары), ортақ ғаламдық мәдениет, ғаламдық жаңалықтар, халықаралық туризм, аурулар мен табиғи апаттарға қарсы халықаралық күштер салу да Митио Какудың пікірінше жаңа планетарлы өркениеттің пайда болуына белгі болып табылады.

Пайдаланылғани әдебиеттер:

1. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Экономика»баспасы,1998 жыл.

2. Құланбай Ә. «Интеграция – дамудың қозғаушы күші», «Егемен Қазақстан» газеті, 2006 жыл-16 тамыз.
3. Джолдасбекова Г. «Қазақстанның әлемдік сауда жүйесіне интеграциялану жағдайлары» - ҚазЭУ хабаршысы, 2006ж.-№5.
4. Р.Е. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2002ж.
5. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 1-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.
6. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 2-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.
7. Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіші. /№4, 2006 – 48 бет.
8. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – А.:2000.
9. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатнастар. /А.:2002 – 287 бет.
10. Аубакирова Ж.Я. Экономические основы интеграции в условиях глобализации. – А.: 2004.
11. Алшанов Р. Қазақстан - өңір көшбасшысы /әңгіме М.Төлепберген//Егемен Қазақстан 8 сәуір, 2005.
12. Аубакиров Я.А., Тулегенова М.С., Сидеренко Е.Н., «О проблемах и перспективах национальной экономики в условиях глобального развития» //Аль-Пари №4, 2005.
13. Ахметғалиев Б. Евразиялық үлгідегі жемісті интеграция және осы процесті Дамытудағы Қазақстанның рөлі.//Егемен Қазақстан 18 сәуір, 2004.
14. Әубакіров Я.Ә. Экономикалық теория. – А.:1998.
15. Интеграционная и институтциональные тенденции в экономике РК. //Қаржы-қаражат №5, 2005.
16. «Жаңа заманға бастайтын ғаламдану» //Егемен Қазақстан 22 сәуір, 2005.
17. Интеграция Казахстана в мировую экономику: проблеми и перспективы. Отв. Ред. М.Б. Кенжегузин. – Алматы.: Институт экономики МОиНРК,1999.
18. Киреев А. Международная экономика. В 2-х частиях. – М.: Международные отношения, 2000.
19. Проблемы интеграции государств Центральной Азии в условиях глобализации. //Аль-Пари № 4-5, 2002.
20. Проблемы политической интеграции Содружества Независимых Государств. // Саясат №5, 2005.
21. Эканомикалық теория. Әубакіров Я.Ә., Нәрібаев К., Есқалиев М.
22. Экономическая интеграция стран Центральной Азии в современных условиях. // Саясат №12, 2004.
23. Экономические аспекты глобализации. //Аль-Пари 1(41) 2005.