Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 2а атомдар жне молекулалар. Кні Сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.2А Атомдар және молекулалар.

Күні:
Сынып: 6


Мектеп: № 15 мектеп-гимназия.
Мұғалімнің аты-жөні: Смағұлова Т.Б.
Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Атомдар мен молекулалар.


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме) Ойлау деңгейі: қолдану

6.1.2.1. – атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Атом - заттың ең кіші бөлшегі екендігін түсінеді, молекула – заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екендігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Атомдар мен молекуланың қасиеттерін оқи отырып айырмашылығын ажыратады, мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар:

Атом мен молекула құрамын түсіндіріп, оны практикада қолдана алады.

Бағалау критерийі

  • Атом – заттың бөлінбейтін ең кіші бөлшегі, ал молекула – заттың бөлінетін кіші бөлшегі екенін біледі, қарапайым заттардың модельдерін құрастыра алады.

  • Атомдар мен молекулалардың қасиеттері арқылы, олардың айырмашылығын ажыратып, жай және күрделі заттарды анықтай біледі.

  • Атом теориясының даму тарихы туралы ой қорытады, күрделі заттардың модельдері арқылы құрылысын түсіндіре біледі.

  • Теориялық білімін практикамен ұштастыра біледі.

Тілдік мақсаттар


Лексика, терминология: атом, молекула, жай зат ,күрделі зат, электрон, протон, нейтрон

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Атом дегеніміз________________________________________

Молекула дегеніміз ____________________________________

Атом мен молекуланың айырмашылығы


Құндылықтарға баулу


Шығармашылық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, жауапкершілік құндылықтарын дамыту;

Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану

Алдыңғы білім


Жаратылыстану – 5.3.1.1.бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7-минут



Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.

Оқушыларды әріппен таңбаланған сандық жүйе арқылы топтарға біріктіремін.

1. Оқушылардың бірінші тоқсандағы білімін еске түсіріп, қайталау мақсатында «Кім зерек?» ойынын жүргіземін.

2. Жаңа сабақтың тақырыбын таныстырамын. Тақырыпқа сәйкес оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін хабарлаймын.



Маркер, стикерлер, ватман қағаздар


Сабақтың ортасы

33- минут



3. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу мақсатындағы «Атом деген не?» сұраққа жауап берем беремін.Оқушылар бір-біріне сұрақтар дайындайды.

4. «Джигсо» әдісін пайдаланып, оқулықпен жұмыс жүргіземін.

Тапсырмасы: Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз

А) Су.....сутек пен оттектің......түзілген

Ә) Құрамында қант....болуына байланысты тосаптың дәмі тәтті болады.

Б) Көмірқышқыл газының....көміртек және оттек...тұрады.

В) Қант суда ерігенде оның......су......арасында біркелкі таралады.

Дескриптор:

  • Атом мен молекула ұғымдарын ажырата алады.

  • Атом мен молекула ұғымдарын практикада қолдана алады

  • Атом мен молекула ұғымдарын ажырата алмайды



Сабақтың соңы

5- минут


8. Қорытынды.

- Атом дегеніміз – химиялық жолмен заттың ең ұзақ бөлшегі;

  • Молекула дегеніміз – заттың қасиеттерін бойына жинаған оның ең кіші бөлшегі;

  • Айырмашылығы – атом ең кішісі, молекула атомнан үлкені. Атомда белгілі бір қасиеттер болмайды, ал молекулада заттың химиялық, физикалық қасиеттері жиналады

9. Кері байланыс.