Файл: ыса мерзімді жоспар блімі иял лемі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Қиял әлемі





Күні: 19.01.2023



Мұғалімнің аты-жөні:Қалымбет Айзат Қазыбекқызы


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны :


Сабақ тақырыбы


Бала қиялы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны

сипаттап не суреттеп жазу;

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Ауызекі сөйлеу және жазба стилдің айырмашылықтарын таба алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Эссенің құрылымын сақтай алады,сипаттап жаза алады;

Кейбір оқушылар: Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы танып, эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жаза алады;

Сабақ барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


ЕББҚБ

Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы

(5 мин)

Оқушылармен сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу,жоқ оқушыларды ескеру.

Сыныпта психологиялық ахуалды берік орнату үшін ынтымақтастық атмосферасын құру. Ол үшін оқушыларға бүгінгі күніне сәттілік тілеп,жақсы көңіл күйімізді сезіндіру.

Оқушылар бұл уақытта бір біріне ізгі тілектерін білдіреді.

жоқ




Оқулық,

қалам,

дәптер,

интерактивті тақта


Сабақтың ортасы

(30 мин)

Өткен сабақты қайталау мақсатында интерактивті тақтада Wordwall бағдарламасымен «Сездейсоқ дөңгелек» әдісін пайдалана отырып, кемінде үш оқушыдан тапсырма сұралады.



Күрделі сөз.Біріккен сөздің не екенін түсіндіру.

Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш).

Біріккен сөздер екі, кейде одан да көп сөздердің бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөзді атайды. Біріккен сөздер сөз табының барлығында ұшырасады. Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б.

3-тапсырма.Өздерің білетін күрделі сөздерді еске түсіріп,кестеге орналастырыңдар

Біріккен сөз

Қос сөз

Тіркесті сөз








ҚБ.«Жұлдызша» әдісімен мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды.


ҚБ.«Сэндвич»әдісі бойынша топ бір-бірін бағалайды.

Оқушылар бұл уақытта бар назарын тақтаға аударып,берілген тапсырмаға жауап беруге іштей дайындалады.

Жазылым.

«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі ұғымдарды дәптеріне жазып алады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының жазылым дағдысы қалыптасады.

Жазылым.

«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі ұғымдарды дәптеріне жазып алады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының жазылым дағдысы қалыптасады.

жоқ

Дескриптор

-тапсырманың дұрыстығына

2 балл

Дескриптор

- Күрделі сөздерді тауып,кестеге түсіреді 3 балл
Дескриптор

-Артық сөзді табады,себебін түсіндіреді

3 балл


Оқулық,

қалам,

дәптер,

интерактивті тақта

Қосымша тапсырма

(саралау тапсырмасы)

(10 мин)



ҚБ. «Бағдаршам» әдісімен әр жұп бір-бірін бағалайды.


Жазылым.

«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі ұғымдарды дәптеріне жазып алады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының жазылым дағдысы қалыптасады.

жоқ

Дескриптор

-Күрделі сөздерді табады,жасалу жолын түсіндіреді

2 балл


Оқулық,

қалам,

дәптер,

интерактивті тақта

Соңы

(5 мин)

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Қызыл - мүлдем түсінбедім

Сары - күмәнім бар

Жасыл- сұрақтарым бар



жоқ