Файл: Видео саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №139 мектеп-гимназиясы

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 2- апта, № 5- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

6-бөлім: Су- тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология

Сабақтың тақырыбы:

Бұлақ көрсең, көзін аш . Болымсыздық есімдігі.

Оқу мақсаттары:

О1. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

ӘТН.4. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Сабақ мақсаты:

Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау.

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін түсініп, есім сөздердің орнына қолдану.


Бағалау критериі:

  • мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтайды;

  • есімдіктің қызметі туралы мәлімет алады;

  • есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру



Сәлеметсіңдер ме?

6-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: Жетісу. Болымсыздық есімдігі.

Бүгінгі сабақта сенің білетінің:

Мәтіндегі негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау.

Сенің меңгеретінің:

  • мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтайсың;

  • есімдіктің қызметі туралы мәлімет аласың;

  • есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданасың.


Болымсыздық есімдігі

Есімдік зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретіндіктен кейде есімдіктердің «орынбасар сөздер» деп аталатынын және олардың түрленуіне қарай барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатындығын өткен сабақта айтқанбыз. Мысалы: Ешкімге қиянат жасама. Ешкімге- септеліп толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Болымсыздық есімдігі- болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі. Олар: ешкім, ешқайда, ешқашан, ештеңе, дәнеңе. Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат, сын есімдермен тіркесіп келгенде бөлек жазылады.

Мысалы: еш уақытта, кей кезде, әр адам.
Мәтінді оқып, кестеге негізгі және қосымша, детальді ақпаратты жазыңдар.

Дескриптор

Тапсырма критерийі: Мәтіндегі негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау.

  • мәтінді оқып танысады;

  • негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды;

  • анықтаған ақпаратты кестеге түсіреді.

Жер жаннаты-Жетісу

Жетісу – сулы аймақ. Су мол болғандықтан, шөбі қалың әрі шүйгін. Сондықтан «жер жаннаты – Жетісу» атанып кеткен. Жетісуда жеті өзен бар.

Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі.Олардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен,  Қаратал және Көксу өзендері.

Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км шақырым. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде 600 — 1200 м биіктікте ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі.Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды  Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырды.

Өзіңді тексер!


Негізгі ақпарат

Қосымша, детальді ақпаратты

Жетісу – сулы аймақ. Оның құрамында бірнеше өзен кіреді. Сондықтан «жер жаннаты – Жетісу» атанып кеткен. Жетісу өлкесінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы жақсы дамыған.



Жетісуда жеті өзен бар.

Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км шақырым. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде 600 — 1200 м биіктікте ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы.




Болымсыз етістіктерді сәйкестендіріп, сөйлемдегі қызметін анықтаңдар

1. Ана сүтін ақтамағанды ешқашан
... жақтамайды.

2. ........... ала жібін аттама. ешкім

3. Ешкімде, .... да ұмытылмайды  ешкімнің

Дескриптор

Тапсырма критерийі: Болымсыз етістіктерді сәйкестендіріп, сөйлемдегі қызметін анықтайды.

  • керекті есімдіктерді дұрыс сәйкестендіреді;

  • болымсыз есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтайды.


Өзіңді тексер!
1. Ана сүтін ақтамағанды ешқашан (пысықтауыш)
... жақтамайды.

2. ... ала жібін аттама. ешкім (бастауыш)

3. Ешкім де, .... да ұмытылмайды  ешкімнің (анықтауыш)

Өлең жолдарындағы болымсыз етістік қай сөз табының орнына қолданып тұрғанын анықтап, септеп шығыңдар.

Өткен адам болады көзден таса,

Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.

Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,

Керектісін ескеріп ұмытпаса.

Ш. Құдайбердіұлы

Дескриптор

Тапсырма критерийі: Өлең жолдарындағы болымсыз етістікті тауып, қай сөз табының орнына қолданып тұрғанын анықтау және септеу.

  • өлеңнен болымсыз етістікті табады;

  • қай сөз табының орнына қолданып тұрғанын анықтайды;

  • есімдікті септеп шығады.


Өзіңді тексер!

  1. Болымсыз есімдігі-ешкім зат есімнің орнына қолданып тұр.

  2. А.с. кім? ешкім

І.с. кімнің? ешкімнің

Б.с. кімге? ешкімге?

Т.с. кімді? ешкімді?

Ж.с. кімде? ешкімде

Ш.с. кімнен? ешкімнен?

К.с. кіммен? ешкіммен?

Сабақ бойынша қорытынды ойыңды жаз

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Қосымша тапсырма: Құрамында есімдігі бар 5 мақал жазу.



презентация

2 мин

6 мин

5мин

3 мин

2 мин

1 мин

Жаңа сабақ

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

Рефлексия


Мәтіндегі негізгі ой мен детальді ақпаратты дұрыс таба білулерін бақылау.

Есімдіктің сөйлемдегі қызметін дұрыс меңгергендігін бақылау.

Теориялық білімін пайдаланып, есімдіктің дұрыс септелуіне назар аудару.

Сабақ соңында оқушының алған білімі бойынша қорытынды ойын бақылау.