Файл: 3 хаттама, 19 атар 2023 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3 хаттама, 19 қаңтар 2023 жыл.

№91 мектеп-гимназиясы

11 «Ә» сынып ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: ІІ тоқсан қорытындысы

Ата-аналар жиналысының мақсаты: 2 тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарды хабардар ету. Келесі 3 тоқсанға мақсат, міндеттерді қабылдау. Буллинг, кибербуллинг, алдын алу шаралары туралы ақпарат беру. Әртүрлі мәселелерді қарастыру.

Өткізу түрі: жиналыс-әңгіме

Қатысушылар: ата-аналар (немесе балалардың заңды өкілдері).

Күн тәртібінде.

  1. ІІ тоқсан қорытындысы.

  2. Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не?

  3. Қорытынды аттестаттау

  4. Әртүрлі мәселелер


Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша: ІІ-ші тоқсанды 18 бала аяқтады, оның 10-ы қыз бала. Тоқсан қорытындысы бойынша сынып 100% үлгерім мен 61% білім сапасын көрсетті. Оқу озаты 7 оқушы, оқу екпіндісі-4.
Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша: Буллинг, кибербуллинг туралы ақпараттар берілді. Ата-аналарға алдын-алу шаралары туралы айтылып өтілді.

  • Егер бала мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;

  • Өз-өзіне қол жұмсауға тырысса немесе қорқытса, үйден қашса;

  • Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңертең өзін нашар сезінсе;

  • Мектептептен үйге жыртылған киіммен келсе. Оның жеке заттары бүлінген немесе із-түссіз жоқ болып кеткен жағдайда. (түскі ас ақшасы ұрланады);

  • Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін).

  • Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессивті бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;

  • Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;

  • Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.

Кибербуллингтің алдын алу шаралары:

  • Балаңызға туындаған жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесіңіз.

  • Балаңызбен сенімді қарым-қатынас жасаңыз.

  • Балаңызды қауіп қатерге жеткілікті дәрежеде қарсы тұруға үйретіңіз.

  • Балаңызға интернет арқылы бөгде, танымайтын адаммен танысуға, қарым қатынас жасауға болмайтындығын, дөрекі, жаман сөздер жазуға болмайтындығын ескертіңіз

  • Бұзақының айласын бұзудың ең жақсы тәсілі – оны мүлде елемеу, мән бермеу, оны бұғаттау сияқты тәсілдерді ескертеміз.



Күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі Курсанова Б.Қ. сөз алды: Мемлекеттік емтихан - оқушылардың білім сапасы, іскерлігінің деңгейі ғана емес, болашақ мамандығына, келешек өміріне алар жолдамасы екенін, мектеп бітірушілердің алдындағы міндеттер мен жауапкершілік, адами құндылықтар туралы айтып өтті.Оқушылар алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан, қазақ/орыс/ тіл бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі), қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен емтихан тапсырады. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі үміткерлерге беріледі.

Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша: әртүрлі мәселелер бойынша ата аналарға оқушы-ата ана-мұғалім арасындағы қарым қатынас, отбасы тәрбиесінің алатын рөлі, ата ана мен бала арасындағы қарым қатынасты анықтау үшін, қаншалықты ата ана баласын білетіндігі туралы тест алынып, қорытындысын өздеріне жіберіп, нәтижесі бойынша жұмыс жасауға кеңес беріледі.
19 қаңтар 2023 жыл №91 мектеп-гимназиясының 11 «Ә» сынып ата-аналар жиналысы қаулы етеді:

  1. Тоқсан қорытындысын (білім сапасы, үлгерім ) негізге ала отырып, оқушылардың 2 тоқсан бойынша білім деңгейі жақсы деп танылсын.

  2. Буллинг, кибербуллинг алдын алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізу

  3. Оқушылардың мемлекеттік емтиханға дайындықтарын күшейту

  4. Оқушылармен ата-аналар, мектеп арасындағы байланысты дамыту жолында іс шаралар ұйымдастырып өткізу.


Ата-аналар комитетінің төрайымы: Ләззат Қойбағарқызы

Хатшы: