Файл: Ынтыматасты атмосферасын алыптастыру шін.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді:rshanz@mail.ru

Бөлім:

Дені саудың - жаны сау

Мұғалімнің аты-жөні

Булдыбай Айгерім Келесбайқызы

Күні:




Сынып:

2 «Ә»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Көп ұйықтаған зиян-ау. Оспанхан Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтайды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу

Сабақтың мақсаты

Мәтінді дауыстап дұрыс оқи алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасату.

«Ой қозғау» әдісі арқылы сабақ мақсаты жарияланады.

Суретке қарап мағынасын түсіндір.

  • Ұйқышылдық туралы не айтасың?

  • Көп ұйықтау туралы не ойлайсың?

  • Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымызда ұйқышылдық туралы оқитын боламыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі.

Жаттығу жасайды.
Суреттердің мағынасын түсіндіреді.

Жаңа тақырыпты ашады.



«Отшашу» әдісі





Сабақтың ортасы

30 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен жүзеге асырылады.

А) «Сүт қалай ұйықтады?» мәтінін түсініп оқы.

Ертегідегі нақыл сөзді тап. Мағынасын түсіндір.

Суретке қарап, ертегідегі сүттің әрекетін қарасөзбен әңгімеле.

Дескриптор:

  • - Мәтінді түсініп оқиды.

  • - Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын түсіндіреді.

  • - Ертегідегі сүттің әрекетін қарасөзбен әңгімелейді.

Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

- Шығармадағы қорытынды ойды білдіретін сөзді анықтап, дәлелдер келтір.

Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айту.

(Д) 2-тапсырма «Кинометфора» әдісімен орындалады.

А) Құрттың жасалу жолы туралы бейнежазбаны тамашалап, құрт туралы әңгімеле.

-Сұрақтар құрастыр.

Дескриптор:

- Құрттың жасалу жолы туралы әңгімелейді.

-Сұрақтар құрастырады.

  • - Мәтінді түсініп оқиды.

  • - Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын түсіндіреді.

  • - Ертегідегі сүттің әрекетін қарасөзбен әңгімелейді.


Билеп, ән айтады.
- Құрттың жасалу жолы туралы әңгімелейді.

-Сұрақтар құрастырады.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.


ҚБ: 1-10 балдық жүйе.


Оқулық, дәптер

https://www.youtube.com/watch?v=jd6-_lXmmg8

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Шеринг» әдісі

бойынша өтеді.

Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.

Рефлексия жасайды.











Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Тексерілді:

Бөлім:

Дені саудың - жаны сау

Мұғалімнің аты-жөні

Булдыбай Айгерім Келесбайқызы

Күні:




Сынып:

2 «Ә»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Тазалықты сүйемін. Ыбырай Алтынсарин. Салақтық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Сабақтың мақсаты

Өз ойын тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізе алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Күн шұғыласы» ойыны ойналады.

«Тазалық» дегенде көз алдыңа нелер келеді? Не елестейді? Соларды жаз.

Оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді.

- Тазалық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Мағынасын түсіндір..

-Ендеше бүгінгі сабақтағы жаңа тақырыбымыз не туралы болады?

Ойын ойнап, сұраққа жауап береді.


«Ауызша бағалау» әдісі




Сабақтың ортасы

30 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. Дәптермен жұмыс жүреді.

А) Нақыл сөзді түсініп оқы.

Дұрыстығына дәлелдер келтір.

Ә)Негізгі ойды анықта.

Б) Сызбаға сүйеніп автор туралы әңгімеле.

Дескриптор:

- Нақылсөзді түсініп оқиды.

- Негізгі ойды анықтайды.

- Автор туралы әңгімелейді.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

(Ұ) 2- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. Дәптермен жұмыс жүреді.

А) «Салақтық» мәтінін түсініп оқы.

Ә) Сызбаға сүйеніп автор туралы әңгімеле.

Б) Тазалық сақтау ережесін дәптерге жаз.

В) Сызба бойынша негізгі ойды, оның басталуын, жалғасын, аяқталуын анықта.

Дескриптор:

- Мәтінді түсініп оқиды.

- Автор туралы әңгімелейді.

- Негізгі ойды анықтайды.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

-«Тазалық-денсаулық кепілі» деген мақалдың мағынасын түсіндір.

- Нақылсөзді түсініп оқиды.

- Негізгі ойды анықтайды.

- Автор туралы әңгімелейді.

Жаттығу жасайды.


- Мәтінді түсініп оқиды.

- Автор туралы әңгімелейді.

- Негізгі ойды анықтайды.


ҚБ: 1-10 балдық жүйе.


ҚБ: 1-10 балдық жүйе.



Оқулық

Оқулық


Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: Мәтінді мазмұндау.

Сабаққа рефлексия жасайды.









Тексерілді:

Бөлім:

Дені саудың - жаны сау

Мұғалімнің аты-жөні

Булдыбай Айгерім Келесбайқызы

Күні:

1.02.2022ж

Сынып:

2 «Ә»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

Жуынамын күнбе-күн. Корней Чуковский. Кірқоймас.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізе алады.

Көптеген оқушылар: мәтінге сүйеніп гигиеналық тазалық туралы әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар: мәтіннен түйген өз ойын айтып, қорытынды жасай алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасату.

Оқу материалын жариялау

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді:

-Суреттегі балалар туралы не айта аласың?

-Таза деп қай баланы айтуға болады?

-Лас деп қай баланы айтуға болады? Оған қандай кеңес берер едің?

Жұмбақ шеш:

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

-Ендеше бүгінгі сабағымызда не туралы оқитын боламыз?

Жаттығу жасайды.

Сұраққа жауап беріп, жаңа тақырыпты ашады.

«Бас бармақ» әдісі





Сабақтың ортасы

30 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.

А) «Кірқоймас» өлеңін түсініп оқы.

Ә) Өлеңді екі бөлікке бөліп, ажырат, сұраққа жауап бер:

-Заттардың баладан қашуы. Неліктен?

- Заттардың балаға оралуы. Неліктен?

Б) Негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып оқы.

Сергіту сәті «Сөз шебері» әдісі арқылы өтеді.

Денсаулық, тазалық туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндір.

(Д) 2- тапсырма «Ашық микрофон» әдісі арқылы жүзеге асады.

А) Өз гигиенасын сақтау үшін әрбір адам істеуі керектігін тірек сөздерді қолданып айт.

Ә) Суреттегі заттардың әр адамның гигиенасындағы алатын орны мен пайдасы туралы әңгімеле.

Дескриптор:

- Өз гигиенасын сақтау жолдарын айтады.

- Гигиеналық заттардың пайдасы туралы әңгімелейді.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

-Мәтіннен түйген өз ойыңды айтып, қорытынды жаса.

-Өлеңді оқиды.

- Өлеңді екі бөлікке бөліп, ажыратады.

- Негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып оқиды.

Мақал-мәтел айтады.


- Өз гигиенасын сақтау жолдарын айтады.

- Гигиеналық заттардың пайдасы туралы әңгімелейді.


ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.



Оқулық


Оқулық

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: Мәтінді мазмұндау.

Рефлексия жасайды.