Файл: Оу масаты оршаан ортаны антропогендік згерістерін жіктеу Баалау критерийлері 1.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы:Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері
Оқу мақсаты: Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеу
Бағалау критерийлері:
1.Антропогендік факторлардың түрлерін анықтайды,жаңа терминдермен танысады
2.Антропогендік факторларды жіктейді,графикалық түрде ұсынады
Мәтінді оқып талдау жүргізу
Озоносфераның бұзылуы
1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда.Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.
Парникті эффект (жылу эффекті).
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.бгаздары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп,молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. С0
2-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.1997 ж. Киото хаттамасынасәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды.
Қышқыл жаңбырлар.
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Қышқыл жаңбырлардан қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.
Әлемдік мұхит проблемалары.
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады.Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді.Қара теңізді ластанудан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.)
«Террикондар» - шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп. Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды.
Карьер-Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі. Мұндай карьерлердің орнына қолдан көл жасап, айналасына ағаш отырғызған тиімді.Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады. Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті. Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды.
Тапсырма 1 Антропогендік факторларды жіктеп концептуалды кестеге толтыру
Дәптерге орындау
Антропогендік фактор Мәселелер | Озоносфера бұзылуы | Парниктік эффект | Қышқыл жаңбырлар | Әлемдік мұхит проблемалары | Карьер | Террикондар |
Туындайтын мәселе | | | | | | |
Туындайтын мәселе себептері | | | | | | |
Туындайтын мәселе салдары | | | | | | |
Антропогендік факторды азайту жолы | | | | | | |