Файл: Iv блім. Мультимедиа (орта таырыбы Дені сауды жаны сау).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырыбы:

«Дені саудың жаны сау»)

Мектеп: №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі

Күні: 16.01.2023ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмәділлә Н.М.

Пәні: Цифрлық сауаттылық

Сынып: 2 «В»

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

18-сабақ. Дыбыстық əсерлер

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы үшін: Дыбыстық əсерлермен танысады. Дыбыстың адамға жағымды жəне жағымсыз əсері туралы əңгімелейді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту «Айдаһар» ойыны.

Оқушыларды сергітіп алу үшін, мұғалім бəрінің бір-бірінің белінен ұстап тұруын сұрайды. Бірінші тұрған оқушы «айдаһардың басы», ең соңындағы оқушы «айдаһардың құйрығы». «Айдаһардың басы» өз «құйрығын» ұстап алуы керек. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.

(МК, Ұ)

Ой қозғау.

«Миға шабуыл» əдісі

Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса, дұрыс жауапқа бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектесемін.

–Дыбыстың адамға жағымды жəне жағымсыз əсері жайлы не білдің?

Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді.

Белсенділік танытқан оқушыларды «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағаланады.

Компьютер, оқулық

Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізіледі. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Оқушылар пікірлерін еркін айтып, қағазға түсіріп те, ауызша талқылау арқылы да жеткізе алады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін проектор ұлғайтқыштан немесе компьютерден сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырылады.

Сабақтың ортасы

(31 мин.)


ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(Ұ) Оқулықпен жұмыс істеу. «Түртіп алу» əдісі

Оқушылар оқулықта жаңа білім айдарындағы ақпаратты оқып, берілген термин сөздер мен негізгі ұғымдармен танысады. Оқыған мəтінді, ұжымдық үлгіде өзара талқылайды. Бір-біріне, мұғалімге сұрақтарын қойып, өз білімдерін жаңа ақпаратпен толықтырады.

Оқулық,

дәптер




(МК, Ө) Практикалық жұмыс

  1. Интернеттен табиғи жəне жасанды дыбыстық əсерлерді компьютерге «Дыбыс əсерлері» бумасына көшіріп, сақта.



2. Компьютерден «Windows Media Playe» программасын іске қос.

3. Файл – Ашу (Открыть) командаларын орындап, дыбыс сақталған буманы аш.

4. Тыңдағың келетін дыбыстық файлды, мысалы, «Бұлбұл дауысы.mp3» тінтуірдің көмегімен аш.

5. «Windows Media Player» программасының көмегімен бумаға сақталған дыбыстық əсерлерді тыңда.


Берілген тапсырмаларды кезегімен орындайды


Тапсырманы орындауына байланысты «Қошеметтеу» әдісі бойынша бағаланады

Оқулық

компьютер




) «Ойлан, топтас, бөліс» əдісі

1-тапсырма.

Шудың адамға қандай жағымсыз əсері бар?

«Мектептегі шу деңгейін қалай азайтуға болады?» тақырыбында ойларыңды ортаға салыңдар.

Ұсыныстарыңды айтыңдар.



Дескриптор: •Шудың адамға жағымсыз əсерлері туралы айтады. •Мектептегі шу деңгейін қалай азайтуға болатыны туралы ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтады.

Оқушылар бірінбірі «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағалайды







(Ж) «Көршіңмен талқыла» əдісі

2- тапсырма. Құлаққаппен жиі əн тыңдаған адамның есту қабілеті төмендейді. Оқулықта берілген суреттер арасындағы қауіпсіздігі төмен құлаққапты көрсетіңдер. Себебін түсіндіріңдер.


Дескриптор •Жұбымен ақылдасып, тапсырманы талқылайды. • Суретте берілгендердің ішінен ең қауіпсіз құлаққапты таңдайды. •Қауіпсіз екендігін дəлелдеп, себебін түсіндіреді..

Жұптағы оқушылар бірбірін тапсырма орындау деңгейіне байланысты «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағалайды.









(Ө) «Бір сөйлеммен түйіндеу» əдісі -Оқушылар «Ойлан» рубрикасымен берілген тапсырма бойынша білімдеріңді түйіндейтін бір сөйлем жазыңдар. Сөйлемдер кім?, не?, қашан?, неліктен?, қалай?, қай жерде? т.б. сұраулы сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді жалпы бағалай аламыз немесе көшіріп жазайық. Оқулықтағы табиғи жəне жасанды дыбыс көздерін анықтайық. Бұл дыбыс көздерінен қандай дыбыстық əсерлер аламыз? (жағымды, жағымсыз) Себебін түсіндіреді.

Дескриптор • Табиғи жəне жасанды дыбыс көздерін анықтайды. •Бұл дыбыс көздерінен қандай дыбыстық əсерлер алатынын айтады. • Неліктен жағымды немесе жағымсыз екендігін түсіндіреді.

Оқушылар өзінөзі «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағалайды.




Сабақтың соңы

(1-7 мин.)

Сабақты бекіту. Рефлексия


ІІІ. Ой толғаныс.

Рефлексия

(Ө) «Аяқталмаған сөйлем» əдісі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады.


–Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көзімді жеткіздім. –Бүгін сабақта қуантқаны ... – Мен өзімді ... үшін мақтар едім. – Маған ерекше ұнағаны ... – Сабақтан соң маған ... келді. – Бүгін маған ... сəті түсті. – Қызықты болғаны ... –... қиындық тудырды. – Менің түсінгенім ... – Енді мен ... аламын.

Белсенділік танытқан оқушылар «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағаланады.







Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.







Мектеп: №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі

Күні: 16.01.2023ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмәділлә Н.М.

Пәні: Цифрлық сауаттылық

Сынып: 4 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бейнежазба

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 бейнежазба жасау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы үшін: Бейнежазба ұғымына анықтама береді;

Оқушылардың басым бөлігі: VideoPad редакторын қоса алады;

Кейбір оқушылар: VideoPad редакторында бейнежазбаны ашып, өңдей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал.

https//www.youtube.com/watch?

(МК, Ұ)

Ой толғау. Өткенді пысықтау.


Кім жылдам?

  1. Лабиринт дегеніміз не ?

  2. Кегельринг дегенімін не ?

  3. Ультрадыбыс датчигінің қандай ерекшеліктері бар ?

  4. RGBбелгісі нені білдіреді?

  5. Робот дегеніміз не?

Оқушылар сұрақтарға жауап жауап береді.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып толықтырулар жасайды..

сұрақтар

Жаңа сабаққа дайындық

«Миға шабуыл» әдісі

«Жаңа сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырылады. Жаңа сабақ тақырыбына жетелеуші суреттер көрсетіле отырылып тақырып ашылады. Оқушылар жетелеуші суреттерге жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға тырысады.

  • Күнделікті теледидардан, компьютерден, ұялы телефондардан балаларға арналған түрлі видежазбаларды көріп, тамашалап жүрсіңдер. Мұндай видеожазбалар компьютерлік программалардың көмегімен өңделіп, жасалады.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ.

«Қызығушылықты ояту»

(31 мин.)


Жаңа сабақты түсіндіру.

VideoPad бағдарламасы бойынша бейнежазбаны қалай жасау керек екенін түсіндіріледі.

Видеожазба деген не ?

Видеожазба- видео мен аудио ақпаратты жазу. Видеоны сандық құрылғылардың көмегімен жазуға болады. Мысалы: видеокамера, ұялы телефондармен видео түсіріліп, оны арнайы программалардың көмегімен компьютерде өңдей аламыз.

Бүгін біз VideoPad редакторымен танысамыз. Бұл редактор видеожазбалар түсіруге, түсірілген видеожазбаларды сапалы өғдеуге, аудио жазуға, сақтауға арналған.

Бұл редакторды интернет желісінен тегін жүктеуге болады. Мына сілтеме арқылы:

http://www.nchsofware.com/videopad/index.html.

Редакторды іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі VideoPad редакторының белгішесін тінтуірмен екі рет шерту қажет.


37- сурет. VideoPad редакторының терезесімен танысайық.







Компьютер

Оқулық

проектор




Редакторға файлдарды қалай жүктейміз?

  • Файлды кірістіру батырмасындағы добавить батырмасын басу арқылы жүктейміз.

  • Жүктелен файлды белгілеп, тінтуірмен жібермей ұстап тұрып, видеожазба жолына орналастырамыз. 38- суретке қараймыз.










39-суретте видеожазба жолна файлдарды жүктеу және орналастыру терезесі көрсетілген.

проектор




Видеожазбаны алдын ала қосып көру үшін ойнату батырмасын басамыз. 40 -сурет.







Компьютерде орындайық.






Сабақтың соңы

(1-7 мин.)


Сұрақтарға жауап берейік.

Видеожазба деген не ?

Видеожазбаларды қалай өңдейміз ?

VideoPad редакторы деген не ?

Видеожазбаны алдын ала қосып көру үшін қандай батырманы басамыз?

Мұғалімді тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Белсенділік танытқан оқушылар «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағаланады.









Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма
Рефлексия


Не себепті видеожазбалар жасаймыз?

Неліктен компьютерге VideoPad программасын орнату қажет ?

Өңделген видеожазба мен өңделмеген видеожазбаларды салыстырып көрейік.
Оқулық,72 бет.Үйде орындайық.
-Оқушылар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?




Сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасын жазып алады
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, процессорға жапсырады.

Белсенділік танытқан оқушылар «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағаланады.






стикер