ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: Тұрақты электр тогы | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Күні: Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу; | ||
Сабақ мақсаттары |
- Өткізгіштерді аралас жалғағанда әр бір резистордың ток күші мен кернеуін анықтай алу. | ||
Бағалау критерийлері |
-Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау кезіндегі заңдылық пен тізбек үшін Ом заңын пайдаланып, ток күші мен кернеуді дұрыс анықтайды. | ||
Тілдік мақсаттар | Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктіӊ ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштіӊ кедергісіне кері пропорционал. Кедергініӊ 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі қабылданған. Параллель жалғану кезінде..... Тізбектей жалғану кезінде.... | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | |
Сабақтың басы | 1. Ой қозғау. - Гирляндының бір шамы өшсе, неге барлығы өшіп қалады? - Үйде бір бөлменің шамының өшірсек, неге басқа бөлменің шамы өшпейді? - Егер кедергісі бар бірнеше өткізгіштер болса, тізбекте қандай құбылыс байқалуы мүмкін? Тапсырма 1. Әр оқушыға үш түтікшеден таратылады. Алдымен олар бір түтікшеге үрлейді. Содан соң оқушылар оларды бір-біріне жалғап, үрлейді. Кейін бөліп, үш түтікті қатарынан аузына салып үрлейді. Содан соң жүргізілген эксперимент бойынша қорытынды жасайды. Болуы мүмкін жауап: тізбектей жалғанған үш түтікке үрлеу, біреуге үрлегеннен қиынырақ. Ал үш параллель түтікке үрлеу, біреуге үрлегеннен оңайырақ. Осыдан қорытынды: бұл түтіктердің кедергісі оларды жалғау тәсіліне тәуелді. Оқушылардың ойларын сабақ тақырыбы және мақстымен байланыстыру. 2. Мақсатты болжау Оқушылармен бірге талқыланады. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу; | | |
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану 1) Жеке жұмыс «Кім жылдам» ойыны арқылы өзара байланысқан электр тізбектерді шешуде алғашқы сабақтағы теориялық білімдерін оқшылар практикада қолданады. Тізбек тақтада көрсетіледі Жауап: 1. 5 Ом; 2. 15 В; 3. 5А ; 4. 4А; 5. 12В 2) Сыныпқа жалпы тапсырма беріледі. Оқушылар өздігінен орындарында шығарады. Жауаптарын сыныппен талқылайды Тапсырма: Әр бір резистордың ток күші мен кернеуін анықтаңыз. (Жауабы: U4=8 B, I1=I2=I3=I4/3=2/3 A, U1=U2=U3=4 B, U5=U6=48 B, R5,6=2,4 Oм, I5=1,2 A, I6=0,8 A, I5,6=2 A) 3) Өткізгіштерді аралас жалғауда есптерді шығару алгоритімін құрастыру. Оқушылар қатар бойынша алгоритімді топпен талқылайды, жауаптарын постерге түсіріп ортаға іледі, реттілігін жалпы талданған сон, оқушылар дәптерлеріне жазып алады. Назарларын аудару:
| | |
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасын беру Тарау бойынша теориялық ақпаратты қайталау. | |