ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өнерің өрге жүзсін

« Асыл тасқа бітеді, өнер – білім жасқа бітеді» дейді дана халқымыз. Иә, осы нақыл сөздің астарында қаншама құпия, қаншама сыр жатыр. Қазынадай құнды қанатты сөзімнің теңіздей терең мағынасын аша түсетін «Рухани жаңғыру аясында» Көктал-Арасан орта мектебінің 4 сынып оқушысы Акра Асылжанның өнерлі еңбегінен бастағанды жөн көрдім. Асылжанның таланттылық, дарынды, шығармашыл, ізденімпаз қабілетінің жоғары екенін, 154 мемлекеттің желбіреген туларынан карта сызып, құрастырып, орналастырып жасаған шығармашылық жұмысынан байқауға болады.

Жарқын болашақтың бастауы бастауыштан басталатынын, кемел келешектің кепілі болып саналатынын айтқым келеді. Жеткіншектердің шығармашылыққа деген шабыттарын айқындай түсуіне жол ашу керек. Асылжан өнерің өрге жүзе берсін! Әрқашан алға ұмтылып, сенімді түрде тәуекел етіп, биік белестерден көрінетініңе сенімім мол.

Сынып жетекшісі: Ноғаева Құралай Тұрғанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі